Сұлтание ғимараттары
Сұлтание ғимараттары (парсыша: سلطانيه) — Әзери стилінде Иранның Занжан облысындағы ортағасырларда салынған кесене, ЮНЕСКОәлемдік мұра тізіміне енген. Бұл кесене - алты қырлы ғимарат. Оның ішкі диаметрі 26 м. Осы алты қырлы ғимараттың басы үшкір күмбезі шеңберлі қалыптың үстіне салынған. Жерден күмбездің ұшар басына дейінгі биіктік 54 м. Бұл кесененің ішкі бөлігі кафель және кірпішпен өрілген, кейіннен оның кейбір бөліктері алебастрмен сыланған. Бұл ғимараттың сыртқы беті қыш тақталар және кірпішпен өрілген. Ғимараттың ең батыл бастамасы оның сыртын қоршап тұрған тәж немесе кішкене сегіз мұнарадан тұратын шеңбер болып табылады. Сұлтание кесенесінде сегіз ашық дәліз бен 50 бөлме бар. Діни рәсімдер немесе әртүрлі мерекелер өткізілген уақытта ер адамдар төменгі қабатта, әйел адамдар ашық дәліздерде орналастырылған.

