Жаңалықтар

Захиредден Мұхамед Бабыр

  Захиредден Мұхамед Бабыр — өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы, ақын мен жазушы. 1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері — бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді. 1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді. Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды. Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы өзбектерге беріп қояды. Өзбектердің Бұқарды басып алуы самарқандықтардың үрейін ұшырады. Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады. Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады. Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі — Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді. Бабыр ғұламаның хатына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашыған болатын. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін таратып жібереді. Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады. Өзінің жеке басының асқан ерлік етуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай, өзбектерге өтіп кетіп жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл ханы — Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады. 1501 ж. қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда, шатыраш шаһы сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 ж. Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады. Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Мұхаммед Шайбани Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, Кундуз, Бадахшан Әмірлері өзара одақ құрады. Міне осы одаққа Бабыр да қосылады. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах тағайындалады. 1504 ж. шілдеде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектерден қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани Бұқардан Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды. 1506 ж. көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей, Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі. 1507 ж. мамырда Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның елордасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді… Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 ж. Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 ж. қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Иран әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады. Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі. Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, «Тарихи-Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді. Сөйтіп 1511 ж. Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады. Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, Исмаил шахтың аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан самарқандықтардың көңілін суытты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы Иран әскерлерін таратып жібереді. Міне Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер тағы да пайдаланып, 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исмаил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген өзбектер Мауреннахрға қайтып кетеді. 1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастаған 60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбіт халақты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ өзбектер бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған өзбек әскерлеріне еш шара қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы да жеңіліске ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның офицерлері қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді. Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірбиесі, өзбектермен ұрыста алған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс тактикасын жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғұлдар империясы» мағынасы (Аспан адамдары) аталған үлкен мемлекет құрылды. Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті. Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын — Мауреннахрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды
05.12.2012 08:09 3608

 

Захиредден Мұхамед Бабыр — өзбек және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы, ақын мен жазушы.

1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері — бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді.

1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді.

Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.

Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы өзбектерге беріп қояды.

Өзбектердің Бұқарды басып алуы самарқандықтардың үрейін ұшырады. Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады.

Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады.

Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі — Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді.

Бабыр ғұламаның хатына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашыған болатын. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін таратып жібереді.

Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты. Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады.

Өзінің жеке басының асқан ерлік етуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай, өзбектерге өтіп кетіп жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғұл ханы — Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады.

1501 ж. қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда, шатыраш шаһы сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 ж. Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады.

Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Мұхаммед Шайбани Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, Кундуз, Бадахшан Әмірлері өзара одақ құрады. Міне осы одаққа Бабыр да қосылады. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах тағайындалады. 1504 ж. шілдеде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектерден қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани Бұқардан Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды.

1506 ж. көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей, Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі.

1507 ж. мамырда Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның елордасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді… Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 ж. Исмаил Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 ж. қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Иран әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.

Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі. Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, «Тарихи-Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді. Сөйтіп 1511 ж. Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.

Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, Исмаил шахтың аты да қосыла оқылады. Міне осы жағдай Бабырдан самарқандықтардың көңілін суытты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы Иран әскерлерін таратып жібереді.

Міне Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер тағы да пайдаланып, 1512 жылы Мауреннахрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исмаил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген өзбектер Мауреннахрға қайтып кетеді.

1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастаған 60 мың кісілік Иран әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбіт халақты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ өзбектер бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, өзбектер бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған өзбек әскерлеріне еш шара қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы да жеңіліске ұшырайды. Иранның әскер басы Нәжімсани мен оның офицерлері қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді.

Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірбиесі, өзбектермен ұрыста алған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістанға жорыққа Бабыр 14 жыл әзірленеді. Осы жылдардың ішінде ол армияны қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс тактикасын жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын шебер меңгерген болатын. Міне осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде «Ұлы моғұлдар империясы» мағынасы (Аспан адамдары) аталған үлкен мемлекет құрылды.

Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті.

Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген Отанын — Мауреннахрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыратын күрес жүргізді. Мәселен, Ибрагим Лолидің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға