Жаңалықтар

Ақбұлақ соғысы

    Ақбұлақ соғысы, Қиыл қырғыны — 1836-38 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқас.    Көтерілістің бастауы   1838 жылы қуғын көріп, тайсойған құмындағы кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген ауылын құпия түрде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай, жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, Бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне, жергілікті билеушілерге наразы азаматтармен сөз байласып, қол жия бастайды. Көтерілісшілердің ізінен көз жазып қалған патша әкімшілігі Исатайдың қайда қыстағанын анықтамақ болғанымен, бір-біріне қарама-қайшы сан алуан деректерден шатасады. Ел іші жіберілген тыңшылар арқылы Исатайдың 5 наурызда Жемге беттегенін естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерге қарсы арнайы топ құрады, оның басшысы қанішер қатігездігімен аты шыққан полковник Даниловский болады. Жансыздар арқылы Исатайдың әр қадамын бақылап отыру Баймағамбет сұлтан Айшуақұлына тапсырылады. Ол патша әкімшілігіне жолдаған ақпарында: «17 маусымда 3000 адамнан құралған көтерілісшілер Жем өзеңінің жағалауындағы Көкпекті жазығында жиын өткізді» деп хабарлайды. Осы жиында Исатай батыр мен Қайыпқали сұлтан сөз сөйлеп, халықты патшындарға көтерілісшілерге қарсы қол жиюды міндеттейді. Жағдайды қадағалап отырған Орынбор генерал-губернаторы Сағыз, Ойыл алабына беттеген Исатай жасағына қарсы жазалаушы отряд шығару туралы жарлық шығарады. Отрядқа басшы етіп Исатайға қарсы соғыста тәжірибе жинақтаған полковник К.К.Гекені тағайындайды. Геке әскерінің құрамында Орынбор тұрақты полкі (250 адам), Елек казак-орыстары (50 адам), Орал казак-орыс полкі (100), жаяу әскер бөлімі (50), артиллерия бөлімі (2 зеңбірек) және әскери-шаруашылық бөлімі болды. Қобда, Қиыл арқылы жүріп отырып, 10 шілде күні кешкі сағат 7-де жазалаушы отряд Ешкіқырған өзенінде Баймағамбет жасағымен тоғысады. Содан олар түні бойы 50 км жол жүріп, Ақбұлақ өзенінің Қарағанды арнасына қосылып, Қиылға құятын құлшасына жетеді. Таңсәріде осы адырлы қуысқа, Суықбұлақтағы Баймағамбет ауылын шабуға беттеген көтерілісшілердің жолына бекініс құрады.   Ішкі қайшылық   Шілде айының басында Ойылға 3000 қолмен жеткен көтерілісшілердің күн өткен сайын қатары сирей береді. Шілденің 5-6-сы күні Кіші жүзге хан болудан үміткер Қайыпқали сұлтан Исатаймен келісе алмай, әскерін таратып жібереді. Шекті назар руының басшысы Жүсіп би Құланұлы да кетіп қалады. Көтеріліс басшынары қатты сеніп, көмек күткен табын Жоламан Тіленшіұлы Ырғыздан бері шыққанымен, жолшыбай шекаралық бекіністерге шабуын жасап, кешігіп жатады. Ал 400 жігіт жиып, ұрысқа бел буған Асау Барақұлы аяқ асты айнып қалады. Алдын ала Исатаймен келісіп, сөз байласқан тілеуқабақ Есет Көтібарұлыда шешуші сәтте төбе көрсетпейді.   Қанды шайқас   Ақырында, 11 шілдеде Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен мұздай қаруланған Геке отряды мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып отырғанын біле тұра, Исатай кері шегінбейді, тайсалмастан шабуылға шығады. Өйткені, кері шегіну өлімге пара-пар еді: біріншіден, қансоқты жорықтан қалжырап, бастары іри бастаған көтерілісшілер тарап кетеді, екіншіден, осы жолы бетін қайтармаса, жасанған жазалаушылар отряды Исатайдың соңына түсіп, жазықсыз елді қырғынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан Исатай өзіне сеніп, қоддап-қол - паштаған елін қырғынға душар етіп, қарғыс естігеннен гөрі ата жауымен алысып өлуді абырой санайды. Әуелі АқБұлақтың арғы бетіне бекінген отрядқа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Геке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді. Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Геке отряды бекіністе қалын, Баймағамбет қарауындағы казак-орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғыдары- майтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мүндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак-орыстар сасып қалып, кері қашқанда опыр-топыр болады. Жұлдызша аққан Исатай жігітгері оларды жайпап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылады. Қашқандар жарқабақтан секіріп, ат жалдап арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак-орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңдыздап шыға келеді. Бетпе-бет шайқас басталады да, еті қызған Исатай сарбаздары оларды да жайпап өтеді. Ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жәңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км-ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак-орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады. Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек-кезек көлденең тартқанымен «ат көтіне мінгесіп қашты деген әсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі пистолетпен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак-орыстардың 8-ін әлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойнының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста шейіт болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады. Екі жақтан біраз адам шығын болады, бірақ олардың нақты саны ресми дерекгерде әр түрлі көрсегтілген. Хас батырлық пен қайсарлықтың үлгісіндей осы шайқас уақиғасы туралы қарсы соғысқан полковник Гекенің өзі «Исатай көзсіз батырлығының құрбаны болды» десе, тарихшы А.Ф.Рязанов «Исатай Тайманұлы қазақ халқының ұлттық батыры» деп бағалады. Осы соғыста қаза тапқан көтерілісшілердің мүрдесі «Шейітсайға» жерленген. Жергілікті жұрт оны «Қырғын мола» деп атайды.  
05.12.2012 08:02 8960

 

 
Ақбұлақ соғысы, Қиыл қырғыны — 1836-38 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқас. 
 
Көтерілістің бастауы
 
1838 жылы қуғын көріп, тайсойған құмындағы кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген ауылын құпия түрде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай, жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, Бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне, жергілікті билеушілерге наразы азаматтармен сөз байласып, қол жия бастайды. Көтерілісшілердің ізінен көз жазып қалған патша әкімшілігі Исатайдың қайда қыстағанын анықтамақ болғанымен, бір-біріне қарама-қайшы сан алуан деректерден шатасады. Ел іші жіберілген тыңшылар арқылы Исатайдың 5 наурызда Жемге беттегенін естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерге қарсы арнайы топ құрады, оның басшысы қанішер қатігездігімен аты шыққан полковник Даниловский болады. Жансыздар арқылы Исатайдың әр қадамын бақылап отыру Баймағамбет сұлтан Айшуақұлына тапсырылады. Ол патша әкімшілігіне жолдаған ақпарында: «17 маусымда 3000 адамнан құралған көтерілісшілер Жем өзеңінің жағалауындағы Көкпекті жазығында жиын өткізді» деп хабарлайды. Осы жиында Исатай батыр мен Қайыпқали сұлтан сөз сөйлеп, халықты патшындарға көтерілісшілерге қарсы қол жиюды міндеттейді. Жағдайды қадағалап отырған Орынбор генерал-губернаторы Сағыз, Ойыл алабына беттеген Исатай жасағына қарсы жазалаушы отряд шығару туралы жарлық шығарады. Отрядқа басшы етіп Исатайға қарсы соғыста тәжірибе жинақтаған полковник К.К.Гекені тағайындайды. Геке әскерінің құрамында Орынбор тұрақты полкі (250 адам), Елек казак-орыстары (50 адам), Орал казак-орыс полкі (100), жаяу әскер бөлімі (50), артиллерия бөлімі (2 зеңбірек) және әскери-шаруашылық бөлімі болды. Қобда, Қиыл арқылы жүріп отырып, 10 шілде күні кешкі сағат 7-де жазалаушы отряд Ешкіқырған өзенінде Баймағамбет жасағымен тоғысады. Содан олар түні бойы 50 км жол жүріп, Ақбұлақ өзенінің Қарағанды арнасына қосылып, Қиылға құятын құлшасына жетеді. Таңсәріде осы адырлы қуысқа, Суықбұлақтағы Баймағамбет ауылын шабуға беттеген көтерілісшілердің жолына бекініс құрады.
 
Ішкі қайшылық
 
Шілде айының басында Ойылға 3000 қолмен жеткен көтерілісшілердің күн өткен сайын қатары сирей береді. Шілденің 5-6-сы күні Кіші жүзге хан болудан үміткер Қайыпқали сұлтан Исатаймен келісе алмай, әскерін таратып жібереді. Шекті назар руының басшысы Жүсіп би Құланұлы да кетіп қалады. Көтеріліс басшынары қатты сеніп, көмек күткен табын Жоламан Тіленшіұлы Ырғыздан бері шыққанымен, жолшыбай шекаралық бекіністерге шабуын жасап, кешігіп жатады. Ал 400 жігіт жиып, ұрысқа бел буған Асау Барақұлы аяқ асты айнып қалады. Алдын ала Исатаймен келісіп, сөз байласқан тілеуқабақ Есет Көтібарұлыда шешуші сәтте төбе көрсетпейді.
 
Қанды шайқас
 
Ақырында, 11 шілдеде Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен мұздай қаруланған Геке отряды мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып отырғанын біле тұра, Исатай кері шегінбейді, тайсалмастан шабуылға шығады. Өйткені, кері шегіну өлімге пара-пар еді: біріншіден, қансоқты жорықтан қалжырап, бастары іри бастаған көтерілісшілер тарап кетеді, екіншіден, осы жолы бетін қайтармаса, жасанған жазалаушылар отряды Исатайдың соңына түсіп, жазықсыз елді қырғынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан Исатай өзіне сеніп, қоддап-қол - паштаған елін қырғынға душар етіп, қарғыс естігеннен гөрі ата жауымен алысып өлуді абырой санайды. Әуелі АқБұлақтың арғы бетіне бекінген отрядқа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Геке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді. Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Геке отряды бекіністе қалын, Баймағамбет қарауындағы казак-орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғыдары- майтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мүндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак-орыстар сасып қалып, кері қашқанда опыр-топыр болады. Жұлдызша аққан Исатай жігітгері оларды жайпап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылады. Қашқандар жарқабақтан секіріп, ат жалдап арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак-орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңдыздап шыға келеді. Бетпе-бет шайқас басталады да, еті қызған Исатай сарбаздары оларды да жайпап өтеді. Ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жәңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км-ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак-орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады. Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек-кезек көлденең тартқанымен «ат көтіне мінгесіп қашты деген әсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі пистолетпен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак-орыстардың 8-ін әлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойнының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста шейіт болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады. Екі жақтан біраз адам шығын болады, бірақ олардың нақты саны ресми дерекгерде әр түрлі көрсегтілген. Хас батырлық пен қайсарлықтың үлгісіндей осы шайқас уақиғасы туралы қарсы соғысқан полковник Гекенің өзі «Исатай көзсіз батырлығының құрбаны болды» десе, тарихшы А.Ф.Рязанов «Исатай Тайманұлы қазақ халқының ұлттық батыры» деп бағалады. Осы соғыста қаза тапқан көтерілісшілердің мүрдесі «Шейітсайға» жерленген. Жергілікті жұрт оны «Қырғын мола» деп атайды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға