Жаңалықтар

Естай – Қорлан

  Естай – Қорлан. Маралды облысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған “Хорлан” әні көпшілікке жақсы мәлім. Бұл әннің шығу тарихы мынадай: Ертіс өңірінде Ақкөл ауылынан елу шақырым жерде Сүлеймен дегенбай өзінің малын ұстайды. Оның ұлы Шошанның қалыңдығы Маралдыдан болған. Қалыңдығы мен оның ата-анасын , көру үшін Шошан бірнеше атты Естайға беріп, оның қасына осы сапарда дос немесе серіктес ғана емес, үлкен рудың құрметті әншісі ретінде еруін сұрайды. Естай шақыруды қуанышпен қабылдайды. Шошанның қалыңдығының үйі Сұлтан ауылында болады. Күйеу жігіттің құрметіне барлық ауылдардан жігіттер мен қыздар жиналады. Дәстүрлі көңілді ойын-сауық басталады. Жастардың арасында Сұлтанның қыздары Хұсни мен Хорлан да бар еді. Өте сәнді киінген, басқа ақындар мен әншілерге ұқсамайтын Естай Хорланға бірден ұнайды. Естайға қыз да ұнайды. Қыз бен жігіт оңаша қалған сәтте, бір-біріне сүйетіндіктерін білдіреді. Хорлан айттырылып қойылғандықтан, үйлену туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Сондықтан, Естай қызды ұрлауға бел байлайды. Қыздың келісімін алған Естай туған ауылы Ақкөлге келіп, достарымен, туғандарымен ақылдасады. Достары оны қуанышпен қолдайды. Бір жыл өткен соң әнші өзінің досымен Маралдыға қайта келеді. Естай көрші ауылда қонақ бола отырып, Хорланға адам жібереді, бірақ қызға үйінен кетуге мүмкіндік болмайды. Жастардың ойлағаны туралы барлығына белгілі болады. Ашу кернеген әкесі қыз атастырылған жаққа жаушы жіберіп, “ақысы төленген” қалыңдықты алып кетулерін талап етеді. Асығыс той жасалып, Хорлан өз тағдырына мойынсұнып, алыс ауылға келін болып кетеді. Естай көзі жұмылғанша Хорланды ұмыта алмайды. Өзінің өмірлік қайғысы, орындалмаған арманы жөнінде ол атақты “Хорлан” әнін шығарады. Естай жастық махаббатына берік, адал болады. Ол ұзақ жылдар сынауынан өтеді. Алпыс жеті жасқа келген Естай “Хорлан” әнін ерекше толғаныспен орындайды. Домбыраны қолына алған ол ұзақ үнсіздіктен соң, көзінен аққан жасын сүртіп, сосын ойнай бастайды, - дейді көзі көргендер, - “Домбыра шегін ол бос қоятын, сол себепті дыбыс та төмен, аса қайғылы, тұншығып шықты. Оның әні жылдар сынағынан өткен нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы болады. Әншінің қолындағы үлкен, алтын сақина болатын. Естай оны, “Хорланнан қалған естелік” деп ерекше бағалаған.
05.12.2012 07:58 18006

 

Естай – Қорлан. Маралды облысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған “Хорлан” әні көпшілікке жақсы мәлім. Бұл әннің шығу тарихы мынадай: Ертіс өңірінде Ақкөл ауылынан елу шақырым жерде Сүлеймен дегенбай өзінің малын ұстайды. Оның ұлы Шошанның қалыңдығы Маралдыдан болған. Қалыңдығы мен оның ата-анасын , көру үшін Шошан бірнеше атты Естайға беріп, оның қасына осы сапарда дос немесе серіктес ғана емес, үлкен рудың құрметті әншісі ретінде еруін сұрайды. Естай шақыруды қуанышпен қабылдайды. Шошанның қалыңдығының үйі Сұлтан ауылында болады. Күйеу жігіттің құрметіне барлық ауылдардан жігіттер мен қыздар жиналады. Дәстүрлі көңілді ойын-сауық басталады. Жастардың арасында Сұлтанның қыздары Хұсни мен Хорлан да бар еді. Өте сәнді киінген, басқа ақындар мен әншілерге ұқсамайтын Естай Хорланға бірден ұнайды. Естайға қыз да ұнайды. Қыз бен жігіт оңаша қалған сәтте, бір-біріне сүйетіндіктерін білдіреді. Хорлан айттырылып қойылғандықтан, үйлену туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Сондықтан, Естай қызды ұрлауға бел байлайды. Қыздың келісімін алған Естай туған ауылы Ақкөлге келіп, достарымен, туғандарымен ақылдасады. Достары оны қуанышпен қолдайды. Бір жыл өткен соң әнші өзінің досымен Маралдыға қайта келеді. Естай көрші ауылда қонақ бола отырып, Хорланға адам жібереді, бірақ қызға үйінен кетуге мүмкіндік болмайды. Жастардың ойлағаны туралы барлығына белгілі болады. Ашу кернеген әкесі қыз атастырылған жаққа жаушы жіберіп, “ақысы төленген” қалыңдықты алып кетулерін талап етеді. Асығыс той жасалып, Хорлан өз тағдырына мойынсұнып, алыс ауылға келін болып кетеді. Естай көзі жұмылғанша Хорланды ұмыта алмайды. Өзінің өмірлік қайғысы, орындалмаған арманы жөнінде ол атақты “Хорлан” әнін шығарады.

Естай жастық махаббатына берік, адал болады. Ол ұзақ жылдар сынауынан өтеді. Алпыс жеті жасқа келген Естай “Хорлан” әнін ерекше толғаныспен орындайды. Домбыраны қолына алған ол ұзақ үнсіздіктен соң, көзінен аққан жасын сүртіп, сосын ойнай бастайды, - дейді көзі көргендер, - “Домбыра шегін ол бос қоятын, сол себепті дыбыс та төмен, аса қайғылы, тұншығып шықты. Оның әні жылдар сынағынан өткен нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы болады. Әншінің қолындағы үлкен, алтын сақина болатын. Естай оны, “Хорланнан қалған естелік” деп ерекше бағалаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға