Сүлеймен І
Ұлы I Сүлеймен (Османлы түрікшесі: سليمانا اول, түр. Birinci Süleyman, Kanuni Sultan Süleyman (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 5/6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды. Сүлеймен XVI ғасырдағы Еуропаның ең танымал монархы, әскери істердің қолбасшысы және Осман империясының ең көрнекті ханы болып табылады. Сүлеймен христиандық Еуропаға қарсы жорықтарды өзі басқарған.

