Жаңалықтар

ҚАЗАҚ АСТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ АСТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғыл.-тех. прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме. ҚР А. ш. мин-лігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғыл.-зерт. ин-тының Қазақ бөлімшесі болып 1958 ж. Целиноград (қазіргі Астана) қ-нда құрылған. 2002 жылдан Астық ш-н механикаландыру ғыл.-өндірістік орталығына қарасты мемл. еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003). Ин-ттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғыл.-тех. прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру. Негізгі ғыл. бағыттары: жиналған астықты өңдеу, ұқсату техникасы мен технологиясын және астық сапасын бағалауды жетілдіру, астық өңдеуге қажетті арнаулы жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, қолданылып жүрген жабдықтарды жетілдіру; шағын қуатты диірмендер жасау; Қазақстанда өсірілетін астықтың сапасын зерттеу, оның технол. және тағамдық қасиеттерін бағалау; өсімдік ш-ның диверсификациясына (өзгеруіне) орай, республика аймақтарының нақты жағдайларына бейімдеп, астық дақылдарын қайта өңдеу технологиясын жасаудың теор. негіздерін әзірлеу; астық және оның өнімдерін микроорганизмдермен (олардың метаболиттерімен) араласуын (контаминация) анықтау бойынша экспресс тәсілдерді жасау және негізгі дақылдардың дәндері мен оның өнімдерін микробиол. ластанудан сақтандыру және микротоксиндерді залалсыздандыру; биотехнология үшін маңызды микроорганизмдер штаммдарының бірегей коллекциясын жиыстырып, оларды сақтау тәсілдерін әзірлеу. Ин-т бір технол. Оралым барысында кез келген дәрежедегі астық дәнін кептіріп әрі оны өзге қоспалардан тазартып шығаратын «Целинная» дән кептіргішін жасады. Оның 40-тан астам түрлері республиканың кәсіпорындарында өндіріске енгізілді. Астық қоймаларында атқарылатын жұмыстарды кешенді механикаландыру мақсатында аэрогравитациялық және аэродинамик. құрылғылардың сериясы әзірленіп, іске қосылды. Астық дәніндегі белоктық затты (клейковина) ажыратуға арналған МОК-1 және МОК-2 құралдары, астық сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл сәулелік талдағыш жасалды.  
05.12.2012 07:55 6904

ҚАЗАҚ АСТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғыл.-тех. прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме. ҚР А. ш. мин-лігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғыл.-зерт. ин-тының Қазақ бөлімшесі болып 1958 ж. Целиноград (қазіргі Астана) қ-нда құрылған. 2002 жылдан Астық ш-н механикаландыру ғыл.-өндірістік орталығына қарасты мемл.
еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003). Ин-ттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғыл.-тех. прогресті жеделдетуге
бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру. Негізгі ғыл. бағыттары: жиналған астықты өңдеу, ұқсату техникасы мен технологиясын және астық сапасын бағалауды жетілдіру, астық өңдеуге қажетті арнаулы жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, қолданылып жүрген жабдықтарды жетілдіру; шағын қуатты диірмендер жасау; Қазақстанда өсірілетін астықтың сапасын зерттеу, оның технол. және тағамдық қасиеттерін бағалау; өсімдік ш-ның диверсификациясына (өзгеруіне) орай, республика аймақтарының нақты жағдайларына бейімдеп, астық дақылдарын қайта өңдеу технологиясын жасаудың теор. негіздерін әзірлеу; астық және оның өнімдерін микроорганизмдермен (олардың метаболиттерімен) араласуын (контаминация) анықтау бойынша экспресс тәсілдерді жасау және негізгі дақылдардың дәндері мен оның өнімдерін микробиол. ластанудан сақтандыру және микротоксиндерді залалсыздандыру; биотехнология үшін маңызды микроорганизмдер штаммдарының бірегей коллекциясын жиыстырып, оларды сақтау тәсілдерін әзірлеу. Ин-т бір технол. Оралым
барысында кез келген дәрежедегі астық дәнін кептіріп әрі оны өзге қоспалардан тазартып шығаратын «Целинная» дән кептіргішін жасады. Оның 40-тан астам түрлері республиканың кәсіпорындарында өндіріске енгізілді. Астық қоймаларында атқарылатын жұмыстарды кешенді механикаландыру мақсатында аэрогравитациялық және аэродинамик. құрылғылардың сериясы әзірленіп, іске қосылды. Астық дәніндегі белоктық затты (клейковина) ажыратуға арналған МОК-1 және МОК-2 құралдары, астық сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл сәулелік талдағыш жасалды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға