Жаңалықтар

Аэростат

Аэростат (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) — ауадан жеңіл ұшу аппараты. Оның кетерілу күші қабыққа (баллонға) үрленген, атмосфералық ауаға қарағанда жеңіл газ (сутегі, гелий, жылытылған ауа) арқылы жасалады. Аэростат еркін ұшатын (басқарылатын немесе басқарылмайтын) және байлаулы болып бөлінеді. Басқарылатын Аэростатқа дирижабльдер жатады. Соғыс мақсаты үшін еркін ұшатын (экипажбен ұшатын, автоматтық радиозондтар, ұшкышшарлар және т.б.) және байлаулы Аэростаттар, атап айтқанда, артиллерия атысын дәлдеу, әуе кедергілерін жасауға арналған аэростаттар қолданылады. Стратосфераға ұшыру үшін қолданылатын аэростатты стратостаттар деп атайды. Аэростат ( қарапайым түрде әуе шары) - ауадан жеңіл ұшу аппараты, газ қабықшаларында жасалған көтергіш күшті ұшу үшін пайдаланатын ( немесе қыздырылған ауаны) тығыздылығы қоршаған ортаның тығыздылығынан әлдеқайда төмен болып келеді ( Архимед заңы бойынша). Тарихы Аэростаттар тарихы 200 жылдай уақытты қамтиды. Ауада ұшу тарихы Францияда, Монгольфье атты ағайындылардың 1783 ж. жылы ауамен толтырылған әуе шарында ұшқаннан бері бастау алады. олардың атымен кейде жылулық аэростаттарын - монгольфьер деп атайды. Газдық аэростат профессор Шарльдің айтуы бойынша, сутегімен толтырылған әуе шары - шарльер деп аталады. Қазіргі заманғы аэростаттар өте қауіпсіз әрі сенімді болып келеді. Олар қазіргі таңда көптеген жағдайлар үшін пайдаланылады. Байлаулы аэростаттар жарнама түрінде өте кең түрде пайдалануда. Байлаулы аэростат негізінде "Аэрофлит" атты аттракцион пайда болды. Ол келушілерді 150-200 м. биіктікке көтереді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында олар көптеген қалаларды қорғап қалған аппарат еді. Аэростат пен жаудың самолетінің соқтығысуы барысында, аэростат олардың барлығын өзіне байлаулы болған арнайы жарылғыш заттар көмегімен жойған болатын. Сондықтан, жаудың самолеттеріне өте үлкен биіктікте ұшуға тура келді, ал бұл өз кезегінде оларға бағыт алуға кедергі келтірді. Бұл әдісті өз кезегінде Британдықтар жақсы пайдаланған еді, дегенмен олар жауап ретінде Германия ол аэростаттарды құртатын өте оңай әдіс ойлап табады. Олар С-пішінді құрылғыларды самолеттің қанатына орналастырып, оның көмегімен аэростаттармен соқтығысқан жағдайда, оларды іске келтіріп жойған еді. Британдықтар да осындай типтес құрылғыны пайдаланған болатын, бірақ Германия соншалықты көп көлемде аэростатттарды колданбады. Осыған байланысты, соғыста өзге құрылғыларды ойлап табуға тура келді. Типтері Оларды байлаулы, жеңіл ұшатын және қозғалтқыштары бар - дирижабльдер деп бөледі. Толтыру типіне сәйкес оларды: • газдық - шарльерлер; • жылулық - монголфьерлер; • комбинированды - розьерлер деп қарастырады. Шарльерлерді толтыру үшін сутегі мен жарық бергіш газды пайдаланатын; бірақ бұл газдар жанармай сияқты, олардың ауамен байланысы өрт тудыруы мүмкін, сондықтан осындай газбен толтырылған аэростатта ұшу бір жағынан қауіпті болғандықтан, қазіргі кезде оның орнына оқшау гелий қолдануда. Гелийдің бас кемшілігi тек оның тым қымбат тұруында деуге болады. Монголфьерлерде қыздырылған ауа қолданылады. Аэростаттар алғашқы рет адам баласына ауаға көтерілу мүмкіншілігін сыйлаған болса, кейін стратосфераға көтерілуді де қамтамасыз етті. Ресейде атмосфераны зерттеу мақсатымен ең алғашқы рет аэростатпен ұшуды ұйымдастырған адам - А.М.Кованько болды. Оны қолданудың негізгі бағыттары ретінде - жүйелерді ауаға байланыс, видео бақылау және метео мағлұматтарды алу үшін керек болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде аэростаттарды қалаларды, өндірістік аудандарды, әскери-теңіз базаларын және т.б. объектілерді ауадан шабуылдау қаупінен қорғады. Сонымен қатар, оларды жаулардың самолеттері өте үлкен биіктікте ұшып, қалаларды бомбалау қаупінен қорғау үшін де пайдаланған[4]. Аэростат түрлері Аэростаттар жеңіл, яғни жеңіл ұша алатын және байлаулы ( жылан типтес), яғни колмен немесе байлап тұратын болып бөлінеді. • Гелийлік аэростаттар Мұндай аэростаттардың көтергіш күштері гелиймен толтырылады, ол герметикалық қабықшада орналасады. Гелийлік аэростаттар жарнамалық немесе безендірушілік мақсаттарында қолданылады. Ақпарат аэростаттың сыртқы қабықшасына, ауыстырылатын еніне немесе туына салынуы мүмкін. • Жылулық аэростаттар ( әуе шарлары) Жылулық аэростаттар кез-келген жарнамалық, спорттық, мерекелік шоуды ұмытылмастай және әдемі етіп, көрмені, фирманың презентациясын безендіру немесе әдемі де көне жерлерге ауамен ұшу сияқты қызметтерді атқарады. Жарнамалық аэростаттар бөлмеде немесе далада да қолданылады. Әсіресе мерекелер мен жарнамаларын жиі ауыстыратын акциялар үшін пайдаланылады. Сфера және тамшы формалы аэростаттар өздерін 7 м/с шамасында, ал сигар формалы аэростаттар желде 15 м/с шамасында тұрақты істейді.  
05.12.2012 07:48 10819

Аэростат (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) — ауадан жеңіл ұшу аппараты. Оның кетерілу күші қабыққа (баллонға) үрленген, атмосфералық ауаға қарағанда жеңіл газ (сутегі, гелий, жылытылған ауа) арқылы жасалады. Аэростат еркін ұшатын (басқарылатын немесе басқарылмайтын) және байлаулы болып бөлінеді. Басқарылатын Аэростатқа дирижабльдер жатады. Соғыс мақсаты үшін еркін ұшатын (экипажбен ұшатын, автоматтық радиозондтар, ұшкышшарлар және т.б.) және байлаулы Аэростаттар, атап айтқанда, артиллерия атысын дәлдеу, әуе кедергілерін жасауға арналған аэростаттар қолданылады. Стратосфераға ұшыру үшін қолданылатын аэростатты стратостаттар деп атайды.

Аэростат ( қарапайым түрде әуе шары) - ауадан жеңіл ұшу аппараты, газ қабықшаларында жасалған көтергіш күшті ұшу үшін пайдаланатын ( немесе қыздырылған ауаны) тығыздылығы қоршаған ортаның тығыздылығынан әлдеқайда төмен болып келеді ( Архимед заңы бойынша).

Тарихы
Аэростаттар тарихы 200 жылдай уақытты қамтиды. Ауада ұшу тарихы Францияда, Монгольфье атты ағайындылардың 1783 ж. жылы ауамен толтырылған әуе шарында ұшқаннан бері бастау алады. олардың атымен кейде жылулық аэростаттарын - монгольфьер деп атайды. Газдық аэростат профессор Шарльдің айтуы бойынша, сутегімен толтырылған әуе шары - шарльер деп аталады. Қазіргі заманғы аэростаттар өте қауіпсіз әрі сенімді болып келеді. Олар қазіргі таңда көптеген жағдайлар үшін пайдаланылады. Байлаулы аэростаттар жарнама түрінде өте кең түрде пайдалануда. Байлаулы аэростат негізінде "Аэрофлит" атты аттракцион пайда болды. Ол келушілерді 150-200 м. биіктікке көтереді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында олар көптеген қалаларды қорғап қалған аппарат еді. Аэростат пен жаудың самолетінің соқтығысуы барысында, аэростат олардың барлығын өзіне байлаулы болған арнайы жарылғыш заттар көмегімен жойған болатын. Сондықтан, жаудың самолеттеріне өте үлкен биіктікте ұшуға тура келді, ал бұл өз кезегінде оларға бағыт алуға кедергі келтірді. Бұл әдісті өз кезегінде Британдықтар жақсы пайдаланған еді, дегенмен олар жауап ретінде Германия ол аэростаттарды құртатын өте оңай әдіс ойлап табады. Олар С-пішінді құрылғыларды самолеттің қанатына орналастырып, оның көмегімен аэростаттармен соқтығысқан жағдайда, оларды іске келтіріп жойған еді. Британдықтар да осындай типтес құрылғыны пайдаланған болатын, бірақ Германия соншалықты көп көлемде аэростатттарды колданбады. Осыған байланысты, соғыста өзге құрылғыларды ойлап табуға тура келді.

Типтері
Оларды байлаулы, жеңіл ұшатын және қозғалтқыштары бар - дирижабльдер деп бөледі. Толтыру типіне сәйкес оларды:
• газдық - шарльерлер;
• жылулық - монголфьерлер;
• комбинированды - розьерлер деп қарастырады.

Шарльерлерді толтыру үшін сутегі мен жарық бергіш газды пайдаланатын; бірақ бұл газдар жанармай сияқты, олардың ауамен байланысы өрт тудыруы мүмкін, сондықтан осындай газбен толтырылған аэростатта ұшу бір жағынан қауіпті болғандықтан, қазіргі кезде оның орнына оқшау гелий қолдануда. Гелийдің бас кемшілігi тек оның тым қымбат тұруында деуге болады. Монголфьерлерде қыздырылған ауа қолданылады.

Аэростаттар алғашқы рет адам баласына ауаға көтерілу мүмкіншілігін сыйлаған болса, кейін стратосфераға көтерілуді де қамтамасыз етті. Ресейде атмосфераны зерттеу мақсатымен ең алғашқы рет аэростатпен ұшуды ұйымдастырған адам - А.М.Кованько болды. Оны қолданудың негізгі бағыттары ретінде - жүйелерді ауаға байланыс, видео бақылау және метео мағлұматтарды алу үшін керек болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде аэростаттарды қалаларды, өндірістік аудандарды, әскери-теңіз базаларын және т.б. объектілерді ауадан шабуылдау қаупінен қорғады. Сонымен қатар, оларды жаулардың самолеттері өте үлкен биіктікте ұшып, қалаларды бомбалау қаупінен қорғау үшін де пайдаланған[4].

Аэростат түрлері
Аэростаттар жеңіл, яғни жеңіл ұша алатын және байлаулы ( жылан типтес), яғни колмен немесе байлап тұратын болып бөлінеді.
• Гелийлік аэростаттар
Мұндай аэростаттардың көтергіш күштері гелиймен толтырылады, ол герметикалық қабықшада орналасады. Гелийлік аэростаттар жарнамалық немесе безендірушілік мақсаттарында қолданылады. Ақпарат аэростаттың сыртқы қабықшасына, ауыстырылатын еніне немесе туына салынуы мүмкін.
• Жылулық аэростаттар ( әуе шарлары)

Жылулық аэростаттар кез-келген жарнамалық, спорттық, мерекелік шоуды ұмытылмастай және әдемі етіп, көрмені, фирманың презентациясын безендіру немесе әдемі де көне жерлерге ауамен ұшу сияқты қызметтерді атқарады.


Жарнамалық аэростаттар бөлмеде немесе далада да қолданылады. Әсіресе мерекелер мен жарнамаларын жиі ауыстыратын акциялар үшін пайдаланылады. Сфера және тамшы формалы аэростаттар өздерін 7 м/с шамасында, ал сигар формалы аэростаттар желде 15 м/с шамасында тұрақты істейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға