Жаңалықтар

Фракия

Тарихи аймақ ФРАКИЯ — Балкан түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан тарихи аймақ. Ежелгі заманда бұл өңірде антикалық Фракия мемлекеті құрылды. 46 жылы Фракия Рим провинциясына айналып, 395 жылдан Византия империясыныңқұрамына кірді. 6 ғасырда Фракияны славяндар мекендеді. Бірінші Болгар патшалығы (680 — 1018) кезінде Фракия аумағы ішінара оның құрамына қосылды. 1204 жылдан бастап біраз уақыт Латын империясына кірді. 15 ғ-дан Осман Сұлтандығы қол астында болды. Берлин конгресі шешімімен (1878) Фракияның бір бөлігі Шығыс Румелияға қосылды. Бірінші Балкан соғысынан (1912 — 13) кейін, Лондон бітім шарты (1913) бойынша Фракия аумағы түгел дерлік Болгарияға қосылды. Бірақ Екінші Балкан соғысынан кейін Бухарест бітім шарты (1913) бойынша Батыс Фракияның бір бөлігі Грекияға берілді. Константинополь бітім шарты (1913) бойынша Шығыс ФракияТүркияға ауысты. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Батыс Фракияның бір бөлігі Грекияға ауысып, Севр бітім шарты (1920) бойынша Грекияға Шығыс Фракия Адрианополь қ-мен қоса берілді. Лозанна бітім шартына (1923) сәйкес Шығыс Фракия Андрианопольмен қоса Түркияның қол астына көшті, Батыс Фракия Грекияның қарамағында қалды. Ішкі Фракияның бір бөлігі Болгарияға бекітіліп берілді. Бұл шекара 2-дүниежүз. соғыстан кейін де сақталды. Антикалық мемлекет Ежелгі Фракия Стримон өзінінен солтүстікке қарай Дунайға дейін созылып жатты. Фракияның оңтүстік Жерорта теңізі жағалауына тиіп тұрған қыратты жазық дала. Кіші Балкан таулары елдің осы аймағын оның солтүстігінен (қазіргі Добруджа) бөліп тұр. Фракия тарихы салыстырмалы түрде аз зерттелген. Фракияның ежелгі түрғындары бірнеше жауынгер тайпалардан тұрды (қ. Фракиялықтар). Фракия туралы алғаш рет Гомердің поэмаларында айтылады. Б.з.б. 8 — 7 ғасырларда Фракия аумағын гректер қоныстанып, жергілікті тайпалармен соғыс жүргізді. Біздің заманымыздың 5 ғасырдың басында одристер тайпасы Фракия мемлекетін құрды. Олар Фракияның басқа тайпаларын бағындырып, мемлекет аумағын кеңейтті. Алғашқы патшасы Терес болды. Ол Қара теңіздің батысындағы грек отарларын бағындырып, оларға алым-салық салды. Терестің мұрагері Ситалк тұсында Фракия одан әрі күшейді. Афина Ситалкті өзіне одақтас ету үшін оның ұлдарына Афина азаматтығын береді. Мемлекет өзінің шарықтау шегіне б.з.б. 5 ғасырдың аяғында Севт I билігі кезінде жетті. Бұл уақытта Фракия өзінің күміс ақшасын шығарды. Фукидидтің мәліметі бойынша оған бағынышты грек қалалары төлейтін алымның көл. 400 талантқа (1 антик. талант — 26,2 кг күміс) жеткен. Б.з.б. 4 ғасырдың басында Севт I қайтыс болды да Фракияда билік үшін күрес басталды. Одристер мемлекеті екіге бөлініп, оның оңт. Севт I билігінде, ішкі аймағы Медок билігінде қалды. Афина Фракия жағалауында өз ықпалын күшейту мақсатымен б.з.б. 390 ж. Севт I және Медокпен одақтастық шарт жасасты. Фркаия өз ықпалын Афина да Котис (б.з.б. 383 — 59) патшалық құрған кезде де сақтап қалды. Котис Фракия тайпаларының басым көпшілігін біріктірді. Афина Екінші теңіз одағын құрып, Фракия жағалауында ықпалын күшейтуге тырысқанда Котис оған қарсылық көрсетті. Афиналықтардың Афиполь қаланын басып алуға бағытталған саясаты Котиспен арада соғыс тудырады. Котис б.з.б. 360 ж. Сестті басып алды да, Афина отары Фракиялық Херсонесті қоршады. Соғыс б.з.б. 359 ж. Котистің кенеттен қайтыс болуымен аяқталды. Оның ұлдары билікке таласып, нәтижесінде Фракия үшке бөлінді. Котистің үлкен ұлы Керсоблепт Фракияны біріктіруге ұмтылды. Алайда мұны қаламаған Афина оған қарсы әскер жіберді. Афина қолбасшылары Кефисодот, Хабрии және Харидем Керсоблепт армиясынан бірнеше шайқаста жеңілді. Б.з.б. 357 ж. Афина Фракияға Харес бастаған жалдамалылар армиясын жіберуге мәжбүр болды. Харес Фракияның үш патшасын Афинамен келісімшарт жасауға мәжбүр етті. Келісім бойынша Афинаға Фракиялық Херсонес берілді. Афинаның осы уақыттарда одақтастарымен жүргізген соғысын пайдаланып, Керсоблепт Фракияны біріктіруге бағытталған іс-әрекет жүргізді. Б.з.б. 4 ғасырдың 60-жылдары Фракия қайтадан Афинамен одақтастық қатынастарды жандандырды. Фракия тәуелсіздігіне Филипп II патшаның билігі кезінде күшейген Македония қауіп төндірді. Б.з.б. 356 ж. Филипп II Фракия жағалауын жаулап алуды бастады. Одақтастық соғыс жүргізіп жатқан афиналықтар Филипп II-ге қарсылық көрсете алмады. Сестті басып алған Афина стратегі Харестің Фракиялық Херсонестегі әскери қимылдары уақытша Филипп II-нің жорығын тоқтатты. Бірақ б.з.б. 352 ж. Македония патшасы Фракия патшаларына қарсы екінші жорық жасап, оларды өзіне бағындырды.  
05.12.2012 07:45 4395

Тарихи аймақ

ФРАКИЯ — Балкан түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан тарихи аймақ. Ежелгі заманда бұл өңірде антикалық Фракия мемлекеті құрылды. 46 жылы Фракия Рим провинциясына айналып, 395 жылдан Византия империясыныңқұрамына кірді. 6 ғасырда Фракияны славяндар мекендеді. Бірінші Болгар патшалығы (680 — 1018) кезінде Фракия аумағы ішінара оның құрамына қосылды. 1204 жылдан бастап біраз уақыт Латын империясына кірді. 15 ғ-дан Осман Сұлтандығы қол астында болды. Берлин конгресі шешімімен (1878) Фракияның бір бөлігі Шығыс Румелияға қосылды. Бірінші Балкан соғысынан (1912 — 13) кейін, Лондон бітім шарты (1913) бойынша Фракия аумағы түгел дерлік Болгарияға қосылды. Бірақ Екінші Балкан соғысынан кейін Бухарест бітім шарты (1913) бойынша Батыс Фракияның бір бөлігі Грекияға берілді. Константинополь бітім шарты (1913) бойынша Шығыс ФракияТүркияға ауысты. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Батыс Фракияның бір бөлігі Грекияға ауысып, Севр бітім шарты (1920) бойынша Грекияға Шығыс Фракия Адрианополь қ-мен қоса берілді. Лозанна бітім шартына (1923) сәйкес Шығыс Фракия Андрианопольмен қоса Түркияның қол астына көшті, Батыс Фракия Грекияның қарамағында қалды. Ішкі Фракияның бір бөлігі Болгарияға бекітіліп берілді. Бұл шекара 2-дүниежүз. соғыстан кейін де сақталды.

Антикалық мемлекет

Ежелгі Фракия Стримон өзінінен солтүстікке қарай Дунайға дейін созылып жатты. Фракияның оңтүстік Жерорта теңізі жағалауына тиіп тұрған қыратты жазық дала. Кіші Балкан таулары елдің осы аймағын оның солтүстігінен (қазіргі Добруджа) бөліп тұр. Фракия тарихы салыстырмалы түрде аз зерттелген. Фракияның ежелгі түрғындары бірнеше жауынгер тайпалардан тұрды (қ. Фракиялықтар). Фракия туралы алғаш рет Гомердің поэмаларында айтылады. Б.з.б. 8 — 7 ғасырларда Фракия аумағын гректер қоныстанып, жергілікті тайпалармен соғыс жүргізді. Біздің заманымыздың 5 ғасырдың басында одристер тайпасы Фракия мемлекетін құрды. Олар Фракияның басқа тайпаларын бағындырып, мемлекет аумағын кеңейтті. Алғашқы патшасы Терес болды. Ол Қара теңіздің батысындағы грек отарларын бағындырып, оларға алым-салық салды. Терестің мұрагері Ситалк тұсында Фракия одан әрі күшейді. Афина Ситалкті өзіне одақтас ету үшін оның ұлдарына Афина азаматтығын береді. Мемлекет өзінің шарықтау шегіне б.з.б. 5 ғасырдың аяғында Севт I билігі кезінде жетті. Бұл уақытта Фракия өзінің күміс ақшасын шығарды. Фукидидтің мәліметі бойынша оған бағынышты грек қалалары төлейтін алымның көл. 400 талантқа (1 антик. талант — 26,2 кг күміс) жеткен. Б.з.б. 4 ғасырдың басында Севт I қайтыс болды да Фракияда билік үшін күрес басталды. Одристер мемлекеті екіге бөлініп, оның оңт. Севт I билігінде, ішкі аймағы Медок билігінде қалды. Афина Фракия жағалауында өз ықпалын күшейту мақсатымен б.з.б. 390 ж. Севт I және Медокпен одақтастық шарт жасасты. Фркаия өз ықпалын Афина да Котис (б.з.б. 383 — 59) патшалық құрған кезде де сақтап қалды. Котис Фракия тайпаларының басым көпшілігін біріктірді. Афина Екінші теңіз одағын құрып, Фракия жағалауында ықпалын күшейтуге тырысқанда Котис оған қарсылық көрсетті. Афиналықтардың Афиполь қаланын басып алуға бағытталған саясаты Котиспен арада соғыс тудырады. Котис б.з.б. 360 ж. Сестті басып алды да, Афина отары Фракиялық Херсонесті қоршады. Соғыс б.з.б. 359 ж. Котистің кенеттен қайтыс болуымен аяқталды. Оның ұлдары билікке таласып, нәтижесінде Фракия үшке бөлінді. Котистің үлкен ұлы Керсоблепт Фракияны біріктіруге ұмтылды. Алайда мұны қаламаған Афина оған қарсы әскер жіберді. Афина қолбасшылары Кефисодот, Хабрии және Харидем Керсоблепт армиясынан бірнеше шайқаста жеңілді. Б.з.б. 357 ж. Афина Фракияға Харес бастаған жалдамалылар армиясын жіберуге мәжбүр болды. Харес Фракияның үш патшасын Афинамен келісімшарт жасауға мәжбүр етті. Келісім бойынша Афинаға Фракиялық Херсонес берілді. Афинаның осы уақыттарда одақтастарымен жүргізген соғысын пайдаланып, Керсоблепт Фракияны біріктіруге бағытталған іс-әрекет жүргізді. Б.з.б. 4 ғасырдың 60-жылдары Фракия қайтадан Афинамен одақтастық қатынастарды жандандырды. Фракия тәуелсіздігіне Филипп II патшаның билігі кезінде күшейген Македония қауіп төндірді. Б.з.б. 356 ж. Филипп II Фракия жағалауын жаулап алуды бастады. Одақтастық соғыс жүргізіп жатқан афиналықтар Филипп II-ге қарсылық көрсете алмады. Сестті басып алған Афина стратегі Харестің Фракиялық Херсонестегі әскери қимылдары уақытша Филипп II-нің жорығын тоқтатты. Бірақ б.з.б. 352 ж. Македония патшасы Фракия патшаларына қарсы екінші жорық жасап, оларды өзіне бағындырды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға