Жаңалықтар

Көктоғай көтерілісі

Көктоғай көтерілісі– Алтай аймағы қазақтарының Қытай билеушілеріне қарсы 20 ғ-дың 30 – 40-жылдарындағы қарулы көтерілісі. Шыңжаң өлкесінің генерал-губернаторы Шың Шысай өз үстемдігін бекемдеу үшін ел ішіндегі көзі ашық, оқыған азаматтарға, дін басыларына құрық салды. 1938 ж. қыркүйекте Алтай аймағының Көктоғай ауданындағы қарақас руының тәйжісі Қалел Нұртазаұлын, аймақтық өкіметтің бас хатшысы Мәнкей Мәмиұлын тұтқындады. Желтоқсан айында дінбасы Ақыт қажыны тұтқындап, кітаптарын тәркіледі. 1939 ж. қыркүйекте “Қазақ, қырғыз құрылтайын ашамыз” деген сылтаумен Алтай аймағынан 50-ге тарта адамды Үрімжіге шақырып апарып, қамады. Халық қолындағы қару-жарақты өкіметке алу үшін аймақ, аудандарға құрал жию комиссиясын жіберді. Сарсүмбе қаласына 700 адамды шақыртып, ел ішіндегі қаруды түгел тапсыруға шақырды. Бастартқандарды қамауға алып, қинап мойындатты. Көктоғай ауд-ның әкімі Шүй Ерлин аудан халқына қысым көрсетті. 60 адамды қамау туралы шешім шығарды. 1940 ж. ақпан айының бірінші жұлдызында Айтуған үкірдайы Есімхан Иманбайұлы бастаған Айтеке би, Сайып Қалелұлы қатарлы 30-дай жігіт бір түннің ішінде Шүй әкімін қасындағы 7 адамымен қоса өлтіріп, қарулы көтеріліске аттанды. Көктоғай көтерілісіне Ырысхан Ноғайбайұлы бастаған Шіңгіл ауданы тұрғындары қосылды. Екі ауданның 1000-ға жуық азаматы Қараағаштағы Көксеген ауылында бас қосып, көк қасқа тай сойып, қолдарын қанға матырып, ант ішісті. Шың Шысай өкіметі көтерілісшілерді жаныштау үшін Сарсүмбе дивизиясының үстіне Үрімжіден тағы бір дивизия әскер, 3 ұшақ, 3 бронды машина, бір зеңбірек батареясын және Кеңес Одағының Құмылдағы атты әскер полкінен бір батальон солдат жіберді. Алғашқы ұрыс Шіңгілдің Үшқыз, Күмістің құйғаны деген жерлерде болды. Кеңес солдаттары батальонының командирі Ақтеке бидің сойылынан мерт болып, көтерілісшілер жеңіске жетті, көп қару-жарақты олжалады. Елді паналатуға Моңғолия өкіметінен баспана сұралды. Алайда моңғол әскерлері Бұлғын деген жерге көшіп барған бала-шағаны оқпен қарсы алды. Көтерілген ел-жұрт Бәйтік, Қаптық тауына барып, жан сауғалады. Бұл жерден маусым айында қайтып, Арал жайлауындағы елге барып қосылды. Жаз бойы Қытай өкіметінің бірнеше дивизия әскеріне бірнеше рет күйрете соққы берді. Қыркүйек айында өкімет делегация жіберіп, көтерілісшілерді бейбіт келісім жасауға шақырды. Көтерілісшілер мынадай 7 түрлі шарт қойды: дін бостандығы, тұтқындарды босату; сақшы бастықтарын қазақтан қою; өкіметтің тыңшы ұстамауы; аудандарда әскер тұрғызбау; өкімет жұмысына қазақтарды молынан қатыстыру; алым-салықты жеңілдету. Бұл келісімге 1940 ж. 18 қазанда қол қойылды. Бірақ өкімет бұл келісімді орындамады. 1941 жылдың басында “алтын қазушы” атын жамылған қытай әскерлерінің саны 1100-ге жетті. Тұтқындағылар қайтарылмады. Маусым айында қарақас руының басшысы Қалел Нұртазаұлы және оның ұлы Рақат бастаған ел тағы да көтеріліске шықты. Көтерілісшілер тағы да басымдылық танытты. Бірақ қазан айында Алтай тауына қар жауып кетті де, он мыңдаған көтерілісшілерді артынан қар мен мұз, алдынан жау қысты. Көтерілісшілер ақыры амалсыз қаруларын тапсырды. Өкімет көтеріліс басшыларынан “Қалел Нұртазаұлы бастаған 16 адамды Үрімжіде келісімге қол қояды” деген сылтаумен алып кетті де, сол бойы абақтыда өлтірді. Оспан Сіләмұлы қаруын тапсырмай, Құбының құмына қашып кеткен болатын. Кейін өкіметтен қорлық-зорлық көргендер соның төңірегіне ұйысты. 1943 жылдың маусым айында олардың саны 400 адамға, қару-жарағы 150-ге жетті. Тамыз, қыркүйек айларында оларға Моңғолия және Кеңес Одағы көмек беретіндіктерін білдірді. Қазан, қараша айында Моңғолия өкіметі оларға Үшқыз, Майқантас өңірінен қоныс берді. 1944 ж. 23 ақпанда Моңғолияның премьер-министрі маршал Чойбалсан барып кездесті. 1943 жылдан Алтай баурайындағы көтерілісшілер қосынының күші Шыңжаң өлкелік, Қытай орталық армиясының бірнеше жүз мың жауынгерін ұстап тұрды. 1945 ж. 6 қыркүйекте Қытай билеушілері Алтай аймағынан қуып шығарылды. Кеңес өкіметі 1944 ж. қарашадан Құлжа қ-нда Шығыс Түркістан Республикасын құруға кіріскен. Алайда ұзамай оны коммунистік Қытайға қосуды мақұл көрді. Қан төгіп жүріп алған жеңістің большевиктердің шылауына түсіп кеткеніне көтерілісшілер наразы болды. 1946 ж. жазда көтеріліс басшысы Оспан Сіләмұлы Алтай аймағының қуыршақ ген.-губернаторлығынан бас тартып, жаңа жасақ дайындады. Кеңес Одағы көтерілісшілерді жаныштау үшін генерал А.Полинов, Ф.Лескин басқарған он мыңдаған солдатты Шығыс Түркістан формасын кигізіп, шекарадан өткізді. 1948 ж. қыркүйек айында Оспан батырға кездескен америкалық профессор А.Док Барнеттің айтуынша: “ол кезде Оспан батырдың қасында 15 мың қазақ түркісі бар еді....”. 1949 ж. қыркүйек айынан бастап Алтай көтерілісшілерінің алдынан тағы бір алып күш Қытай Қызыл Армиясы шықты. Сөйтіп, Алтай көтерілісшілері Қытай билеушілеріне, Кеңестік Ресей мен коммунистік Қытайға қарсы 12 жыл соғысты. 1951 ж. ақпанда Қытай Қызыл Армиясы Көктоғай көтерілісін біржолата басты.
05.12.2012 07:43 4427

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға