Жаңалықтар

Пальмира

  Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамейше көшірме, калька, Тадмор, «пальма қаласы») — бұрынғы гүлденіп тұрған қала, бүгіндері ежелгі римдік соңғы дәуірінің сәулетінің маңғаз құрылыстарының қалдықтарымен аты шыққан Сириядағы кедей елді мекен.  (Ферро аралынан), шөлдің бір шұратты жерінде, Дамаск пен  Евфрат арасында, біріншісінен 240 км солтүстік-шығысқа қарай, ал екіншісінен 140 км қашықтықта. Таурат және Інжіл мен Иосиф Флавий бойынша Пальмира Соломон арамей ордаларының жорықтарын қарсы Евфрат жағасына дейін созылып жатқан аумағының алдыңғы қорғаныс бекінісі ретінде негізін қалаған. Навуходоносор Иерусалимге жорық жасағанда Пальмираны талқандап тонаған, бірақ қала өзінің Жерорта теңізі, бір жағынан, Евфрат алабы, екінші жағынан, арасында тиімді орналасқандықтан қайта гүлденіп, Батыс пен Шығыс арасында жүретін сауда керуендері тұрағы мен тауарлар қоймасына айналды. Бұл қала өзінің билеушілері, сенат мен халық кеңесі бар Пальмирена атты мемлекет астанасы болады. Ежелгі Рим Парфиандармен соғыста (б. з. 41 жылы), Пальмираны тартып алмақшы болған, бірақ сәтсіз. Траян кезінде қаланы римдік әскерлерлер қиратқан, бірақ Адриан қайта қалпына келтіріп, қаланы Адрианополь деп атап парфиандармен одақтан алыс ұстау мақсатында қалаға аздаған тәуелсіздік береді. Каракалла кезінде (шамамен б.з.212 жылы) Пальмира juris italici құқығы бар (яғни Италияның өз ішіндегі басқа отар аймақтар сияқты құқығы болды) римдік отар аймақ деп жариаланды, және жергілікті тума болып табылатын Септимий Оденат сенаторы билігіне беріледі. Соңғысының Римге қарсы көтерілісі салдарынан оны Руфин деген біреу өлтіреді. Оденат ізбасары оның кейін көз жұмған баласы Гайран болды, сосын тағы бір баласы,ол да Оденат оның орнын басып кейін парсыларға қарсы соғыста Рим жақта болып сол үшін Валериан мен Галлиеннен 258 жылы consularis (губернатор дәрежесіндегі консул) шені мәртебесіне ие болады. Бұған қанағаттанбаған Оденат Валериан парсыларға тұтқынға түскен кезде өзін «патшалардың патшасы» деп жариалаған (260 жылы). Парсыларға қарсы Тигрдағы Ктесифонға дейінгі сәтті жорықтарынан кейін Оденат өз замандасы Меоний (267 жылы) қолынан қаза тапты, ал пальмиралық тағына оның жұбайы Зенобия отырды. Ол мемлекет шекарасын кәдімгідей кеңейткеннен кейін тіпті Римді бағындыруды армандай бастаған. Зенобия кезінде Пальмира өз әл ауқатының дамуының шыңына жеткен, бірақ ол ұзаққа созылмады. Император Аврелиан өр көкірек патшайымды 273 жылы бас июге мәжбүр етеді; Зенобия Аврелиан тұтқынына айналып, ал астанасы тоналып Рим империясының провинциясына айналады. Диоклетиан және кейінірек Юстиниан қираған қаланы қалпына келтәруге тырысып бағады, бірақ қала бұрынғы жайқалған қалпына қайтып келмейді. Ақыры, арабтар 744 жылы талқандағаннан кейін қала көп ғасыр бойы әлем назарын аудармайтын қарапайым қонысқа айналып кетеді. Тек қана 1678 жылы ағылшын негоцианты Галифакс Пальмира үйінділерінің қиын жерлерін табады; 1751—1753 жж. оларды Вуд пен Девкинс толығырақ зерттеп сипаттайды. Олар оңтүстік–шығыстан солтүстік-батысқа қарай бірнеше қыраттардың астында үздіксіз шамамен 3 шақырым жерді алып екі кезеңге жататын ғимараттар үйінділерінен тұрады: пішінсіз үйінділерді құратын көне біреулері Навуходоносор дәуіріне жатса керек; ал қалғандары, жақсырақ сақталғандары, христиан дәуірінің алғашқы үш ғасырына жатады,ол кезде белгілі болғандай негізінен коринф стилі бағаланғандықтан ғимарат қалдықтары арасында сондай стильдегілер басым. Пальмирада табылған арамей, грек және латын жазулары арасында бір де біреуі Рождествоға дейінгі немесе Диоклетианнан кейінгі кезге жатпайды. Шығыс шекарасында күн ғибадатханасы (Ваал-Гелиос) — маңғаз периптер ұзындығы 55 1/3 м, ені 29 м, 8 бағаналары әр қысқа фасында және 16 ұзындарында орналасқан. Көпшілігі әлі бұрынғы орнында тұрған бағаналар — тесіктелген және металдық жапырақшамен безендірілген капителдері болған, қазір әрине, олар жоғалып кеткен. Ғибадатхана іші кең ауқымды, әдемі кассетондарға бөлінген күмбездері, жабыстырылған фризді өрнектері мен жапырақтар мен жемістермен безендірілген керегелі. Ғибадатхананың Солтүстік-батыс бұрышында Римдегі Константин салтанат аркасына ұқсас кіру қақпасы бар; содан бастап қала іші арқылы 1135 м шеттерінде төрт қатарлы бағаналары бар, ал олардың архитравында басқа кішірек бағаналар орналасқан. Бұл төрт қатарлы бағандар жолды ұзындығы бойынша үш бөлікке бөлген: ортаңғысы экипаж мен атты адамдарға болса, шеткілері жаяу адамдарға арналған. Кіші бағандар биіктігі — 17 м. Барлығы — 1400, яғни 375-тен әр қатарда болған. Дегенмен осындай көп бағаналардан бүгінгі күні көп дегенде 150 ғана қалған, сонда да қатар бойымен қараған адамдарға көрініс орасан зор әсер қалдырады. Бұрынғы қала орны толықтай капителдер, антаблементтер, мүсіндік фриздер мен басқа да сәулеттік фрагменттермен толы, олардың арасында, Күн ғибадатханасы батысына қарай, басқа да ғибадатханалар, сарайлар, бағандар, бехрабтар, акведуктар көрінеді, ал Юстиниан заманы құрылысына жататын құлып жатқан қала керегесінің арғы жағында кішірек алқапта көптеген қабір үңгірлері мен алпыс текті қабірлер мұнара түрінде жонылған тастардан тұратын қорым бар. Көрші төбелердің бірінде соңғы, араб құрылысының қамалы бар.  
05.12.2012 07:41 3538

 

Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамейше көшірме, калька, Тадмор, «пальма қаласы») — бұрынғы гүлденіп тұрған қала, бүгіндері ежелгі римдік соңғы дәуірінің сәулетінің маңғаз құрылыстарының қалдықтарымен аты шыққан Сириядағы кедей елді мекен. 
(Ферро аралынан), шөлдің бір шұратты жерінде, Дамаск пен  Евфрат арасында, біріншісінен 240 км солтүстік-шығысқа қарай, ал екіншісінен 140 км қашықтықта.
Таурат және Інжіл мен Иосиф Флавий бойынша Пальмира Соломон арамей ордаларының жорықтарын қарсы Евфрат жағасына дейін созылып жатқан аумағының алдыңғы қорғаныс бекінісі ретінде негізін қалаған. Навуходоносор Иерусалимге жорық жасағанда Пальмираны талқандап тонаған, бірақ қала өзінің Жерорта теңізі, бір жағынан, Евфрат алабы, екінші жағынан, арасында тиімді орналасқандықтан қайта гүлденіп, Батыс пен Шығыс арасында жүретін сауда керуендері тұрағы мен тауарлар қоймасына айналды. Бұл қала өзінің билеушілері, сенат мен халық кеңесі бар Пальмирена атты мемлекет астанасы болады.
Ежелгі Рим Парфиандармен соғыста (б. з. 41 жылы), Пальмираны тартып алмақшы болған, бірақ сәтсіз. Траян кезінде қаланы римдік әскерлерлер қиратқан, бірақ Адриан қайта қалпына келтіріп, қаланы Адрианополь деп атап парфиандармен одақтан алыс ұстау мақсатында қалаға аздаған тәуелсіздік береді. Каракалла кезінде (шамамен б.з.212 жылы) Пальмира juris italici құқығы бар (яғни Италияның өз ішіндегі басқа отар аймақтар сияқты құқығы болды) римдік отар аймақ деп жариаланды, және жергілікті тума болып табылатын Септимий Оденат сенаторы билігіне беріледі. Соңғысының Римге қарсы көтерілісі салдарынан оны Руфин деген біреу өлтіреді.
Оденат ізбасары оның кейін көз жұмған баласы Гайран болды, сосын тағы бір баласы,ол да Оденат оның орнын басып кейін парсыларға қарсы соғыста Рим жақта болып сол үшін Валериан мен Галлиеннен 258 жылы consularis (губернатор дәрежесіндегі консул) шені мәртебесіне ие болады. Бұған қанағаттанбаған Оденат Валериан парсыларға тұтқынға түскен кезде өзін «патшалардың патшасы» деп жариалаған (260 жылы).
Парсыларға қарсы Тигрдағы Ктесифонға дейінгі сәтті жорықтарынан кейін Оденат өз замандасы Меоний (267 жылы) қолынан қаза тапты, ал пальмиралық тағына оның жұбайы Зенобия отырды. Ол мемлекет шекарасын кәдімгідей кеңейткеннен кейін тіпті Римді бағындыруды армандай бастаған. Зенобия кезінде Пальмира өз әл ауқатының дамуының шыңына жеткен, бірақ ол ұзаққа созылмады. Император Аврелиан өр көкірек патшайымды 273 жылы бас июге мәжбүр етеді; Зенобия Аврелиан тұтқынына айналып, ал астанасы тоналып Рим империясының провинциясына айналады. Диоклетиан және кейінірек Юстиниан қираған қаланы қалпына келтәруге тырысып бағады, бірақ қала бұрынғы жайқалған қалпына қайтып келмейді. Ақыры, арабтар 744 жылы талқандағаннан кейін қала көп ғасыр бойы әлем назарын аудармайтын қарапайым қонысқа айналып кетеді.
Тек қана 1678 жылы ағылшын негоцианты Галифакс Пальмира үйінділерінің қиын жерлерін табады; 1751—1753 жж. оларды Вуд пен Девкинс толығырақ зерттеп сипаттайды. Олар оңтүстік–шығыстан солтүстік-батысқа қарай бірнеше қыраттардың астында үздіксіз шамамен 3 шақырым жерді алып екі кезеңге жататын ғимараттар үйінділерінен тұрады: пішінсіз үйінділерді құратын көне біреулері Навуходоносор дәуіріне жатса керек; ал қалғандары, жақсырақ сақталғандары, христиан дәуірінің алғашқы үш ғасырына жатады,ол кезде белгілі болғандай негізінен коринф стилі бағаланғандықтан ғимарат қалдықтары арасында сондай стильдегілер басым. Пальмирада табылған арамей, грек және латын жазулары арасында бір де біреуі Рождествоға дейінгі немесе Диоклетианнан кейінгі кезге жатпайды. Шығыс шекарасында күн ғибадатханасы (Ваал-Гелиос) — маңғаз периптер ұзындығы 55 1/3 м, ені 29 м, 8 бағаналары әр қысқа фасында және 16 ұзындарында орналасқан. Көпшілігі әлі бұрынғы орнында тұрған бағаналар — тесіктелген және металдық жапырақшамен безендірілген капителдері болған, қазір әрине, олар жоғалып кеткен. Ғибадатхана іші кең ауқымды, әдемі кассетондарға бөлінген күмбездері, жабыстырылған фризді өрнектері мен жапырақтар мен жемістермен безендірілген керегелі. Ғибадатхананың Солтүстік-батыс бұрышында Римдегі Константин салтанат аркасына ұқсас кіру қақпасы бар; содан бастап қала іші арқылы 1135 м шеттерінде төрт қатарлы бағаналары бар, ал олардың архитравында басқа кішірек бағаналар орналасқан. Бұл төрт қатарлы бағандар жолды ұзындығы бойынша үш бөлікке бөлген: ортаңғысы экипаж мен атты адамдарға болса, шеткілері жаяу адамдарға арналған. Кіші бағандар биіктігі — 17 м. Барлығы — 1400, яғни 375-тен әр қатарда болған. Дегенмен осындай көп бағаналардан бүгінгі күні көп дегенде 150 ғана қалған, сонда да қатар бойымен қараған адамдарға көрініс орасан зор әсер қалдырады. Бұрынғы қала орны толықтай капителдер, антаблементтер, мүсіндік фриздер мен басқа да сәулеттік фрагменттермен толы, олардың арасында, Күн ғибадатханасы батысына қарай, басқа да ғибадатханалар, сарайлар, бағандар, бехрабтар, акведуктар көрінеді, ал Юстиниан заманы құрылысына жататын құлып жатқан қала керегесінің арғы жағында кішірек алқапта көптеген қабір үңгірлері мен алпыс текті қабірлер мұнара түрінде жонылған тастардан тұратын қорым бар. Көрші төбелердің бірінде соңғы, араб құрылысының қамалы бар.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға