Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ)
05.12.2012 07:40
6847
Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ) - 1994 жылдың мамыр айында қаладағы ірі өндірістер «Екібастұз көмір» МАҚ, «Екібастұз энергоқұрылыс» ӨЭҰ, «Қазақстантеміржолы» АҚ, «Екібастұзшахтострой» ОЭҰ, «Екібастұзэнерго» АҚ-ның өтініштерімен және солардың құрылтайшылығымен ұйымдастырылған жоғары оқу орны.
Негізгі мақсаты - жергілікті жерде жоғары білімді инженер мамандарын дайындау. Ректоры-физика-математика ғылым доктары, профессор М.П.Марденов. Институт ашылған уақытта күндізгі бөлімге 140 студент, сырттай оқу бөліміне 100 студент қабылданған, сонымен қатар Павлодар индустриялды институтының 2-6-курстарынан Екібастұз бөлімшесінде оқитын 188 студент осы оқу орнына ауысты. Сол кезде институтта 6 ғылым доктары, 15 ғылым кандидаты қызмет етті. Қазіргі кезде институтта 120 жоғары білікті мамандар мен оқытушылар қызмет атқарады. Олардың ішінде ғылым доктарлары - Екібастұз инженерлік-техникалық институты, профессорлар: М.П.Марденов, Б.Б.Бекетов, А.Кебина, Ө.Р.Жұмашев, С.Қ. Молдабаев, Е.В.Максимов, Б.Ж.Оңайбаев, Д.С.Ахметбаев, ғылым кандидаттары Ж.Қ.Қамбаров, С.И.Иманғожин, тағы басқалары ұстаздық етеді.
Оқу үрдісіне Қазақстанның ірі ЖОО ғалымдары: ҰЕА академик, техника ғылым доктары Б.Р.Рақышев, физика-математика ғылым доктары Т.Қ. Досымбетов, техника ғылым доктары А.Х.Тілеуов, С.Н.Асамбаев, қаладағы кәсіп- орындардың, мекемелердің, банктердің ең білікті мамандары тартылған. Институтта төрт академик жұмыс атқарады (М.П.Марденов, Е.В.Максимов, Б.Ж.Оңайбаев, В.Ә.Әбсімбетов). 2009-10 оқу жылдарында институттың 8 оқытушысы мен қызметкерлері кандидаты және доктары диссиртация қорғады. Қазіргі кезде күндізгі оқу бөлімінде 645 студент, сырттай оқу бөлімінде 1712 студент білім алуда. Мемлекеттік грант бойынша 249 студент оқиды. Институтта мемлекеттік тапсырыспен мамандар дайындалады және грант жыл сайын техника мамандықтарға көп бөлінеді. Соңғы 12 жылда институт 2400 маман дайындап шығарды, қазір олар республикалық әр саласында қызмет атқаруда. Институттың кейбір түлектері Канада, АҚШ, Германияда жұмыс істеуде. 2004 жылдан бастап 14 мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындалуда (экономика, менеджмент, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, тау-кен ісі, металлургия, көлік, көлік техникасы мен технологиясы, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтандыру, құрылыс, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, информатика, кәсіби оқыту).
• 1998 жылы институтта инженер-техника колледж (ЕКИТИ) ашылды. Колледжде техник-электрик, құрылысшы, электронщиктерді, сонымен қатар бухгалтерлер мен менеджерлерді дайындайды.
• 1999 жылдан бастап ЕИТИ ҚР-ның Білім мекемесі қауымдастығының мүшесі.
• 2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің шешімімен онда аймақтық тестілеу Орталық ұйымдастырылды. Осы Орталық Екібастұз жастарының Республика көлеміндегі ЖОО-ға оқуға түсуіне жол ашты.
• Институтта 2001 жылдан бастап дәстүрлі халықаралық ғылым-практика, конференция «Сәтбаев оқулары» өткізіледі. Осы конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің ғалымдары қатысып, өз мақалаларын жариялап келеді.
Институт ғалымдары Максимов, Оңайбаев Қазақстанның 10 патентін ұтып алды. Марденов, Кебина, Оңайбаев, тағы басқалары ғалымдардың монографиялары басылымға шықты. Институтта жас ғалымдар мен мамандардың кеңесі жұмыс істейді. Студенттер жоғары оқу орындары арасында өткізілетін конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлік сыйлықтармен оралуда. ЕИТИ-дің ғылым-зерттеу жұмысының негізгі бағыты - Павлодар мен Екібастұз аймағындағы кен байлықтары мен минералдық шикізаттарын энергетикада, құрылыс саласында, жылу энергетикасында, көлікте, металлургияда кешенді түрде пайдалану. Осы аталған ғылым-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында институтта «Ғылыми-техникалық кеңес ережесі» және «Ғылыми-зерттеу жұмысының ережесі» тиімді қолданылуда. Оқу, ғылым-әдістемелік әдебиеттерге бай (187000 дана кітап) кітапханасы бар. Барлық оқулықтардың электрондық түрлерін алып, қазіргі заманға сай оқу залында пайдалануға мүмкіндік жасалған. Қаланың көптеген мамандары осы кітапханада білімдерін жетілдіреді.
Институт жыл сайын оқу зертханасын кеңейтіп, жаңа технологиялармен толықтырып жабдықтандырылады. Зертханалық жұмыстар мамандықтар бойынша зертханаларда және өндіріс алаңдарында өткізіледі. Институтта 159 компьютермен жабдықталған 9 компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Барлық пәндерден сабақтар, дипломдық, курстық жұмыстар осы сыныптарда өткізіледі, жазылады, интернетті еркін пайдалануға болады. Институттың жеке сайты бар. Студенттер арасында жыл сайын дәстүрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Олар қала, республика деңгейінде өткізілетін және спорттық ойындарға белсенді қатысады. ЕИТИ студенттерінің мамандық бойынша практиканы қаланың ірі өндірістерінде («Богатырь Көмір» ЖШС, «Евразия энергетикалық ассоциациясы», «Екібастузэнерго» ЖАҚ, тағы басқалары) өткізулеріне мүмкіндіктер жасалған. ЕИТИ Ресей, Германия, Дания мемлекеттерімен серіктестік қатынастар жүргізеді және Еуро Союз «TACIS» грантын алу бағдарламасы байқауына қатысады.
ЕИТИ екі деңгейлік жоғары білім беру жүйесінде жұмыс атқарады (бакалавриат, магистратура), мамандарды мемлекеттік және халықаралық стандартен дайындайды. 2004-05 оқу жылында институт несиелік білім беру жүйесіне көшті, бүгінгі күні барлық күндізгі және сырттай оқитын студенттер мамандық бойынша осы жүйемен білім алуда. Техникалық материалдық базалар қазіргі заманға сай жаңа технология материалдармен жабдықталған. 2010 жылы институт Оксфорд (Ұлыбритания) Еуропалық білім беру сапасының белгісіне ие болды. 2011 жылы институт Президенті Марденов Ұлыбританиядағы «ЕВА» әлем ғалымдарының реестріне кіргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фр. Бэкон философиясы