Жаңалықтар

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті — Қарағанды қаласындағы мемл

    Құрылымы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.   Факультеттері Биология-география факультеті ·         ботаника кафедрасы ·         зоология кафедрасы ·         физиология кафедрасы ·         география кафедрасы Шет тілдер факультеті ·         гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасы ·         жаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасы ·         ағылшын тілі методикасы кафедрасы ·         ағылшын тілі теориясы кафедрасы ·         неміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы Тарих факультеті ·         археология, этнология және отан тарихы кафедрасы ·         әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы ·         Қазақстан тарихы кафедрасы Математика факультеті ·         проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасы ·         математикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасы ·         қолданбалы математика және информатика Кафедрасы ·         механика кафедрасы ·         математика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы Әлеуметтік-педагогикалық факультет ·         педагогика Кафедрасы ·         педагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасы ·         әлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасы ·         әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы ·         мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы Кәсіби-көркем факультет ·         машинатану кафедрасы ·         жалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасы ·         бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы Физика факультеті ·         жылуфизика кафедрасы ·         жалпы және теоретикалық физика кафедрасы ·         радиофизика және злектроника Кафедрасы ·         конденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы Филология факультеті ·         журналистика кафедрасы ·         қазақ тіл білімі кафедрасы ·         қазақ әдебиеті кафедрасы ·         классикалық және орыс филологиясы кафедрасы ·         Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасы ·         қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы Философия және психология факультеті ·         философия және мәдениет теориясы кафедрасы ·         психология Кафедрасы ·         саясаттану және әлеуметтану кафедрасы Химия факультеті ·         органикалық химия және полимерлер кафедрасы ·         физикалық химия Кафедрасы ·         бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы ·         химиялық технология және экология кафедрасы Экономика факультеті ·         менеджмент кафедрасы ·         бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы ·         маркетинг кафедрасы ·         қаржы кафедрасы ·         экономика және халықаралық бизнес кафедрасы ·         экономикалық теория кафедрасы Заң факультеті ·         азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы ·         қылмыстық құқық және криминология кафедрасы ·         қылмыстық процес және криминалистика Кафедрасы ·         конституциялық және халықаралық құқық Кафедрасы ·         мемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы Дене тәрбиесі және спорт факультеті ·         Дене тәрбиесі Кафедрасы ·         алғашқы әскери дайындық Кафедрасы ·         дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасы ·         спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы  
05.12.2012 07:38 20758

 

 

Құрылымы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

 

Факультеттері

  • Биология-география факультеті

·         ботаника кафедрасы

·         зоология кафедрасы

·         физиология кафедрасы

·         география кафедрасы

  • Шет тілдер факультеті

·         гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасы

·         жаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасы

·         ағылшын тілі методикасы кафедрасы

·         ағылшын тілі теориясы кафедрасы

·         неміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы

  • Тарих факультеті

·         археология, этнология және отан тарихы кафедрасы

·         әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

·         Қазақстан тарихы кафедрасы

  • Математика факультеті

·         проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасы

·         математикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасы

·         қолданбалы математика және информатика Кафедрасы

·         механика кафедрасы

·         математика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы

  • Әлеуметтік-педагогикалық факультет

·         педагогика Кафедрасы

·         педагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасы

·         әлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасы

·         әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы

·         мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы

  • Кәсіби-көркем факультет

·         машинатану кафедрасы

·         жалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасы

·         бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

  • Физика факультеті

·         жылуфизика кафедрасы

·         жалпы және теоретикалық физика кафедрасы

·         радиофизика және злектроника Кафедрасы

·         конденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы

  • Филология факультеті

·         журналистика кафедрасы

·         қазақ тіл білімі кафедрасы

·         қазақ әдебиеті кафедрасы

·         классикалық және орыс филологиясы кафедрасы

·         Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасы

·         қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

  • Философия және психология факультеті

·         философия және мәдениет теориясы кафедрасы

·         психология Кафедрасы

·         саясаттану және әлеуметтану кафедрасы

  • Химия факультеті

·         органикалық химия және полимерлер кафедрасы

·         физикалық химия Кафедрасы

·         бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы

·         химиялық технология және экология кафедрасы

  • Экономика факультеті

·         менеджмент кафедрасы

·         бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

·         маркетинг кафедрасы

·         қаржы кафедрасы

·         экономика және халықаралық бизнес кафедрасы

·         экономикалық теория кафедрасы

  • Заң факультеті

·         азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

·         қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

·         қылмыстық процес және криминалистика Кафедрасы

·         конституциялық және халықаралық құқық Кафедрасы

·         мемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы

  • Дене тәрбиесі және спорт факультеті

·         Дене тәрбиесі Кафедрасы

·         алғашқы әскери дайындық Кафедрасы

·         дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасы

·         спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға