Жаңалықтар

Аштархан әулеті

  Аштархан әулеті — Орта Азияның тарихындағы әміршілердің әулеті, Бұқар әміршілігін билеген. Негізін қалаған — Бәкі-Мұхаммад хан.[1] Аштархани (Жанилер) әулеті — Шайбани әулетінен кейін Мауераннахрды билеген (1601 — 1756), Жошыдан тараған Астрахан (Қажы Тархан) хандығы билеушілерінің тұқымдары. Астраханды орыстар жаулап алған соң, олар Маңғыстау түбегіне қашып келген. Өз туыстарымен келіспей қалған Жармұхаммед сұлтан баласы Жани сұлтан екеуі Бұхараға келіп, Ескендір ханға (1561 — 83) қызмет етті. Жани сұлтанның ұлдары Дінмұхаммед, Бақимұхаммед, Уәлимұхаммедтер Бұхар билеушісі Абдолла ІІ (1583 — 98) мен оның баласы Әбдімомынның (Абд ал-Муминнің) (1598, ақпан-шілде) сеніміне ие болды. Әбдімомын өлгеннен кейін Бұхар билеушілері өзара қырқысып, Хорасанды Иран шаһы Аббас басып алды. Дінмұхаммед ирандықтармен ұрыста Герат түбінде қаза тапты (1598 — 99). Бақимұхаммед пен Уәлимұхаммед Ташкент пен Самарқанды басып алған Қазақ ханы Тәуекелге қарсы шайқасып, Бұхар хандығында тәртіп орнатуға, шонжарлардың алауыздығын тыюға тырысты. Мұндай жағдайда Бұхардың билеуші топтары таққа Аштарин әулеті өкілін отырғызуға шешім қабылдады. Олар төмендегідей ретпен таққа отырды. Бақимұхаммед хан (7.1601 — 4.1605), Уәлимұхаммед — Баһадүр хан (4.1605 — 10, екінші рет 27.8. 1611 — 8.10.1661), Имамқұл (1610 — 27.8.1911, екінші рет 8.10.1611 — 22.3.1642), Нәдірмұхаммед хан (22.3.1642 — 27.4.1645), Әбіләзиз (Абд әл-Азиз) хан (27.4.1645 — 8.9.1681), Сұбханқұл (8.9.1681 — 5.9.1702), Ұбайдолла хан (5.9.1702 — 14.4.1711), Әбілпейіз (Әбу-л-Феиз) хан (14.4.1711 — 10.7.1747), Әбдмомин (Абд-әл-Мумин) хан (12.7.1747 — 51), Ұбайдолла хан ІІ (1751 — 54), Шерғазы хан (1754 — 56). Бұхарда жарты ғасыр билік құрған Аштарин әулеті мемлекеттің ішкі, сыртқы жағдайын нығайтып, өнеркәсібін, егін ш-н, сауданы, қолөнерін, ғылымын, сәулет және бейнелеу өнерін дамытуға ықпал етті. Ұлы Моғол әулетіне қарсы соғыстың нәтижесінде Балх меншігін қайтарып алды. Аштарин әулетінің билік құруы кезеңінде ханнан кейінгі жоғары лауазымды иеленген аталықтың рөлі күшейді. Самарқанның Регистан алаңының құрылысы Аштарин әулеті билік құрған 17 ғасырдыңортасында аяқталды. Самарқан билеушісі Қазақ Жалаңтөс Баһадүр Шер-Дор мен Тіллә-Кари медресесін салды. Бұхар хандығы тағына маңғыт Мұхаммед Рақым аталықтың отыруымен (16.12.1756) Аштархани әулетінің билігі аяқталды. [2] Шайбани әулетінен шыққан соңғы Бұқардың ханы Абдаллах II 1598 жылында өлген соң, Бұқар дәулетінің тағына жаңа әулеттің өкілдері отырды. Бұл әулет те Шайбани әулетіне құсап Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары еді. Шыңғыс ханның Жошы хан деген үлкен баласының Тоқай Темір деген бір баласы еді. Тоқай Темірдің ұрпақтары Астархан хандығында билеушілер еді. 16 ғ. ортасында Астархан хандығы Ресейге қосылды. Хан әулетінің өкілі — Жани-Мұхаммад сұлтан Бұқарға қашып, Шайбанилардың тұсында жүрген еді. Шайбани Ескендір ханның қызына, Абдаллах II-нің қарындасына үйленді, одан Бәкі-Мұхаммад деген ұлын тапты. Бәкі-Мұхаммадтың нағашы ағасы өлген соң, ол дәулетін өзіне қаратты. Осылайша жаңа әулетінің негізін қалаушысы болып қалды. Кейін Аштархан әулетінің өкілдері өзіні хан атамай, әмір деп аталауға басталды. Бұл Аштархан әулетінің әлсіз болып кетуінің белгісі еді. 1785 жылы Аштархан әулетінің орнына жаңа — Маңғыт әулеті билігіне келді.
05.12.2012 07:38 9388

 

Аштархан әулеті — Орта Азияның тарихындағы әміршілердің әулеті, Бұқар әміршілігін билеген. Негізін қалаған — Бәкі-Мұхаммад хан.[1] Аштархани (Жанилер) әулеті — Шайбани әулетінен кейін Мауераннахрды билеген (1601 — 1756), Жошыдан тараған Астрахан (Қажы Тархан) хандығы билеушілерінің тұқымдары. Астраханды орыстар жаулап алған соң, олар Маңғыстау түбегіне қашып келген. Өз туыстарымен келіспей қалған Жармұхаммед сұлтан баласы Жани сұлтан екеуі Бұхараға келіп, Ескендір ханға (1561 — 83) қызмет етті. Жани сұлтанның ұлдары Дінмұхаммед, Бақимұхаммед, Уәлимұхаммедтер Бұхар билеушісі Абдолла ІІ (1583 — 98) мен оның баласы Әбдімомынның (Абд ал-Муминнің) (1598, ақпан-шілде) сеніміне ие болды. Әбдімомын өлгеннен кейін Бұхар билеушілері өзара қырқысып, Хорасанды Иран шаһы Аббас басып алды. Дінмұхаммед ирандықтармен ұрыста Герат түбінде қаза тапты (1598 — 99). Бақимұхаммед пен Уәлимұхаммед Ташкент пен Самарқанды басып алған Қазақ ханы Тәуекелге қарсы шайқасып, Бұхар хандығында тәртіп орнатуға, шонжарлардың алауыздығын тыюға тырысты. Мұндай жағдайда Бұхардың билеуші топтары таққа Аштарин әулеті өкілін отырғызуға шешім қабылдады. Олар төмендегідей ретпен таққа отырды. Бақимұхаммед хан (7.1601 — 4.1605), Уәлимұхаммед — Баһадүр хан (4.1605 — 10, екінші рет 27.8. 1611 — 8.10.1661), Имамқұл (1610 — 27.8.1911, екінші рет 8.10.1611 — 22.3.1642), Нәдірмұхаммед хан (22.3.1642 — 27.4.1645), Әбіләзиз (Абд әл-Азиз) хан (27.4.1645 — 8.9.1681), Сұбханқұл (8.9.1681 — 5.9.1702), Ұбайдолла хан (5.9.1702 — 14.4.1711), Әбілпейіз (Әбу-л-Феиз) хан (14.4.1711 — 10.7.1747), Әбдмомин (Абд-әл-Мумин) хан (12.7.1747 — 51), Ұбайдолла хан ІІ (1751 — 54), Шерғазы хан (1754 — 56). Бұхарда жарты ғасыр билік құрған Аштарин әулеті мемлекеттің ішкі, сыртқы жағдайын нығайтып, өнеркәсібін, егін ш-н, сауданы, қолөнерін, ғылымын, сәулет және бейнелеу өнерін дамытуға ықпал етті. Ұлы Моғол әулетіне қарсы соғыстың нәтижесінде Балх меншігін қайтарып алды. Аштарин әулетінің билік құруы кезеңінде ханнан кейінгі жоғары лауазымды иеленген аталықтың рөлі күшейді. Самарқанның Регистан алаңының құрылысы Аштарин әулеті билік құрған 17 ғасырдыңортасында аяқталды. Самарқан билеушісі Қазақ Жалаңтөс Баһадүр Шер-Дор мен Тіллә-Кари медресесін салды. Бұхар хандығы тағына маңғыт Мұхаммед Рақым аталықтың отыруымен (16.12.1756) Аштархани әулетінің билігі аяқталды. [2] Шайбани әулетінен шыққан соңғы Бұқардың ханы Абдаллах II 1598 жылында өлген соң, Бұқар дәулетінің тағына жаңа әулеттің өкілдері отырды. Бұл әулет те Шайбани әулетіне құсап Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары еді. Шыңғыс ханның Жошы хан деген үлкен баласының Тоқай Темір деген бір баласы еді. Тоқай Темірдің ұрпақтары Астархан хандығында билеушілер еді.

16 ғ. ортасында Астархан хандығы Ресейге қосылды. Хан әулетінің өкілі — Жани-Мұхаммад сұлтан Бұқарға қашып, Шайбанилардың тұсында жүрген еді. Шайбани Ескендір ханның қызына, Абдаллах II-нің қарындасына үйленді, одан Бәкі-Мұхаммад деген ұлын тапты.

Бәкі-Мұхаммадтың нағашы ағасы өлген соң, ол дәулетін өзіне қаратты. Осылайша жаңа әулетінің негізін қалаушысы болып қалды. Кейін Аштархан әулетінің өкілдері өзіні хан атамай, әмір деп аталауға басталды. Бұл Аштархан әулетінің әлсіз болып кетуінің белгісі еді.

1785 жылы Аштархан әулетінің орнына жаңа — Маңғыт әулеті билігіне келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға