Жаңалықтар

Қазақ

Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия жәнеҚазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс. Қазақ этнонимын шығу тегі Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі. Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған. Кавказ болжамы Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елінКавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия депкасогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасындаәл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав(1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах,казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр. Моңғол болжамы Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған. Енесай болжамы Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады. Қарлық болжамы И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады. Парсы болжамы Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақтерминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті. Түрікмен болжамы Қыпшақ әлеуметтік болжамы Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған. Басқа мәліметтер “Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың“Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөніндеА.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті. Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек. “Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. 13 ғ-да хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында “қазақ” термині ұшырасады. “Данишкеде-и Маққул у Манқул” кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп жазылған: “Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, Хижраның 660 жылы” (1262). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, этн. тегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластыра ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. З.У. Тоғанның пікірінше, мұнда хорасан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ Қ-тарының өкілі айтылып отыр. Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын “Вақфнаме” деген жазбаша құжатында сөзсіз этн. сипаты бар “қазахлу”, “қазахлар” атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта Қ-тар айтарлықтай топ болған. Баяндалған материалдар 9 – 10 ғ-ларда Шығ. Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында “қазақ” атауымен әлеум., ал 11 – 12 ғ-ларда этн.-әлеум. топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұдан моңғол шапқыншылығынан бұрынғы уақытта Қ. этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы жөнінде тұжырым жасауға болмайды. 11 – 12 ғ-ларда Қыпшақ хандығында этн. процестердің даму барысында Қазақхалқының этн. ұйытқысы қалыптасады. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді.  
05.12.2012 07:38 11929

Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия жәнеҚазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
Қазақ этнонимын шығу тегі
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
Кавказ болжамы
Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елінКавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия депкасогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасындаәл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав(1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах,казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамы
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамы
Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қарлық болжамы
И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
Парсы болжамы
Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақтерминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
Түрікмен болжамы
Қыпшақ әлеуметтік болжамы
Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Басқа мәліметтер
“Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың“Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөніндеА.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті. Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек. “Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. 13 ғ-да хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында “қазақ” термині ұшырасады. “Данишкеде-и Маққул у Манқул” кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп жазылған: “Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, Хижраның 660 жылы” (1262). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, этн. тегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластыра ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. З.У. Тоғанның пікірінше, мұнда хорасан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ Қ-тарының өкілі айтылып отыр. Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын “Вақфнаме” деген жазбаша құжатында сөзсіз этн. сипаты бар “қазахлу”, “қазахлар” атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта Қ-тар айтарлықтай топ болған. Баяндалған материалдар 9 – 10 ғ-ларда Шығ. Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында “қазақ” атауымен әлеум., ал 11 – 12 ғ-ларда этн.-әлеум. топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұдан моңғол шапқыншылығынан бұрынғы уақытта Қ. этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы жөнінде тұжырым жасауға болмайды. 11 – 12 ғ-ларда Қыпшақ хандығында этн. процестердің даму барысында Қазақхалқының этн. ұйытқысы қалыптасады. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға