Жаңалықтар

Нұргелді Уәли Мақажанұлы

  Нұргелді Уәли Мақажанұлы – Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.   1945 жылы туған. 1968 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды (1968-1971жж.). 1973 жылдан бері осы Институтта ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995-2008), Институт директорының орынбасары (1995-2009) қызметін атқарды, қазір Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері.   Н.Уәлидің ғылыми еңбектері қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негізгілері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007), «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); «Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті» //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы (2004, бірлескен авторлар), Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007). Уәли Н. жоғары мектепке арналған «Тіл мәдениеті» (2005, бірлескен авторлар) оқу құралының; жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006, 2010) атты оқулықтың, әдістемелік құралдардың; 12 жылдық мектептің 6-сыныбына арналған «Қазақ тілі» байқау оқулығы (2009); «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі. Фонетикалық курс (2009) авторларының бірі. 200-ден астам ғылыми және ғылыми көпшілік мақаласы бар. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылдан бастап жарық көре бастаған «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» нұсқаулығын жасап, жалпы редакциясын басқарып келеді. Бүгінде I-ХІІІ томы жарыққа шығып отырған сөздіктің сапасын көтеруде, сөз байлығын қамтуда ғалымның қосқан үлесі ерекше. Бұрын он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» әртүрлі себептермен енбей қалған көне, сирек сөздер, тұрақты сөз тіркестері, жаңа қолданыстар қоры негізінен Н.Уәлидің ұзақ жылдар бойы жинаған жеке картотека қорынан алынды. «Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстанның және басқа да елдердің тәжірибелеріне ғылыми талдау жасай отырып, латын әліпбиіне көшу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу» атты тәуекел зерттеу бағдарламасының белсенді орындаушысы және тақырып жетекшісі (2007 ж) болған Н.Уәли қазақ жазуының жаңа латын графикасына көшу барысында атқарылатын жұмыстар мен қарастырылуы тиіс міндеттер туралы бастама пікірлер ұсынып, соны идеялар көтерді. «Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» тақырыбының орындаушысы ретінде 2007, 2008 жж. зерттеулер нәтижесін ғылыми жинақтар мен журналдарда жариялады. Н. Уәли өз зерттеулерінде қазақ сөз мәдениетін нормативтік, коммуникативтік, прагматикалық және когнитивтік, лингвомәдени, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырып, оның теориялық пән ретіндегі концептуалдық негіздерін айқындады. Сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде бағалаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың ғылыми негіздерін ұсынды. Қазіргі кезде ол когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным салалары бойынша ғылыми мақалалар топтамасын жариялай бастады. Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін жазылатын сөз мәдениеті жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ зерттеу жұмысында айтылған тұжырымдары мен ұсыныстары нормативті сөздіктерде кодификациялау тәжірибесінде қолданылып жүр. Ғалым ғылыми ұйымдастыру жұмысына белсене араласып келеді. Әсіресе Н.Уәлидің «Тілтаным» ғылыми лингвистикалық басылымының негізін салғанын және ұйымдастырушы-шығарушысы болғанын ерекше атап айтуға болады. Қазіргі кезге дейін аталмыш басылымның 40 басылымы жарық көрді. Институтта орындалған іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қорытындысын жинақтап көрсететін «Тілтанымдық зерттеулер» (2000-2002 жж.; 2003-2005 жж.) атты сериялық басылымның ұйытқысы және ұйымдастырушысы болды.   Ғалымның жетекшілігімен 13 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.   Н.Уәли қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты: ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Мемтерминком (1995-1998); «Мемлекеттік ономастика комиссиясының (2005-тен қазірге дейін) мүшесі; «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының (1991 жылдан қазірге дейін), ҚР ҰҒА-ның Хабаршысы журналының (1996-2009) алқа мүшесі болды. Қыздар педагогтік институтында А.Байтұрсынұлы атындағы зертханалық кабинеттің ашылуына атсалысты. Қазақ тіл білімін дамытуға, жоғары білікті тілші-мамандар даярлау, білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін Уәли Н. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1996); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды (2006), сондай-ақ Халықаралық ИNТАS қоры стипендиясының (1998-1999), «Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның» (2008-2010) иегері болды.  
05.12.2012 07:36 12470

 

Нұргелді Уәли Мақажанұлы – Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
 
1945 жылы туған. 1968 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды (1968-1971жж.). 1973 жылдан бері осы Институтта ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995-2008), Институт директорының орынбасары (1995-2009) қызметін атқарды, қазір Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
 
Н.Уәлидің ғылыми еңбектері қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негізгілері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007), «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); «Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті» //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы (2004, бірлескен авторлар), Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007). Уәли Н. жоғары мектепке арналған «Тіл мәдениеті» (2005, бірлескен авторлар) оқу құралының; жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006, 2010) атты оқулықтың, әдістемелік құралдардың; 12 жылдық мектептің 6-сыныбына арналған «Қазақ тілі» байқау оқулығы (2009); «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі. Фонетикалық курс (2009) авторларының бірі. 200-ден астам ғылыми және ғылыми көпшілік мақаласы бар. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылдан бастап жарық көре бастаған «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» нұсқаулығын жасап, жалпы редакциясын басқарып келеді. Бүгінде I-ХІІІ томы жарыққа шығып отырған сөздіктің сапасын көтеруде, сөз байлығын қамтуда ғалымның қосқан үлесі ерекше. Бұрын он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» әртүрлі себептермен енбей қалған көне, сирек сөздер, тұрақты сөз тіркестері, жаңа қолданыстар қоры негізінен Н.Уәлидің ұзақ жылдар бойы жинаған жеке картотека қорынан алынды. «Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстанның және басқа да елдердің тәжірибелеріне ғылыми талдау жасай отырып, латын әліпбиіне көшу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу» атты тәуекел зерттеу бағдарламасының белсенді орындаушысы және тақырып жетекшісі (2007 ж) болған Н.Уәли қазақ жазуының жаңа латын графикасына көшу барысында атқарылатын жұмыстар мен қарастырылуы тиіс міндеттер туралы бастама пікірлер ұсынып, соны идеялар көтерді. «Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» тақырыбының орындаушысы ретінде 2007, 2008 жж. зерттеулер нәтижесін ғылыми жинақтар мен журналдарда жариялады. Н. Уәли өз зерттеулерінде қазақ сөз мәдениетін нормативтік, коммуникативтік, прагматикалық және когнитивтік, лингвомәдени, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырып, оның теориялық пән ретіндегі концептуалдық негіздерін айқындады. Сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде бағалаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың ғылыми негіздерін ұсынды. Қазіргі кезде ол когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным салалары бойынша ғылыми мақалалар топтамасын жариялай бастады. Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін жазылатын сөз мәдениеті жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ зерттеу жұмысында айтылған тұжырымдары мен ұсыныстары нормативті сөздіктерде кодификациялау тәжірибесінде қолданылып жүр. Ғалым ғылыми ұйымдастыру жұмысына белсене араласып келеді. Әсіресе Н.Уәлидің «Тілтаным» ғылыми лингвистикалық басылымының негізін салғанын және ұйымдастырушы-шығарушысы болғанын ерекше атап айтуға болады. Қазіргі кезге дейін аталмыш басылымның 40 басылымы жарық көрді. Институтта орындалған іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қорытындысын жинақтап көрсететін «Тілтанымдық зерттеулер» (2000-2002 жж.; 2003-2005 жж.) атты сериялық басылымның ұйытқысы және ұйымдастырушысы болды.
 
Ғалымның жетекшілігімен 13 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.
 
Н.Уәли қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты: ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Мемтерминком (1995-1998); «Мемлекеттік ономастика комиссиясының (2005-тен қазірге дейін) мүшесі; «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының (1991 жылдан қазірге дейін), ҚР ҰҒА-ның Хабаршысы журналының (1996-2009) алқа мүшесі болды. Қыздар педагогтік институтында А.Байтұрсынұлы атындағы зертханалық кабинеттің ашылуына атсалысты. Қазақ тіл білімін дамытуға, жоғары білікті тілші-мамандар даярлау, білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін Уәли Н. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1996); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды (2006), сондай-ақ Халықаралық ИNТАS қоры стипендиясының (1998-1999), «Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның» (2008-2010) иегері болды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға