Павлодар облысының әлеуметтік шеңбері
05.12.2012 07:27
4259
Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді: жалпы білім беру лицейлері мен гимназиялар, дарынды балаларға арналған мектептер. Білім берудің мектептен тыс жүйесі қалыптасқан, бұл - облыстық оқушылар Сарайы мен аудандардағы мен қалалардағы балалар шығармашылығы үйлері, жас натуралистер, техниктер станциялары, қалалар шағын аудандарының жасөспірім клубтары. Облыста мектептерді, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерін компьютерлендіру толығымен аяқталған. Internet желісіне барлық мектептер қосылған, облыста білім беру ұйымдарын мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталарамен және проекорлармен, лингафондармен жабдықтау жүргізілуде, компьютерлік техника жаңартылуда. Білім беру жүйесінің дамуына қаржыландыру көлемінің артуы көп септігін тигізуде. 1998 жылдан 2010 жылға дейін білім беру шығындары 6 есеге артқан (4,2 млрд-тан 25,5 млрд теңгеге дейін).
Мектепалды білім беру
Мектепалды білім беру жүйесі облыста тұрғындардың сұранысына бағытталған және бала дамуының жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген білім берудің әр түрлі қызметтерін ұсынатын мектепалды білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын көпқызметті жалпы беру мекемелерінің желісімен байқалады. 2010 жылы 0 мен 7 жас аралығында балалар саны артты және 2010 жылдың 1 қазанында 71451 адамды (2009 жылы — 71250, 2008 жылы — 70866) құрады. Облыстың 2008-2010 жылдарға арналған білім берудің мектепалды ұйымдарын қалпына келтіру мен салу бойынша білім беруді дамыту Бағдарламасының шаралары орындалды. Бір жылда 14 қалпына келтірілді, 1 салынды, қызмет етуші 5 балабақша ауданы 2270 орынға ұлғайтылды. Павлодар облысында 144 мектепалды ұйымдары бар: Павлодар қ.— 66; Екібастұз қ. — 23; Ақсу қ. — 10; Ақоғай ауданында — 2; Баянауыл ауданында— 5; Железинка ауданында — 3; Ертіс ауданында — 4; Қашыр ауданында — 3; Лебяжі ауданында— 7; Май ауданында— 7; Павлодар ауданында — 7; Успен ауданында— 3; Шарбақты ауданында — 4.
Орта білім
Павлодар облысының орта білім беру жүйесі 416 мектеп және мектеп-интернатты қамтиды: Павлодар қ.— 45; Екібастұз қ. — 49; Ақсу қ, — 34; Ақтоғай ауданы — 30; Баянауыл ауданы — 33; Железинка ауданы — 36; Ертіс ауданы — 31; Қашыр ауданы — 31; Лебяжі ауданы — 23; Май ауданы — 14; Павлодар ауданы — 28; Успен ауданы — 20; Шарбақты ауданы — 28; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер — 14.[27] Облыста 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған мектеп бар. Оның құрамына дарынды балаларға арналған 3 гимназия, дарынды балаларға арналған 5 мектеп лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған кадеттік мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, «Жас дарын» (Павлодар қ.) және «Зерде» (Екібастұқ қ.) мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған 2 мектеп. 2010 жылы мамандандырылған мектептер қатарына Ақсу қаласының мемлекеттік тілде оқытатын гимназиясы қосылды. 128 мектеп (30,1 %) жаңа 12-жылдық орта білім беру моделінің құрылымы мен мазмұнын апробациялау, ағылшын тілін 2 сыныптан бастап, үштілді және бейінді оқыту эксперименті аясында британдық «Макмиллан» баспасының ОӘК-нін апробациялау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды апробациялау бойынша республикалық және облыстық тәжірибелік алаң болып табылады. Облыста 25 кәсіптік мектеп пен лицей бар: Павлодар қ. — 12, Екібастұз және Ақсу қалаларында — 2 мектептен, Қашыр, Железинка, Ертіс, Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарында — 1 мектептен. Облыста 29 колледж жұмыс істейді, олардың 22-сі Павлодар қаласында орналасқан, Екібастұз қ. — 5, Ақсу қаласы мен Красноярка ауылында — 1 колледжден.
Жоғары білім
Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан:
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Инновациялық Еуразия Университеті
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз Инженерлік-Техникалық Институты
Сонымен қатар, Павлодар облысында Мемлекеттік Медициналық Университет (Семей қ.), Алматы Экономика және Статистика Академиясы (Алматы қ.) сияқты басқа да жоғары оқу орындарының филиалдары орналасқан. Павлодар облысының білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызы болып табылады.
Денсаулық сақтау
Павлодар облысы денсаулық сақтауының тарихы 1905 жылы облыстағы бірінші медициналық мекеме Павлодар ауруханасынан басталады. 1907 жылы земство қаражатына Песчаное, 1912 жылы Ертіс ауылдарында он орындық емханалар ашылды. Бұл уақытқа қарай сегіз болыста фельдшерлік пункттер жұмыс атқарып жатты. 1920 жылдың қаңтарында Павлодар уездік атқару комитеті жанынан денсаулық сақтау бөлімі ашылды. 1926 жылы Павлодар уезінде 391 орындық 10 аурухана, 6 дәрігер мен 51 дәрігер көмекшісі, 1939 жылы 871 орындық 34 аурухана (10 қалалық және 24 ауылдық), 40 амбулаториялық-емханалық ұйым, 53 фельдшерлік-акушерлік пункт, маляриямен күрес бойынша 2 тірек пункт және 1 автокөлігі бар жедел жәрдем станциясы жұмыс атқарды. Екі ауруханада рентген кабинеттері мен клиникалық-диагностикалық лабораториялар болды. Дәрігерлер саны 30 адамға дейін өсті, ауылдық жерлерде олардың саны 10 адамға жетті.
Бүгінгі күні облыста 403 медициналық объект жұмыс атқарады, олардың ішінде 65 заңды тұлға: 34 ауруханалық ұйым, 7 диспансер, 12 амбулаториялық-емханалық ұйым және басқа 12 медициналық ұйым. Одан басқа, ОАА мен емханалар құрамына 3 ауылдық учаскелік аурухана, 76 дәрігерлік амбулатоия, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 237 медициналық пункт кіреді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2467 дәрігер мен 6072 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлермен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 33,0 құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 81,3 құрайды. Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста 120 жекеменшік ұйымдар жұмысын атқарады. Олардың ішіндегі 95 заңды тұлға, ал 22 жеке кәсіпкер болып табылады. Бұл ұйымдарда 506 дәрігер мен 898 орта буын медицина қызметкері жұмысын істейді.
Павлодар теміржол ауруханасы
Областық диагностикалық орталық
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы және т.б.
Облыста денсаулық сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы аясында 2012-2015 жылдары 2 емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер-акушерлік пункт, 43 медициналық пункт құрылысы туралы мәселе шешілді. Облыста белсенді түрде мобильді медицина дамуда, ол 11 жылжымалы қондырғыдан тұрады: 6 стоматологиялық, 4 флюорографиялық, 3 амбулаториялық және 1 маммографиялық жылжымалы кешен. 2011 жылы заманауи жабдықталумен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі көздерден 1 миллиард 353 миллион теңге бөлінді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қасымов Нұрлан Кәукенүлы болып табылады
Спорт
Павлодар облысында жыл сайын дене тәрбиесі мен спорт дамуының көрсеткіші өсуде. 1991 жылы спортпен шұғылданатындар саны 97136 болса, 2001 жылы 102032 адам (+ 4896 адам), ал 2010 жылы бұл сан 162545 дейін өскен (1991 жылмен салыстырғанда + 65409 адам).
Дәстүрлі ат жарыстары, қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа аударыспақ, теңге алу, қыз қуу және кұсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлерінің спортшылары тұрақты түрде республикалық жарыстарға қатысады. Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен шамамен 9000 адам айналысады.
Спортшылардың денсаулығын тексеру, бақылау және қалыптандыру мақсатында 2004 жылы дәрігерлік-физкультуралық диспансер жаңа ғимаратта өз жұмысын жалғастырды. Жыл сайын диспансер 6000 жуық спортшымен жұмыс жасайды. 2006 жылы 50 адамдық Олимпиадалық резерв дайындау орталығы құрылды. Спорттық мектептерде 19248 оқушы білім алады (2001 жылмен салыстырғанда +6205).
Павлодарда 20 спорттық мекеме жұмыс істейді, оларға «Астана» мұз айдыны мен мамандандырылған бокс орталығы да кіреді. Екібастұз қаласында 5 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектеп жұмыс істесе, Ақсу мен аудан орталықтарында бұндай спорттық мектептер – біреуден.
Футбол:
Павлодар облысының футбол клубтары:
«Ертіс» ФК
«Екибастузец» ФК
«Батыр» ФК
Бокс:
2011 жылдың 17 мен 21 мамыр аралығында Павлодарда КСРО-ның спорт шебері,екі мәрте Еуропаны чемпионы, Павлодар тумасы Серік Конақбаевқа арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Бұл шарада 12 мемлекеттен барлығы 190 боксшы қатысты. Сонымен қатар, 2011 жылдың 12-інші мен 16-шы желтоқсанда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, ПМУ профессоры – Рафаэль Вахитовқа арналған IV ашық турнирі өтіп, онда 12 мемлекеттен 135 боксшы қатысы. 2011 жылдың 13 желтоқсанында Павлодар Мұнайхимия зауыты демеушілік еткен бокстың Мамандандырылған орталығы ашылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұрғалиев Рымғали