Жаңалықтар

Қостанай ауданы

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ – Қостанай обл-ндағы әкімш. бөлік. 1963 ж. бұрынғы Затобольск, Қостанай аудандары мен Обаған ауд-ның батыс бөлігін біріктіру негізінде құрылған. Аум. 7,6 мың км2. Тұрғыны 65,5 мың адам (2003). Аудандағы 55 елді мекен 1 кенттік, 18 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Затобольск кенті. Ауданның аумағы Бат. Сібір ойпатының оңт.-батысында, Тобыл өз-нің екі жағын бойлай қара топырақты орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жер беті негізінен жазық. Теңіз деңгейінен биікт. 200 – 220 м, Тобыл өз-нің жағасында 130 – 140 м. Қ. а. облыстағы кен байлықтары қорына өте бай аудандардың бірі. Оның жер қойнауында темір кенінің, керамзит және кірпіш балшықтарының, құрылыс құмының кен орындары бар. Олардың ішінде Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл темір кендерінің респ. маңызы зор. Қ. а-ның климаты тым континенттік. Қысы суық, ұзақ. Қаңтарда орташа ауа темп-расы –17ӘС. Қыс қатты жылдары темп-ра –40ӘС-қа дейін төмендейді. Жазы біршама ыстық. Шілдеде орташа ауа темп-расы 20 – 21ӘС. Жазы аса ыстық жылдары кейде 35 – 40ӘС-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм шамасында. Аудан жер беті суларына біршама бай. Орт. бөлігі арқылы облыстағы ең ірі Тобыл өз. ағып өтеді. Ірі көлдері: Үлкенқопа, Жаржалтыр, Сарыкөл, өзынкөл, Байжарық, Қосжалтыр, Шегебай, Тастемір. Аудан жерінің топырағы, негізінен селеулі-бетегелі өсімдіктер өскен қара топырақтан тұрады. Солт.-батыс және оңт-нің көлді бөлігінде жусан жиі кездесетін сортаң қара топырақ, шығысында қайың, терек және қарағай аралас өскен Арақарағай орманының алқабында күлгін, ал Тобыл өз-нің аңғарында шалғынды топырақ тараған. Жануарлар дүниесінен аудан аумағында қасқыр, түлкі, қоян, дала кемірушілері, елік; құстардан бүркіт, қаршыға, өзен мен көлдерде қаз, үйрек, аққу болса, жағалауларында қызғыш, тауқұдірет, далалық жерлерде бозторғай кездеседі. Қ. а. облыстағы халық ең жиі қоныстанған аудан. Мұнда халықтың орташа тығызд. 1 км2 жерге 8,6 адамнан келеді.  Қ. а-нда а. ш-мен 402 шаруа қожалықтары, 55 ЖШС, 2 акцион. қоғам, 1 ӨК айналысады. Бұлардан басқа а. ш-н ғыл. негізде өркендетудің жолын іздестіретін 3 мемл. сорт телімі, тұқымдық мал (оның ішінде Қостанай жылқы з-ты) мен тәжірибе стансалары, басқа да мекемелер жұмыс істейді. 2000 ж. Қ. а-нда а. ш-на жарамды жердің аум. 445,2 мың га болды, оның 303,7 мың га-сы немесе 68,2%-нан астамы егістік жер.  Негізгі өнеркәсібі 3 май з-ты, жол техникасын жөндейтін з-т, құрылыс материалдары комб., арнайы машина жасау з-ты, шағын кірпіш з-ты, минералды су шығаратын цех, екі орман ш. өндірістік кәсіпорны, 4 астық қоймасынан тұрады. Аудан жері арқылы 6 бағытта асфальтты автомоб. жолдары өтеді. Олардың жалпы ұз. 1320 км. Мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелерінен 57 мектеп (олардың 22-сі орта), екі кәсіптік-тех. мектеп, ауд. аурухана, 40 фельдш.-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 5 мәдениет үйі, 35 кітапхана, 5 мұражай бар. Қ. Базарбаев  
05.12.2012 07:23 4755

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ – Қостанай обл-ндағы әкімш. бөлік. 1963 ж. бұрынғы Затобольск, Қостанай аудандары мен Обаған ауд-ның батыс бөлігін біріктіру негізінде құрылған. Аум. 7,6 мың км2. Тұрғыны 65,5 мың адам (2003). Аудандағы 55 елді мекен 1 кенттік, 18 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Затобольск кенті. Ауданның аумағы Бат. Сібір ойпатының оңт.-батысында, Тобыл өз-нің екі жағын бойлай қара топырақты орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жер беті негізінен жазық. Теңіз деңгейінен биікт. 200 – 220 м, Тобыл өз-нің жағасында 130 – 140 м. Қ. а. облыстағы кен байлықтары қорына өте бай аудандардың бірі. Оның жер қойнауында темір кенінің, керамзит және кірпіш балшықтарының, құрылыс құмының кен орындары бар. Олардың ішінде Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл темір кендерінің респ. маңызы зор. Қ. а-ның климаты тым континенттік. Қысы суық, ұзақ. Қаңтарда орташа ауа темп-расы –17ӘС. Қыс қатты жылдары темп-ра –40ӘС-қа дейін төмендейді. Жазы біршама ыстық. Шілдеде орташа ауа темп-расы 20 – 21ӘС. Жазы аса ыстық жылдары кейде 35 – 40ӘС-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм шамасында. Аудан жер беті суларына біршама бай. Орт. бөлігі арқылы облыстағы ең ірі Тобыл өз. ағып өтеді. Ірі көлдері: Үлкенқопа, Жаржалтыр, Сарыкөл, өзынкөл, Байжарық, Қосжалтыр, Шегебай, Тастемір. Аудан жерінің топырағы, негізінен селеулі-бетегелі өсімдіктер өскен қара топырақтан тұрады. Солт.-батыс және оңт-нің көлді бөлігінде жусан жиі кездесетін сортаң қара топырақ, шығысында қайың, терек және қарағай аралас өскен Арақарағай орманының алқабында күлгін, ал Тобыл өз-нің аңғарында шалғынды топырақ тараған. Жануарлар дүниесінен аудан аумағында қасқыр, түлкі, қоян, дала кемірушілері, елік; құстардан бүркіт, қаршыға, өзен мен көлдерде қаз, үйрек, аққу болса, жағалауларында қызғыш, тауқұдірет, далалық жерлерде бозторғай кездеседі. Қ. а. облыстағы халық ең жиі қоныстанған аудан. Мұнда халықтың орташа тығызд. 1 км2 жерге 8,6 адамнан келеді. 

Қ. а-нда а. ш-мен 402 шаруа қожалықтары, 55 ЖШС, 2 акцион. қоғам, 1 ӨК айналысады. Бұлардан басқа а. ш-н ғыл. негізде өркендетудің жолын іздестіретін 3 мемл. сорт телімі, тұқымдық мал (оның ішінде Қостанай жылқы з-ты) мен тәжірибе стансалары, басқа да мекемелер жұмыс істейді. 2000 ж. Қ. а-нда а. ш-на жарамды жердің аум. 445,2 мың га болды, оның 303,7 мың га-сы немесе 68,2%-нан астамы егістік жер. 
Негізгі өнеркәсібі 3 май з-ты, жол техникасын жөндейтін з-т, құрылыс материалдары комб., арнайы машина жасау з-ты, шағын кірпіш з-ты, минералды су шығаратын цех, екі орман ш. өндірістік кәсіпорны, 4 астық қоймасынан тұрады.
Аудан жері арқылы 6 бағытта асфальтты автомоб. жолдары өтеді. Олардың жалпы ұз. 1320 км. Мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелерінен 57 мектеп (олардың 22-сі орта), екі кәсіптік-тех. мектеп, ауд. аурухана, 40 фельдш.-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 5 мәдениет үйі, 35 кітапхана, 5 мұражай бар.
Қ. Базарбаев
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға