Корея республикасы
Корея (кор. хангу́к – таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. [tɛːhanminɡuk̚] – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [2]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.

