Өнеркәсіп капиталы
05.12.2012 06:17
4674
ӨНЕРКӘСІП КАПИТАЛЫ – қосымша құн өндіру үшін алдын ала төленген капитал. Оның құрылымы айналыс кезеңінен де, өндіріс кезеңінен де құралады. Ол материалдық және бейматериалдық өндірісі капиталдық негізде ұйымдастырылған кез келген салада: тек өнеркәсіпте ғана емес, сонымен бірге а. ш-нда да, құрылыста да, көлікте де, қызметтер көрсету саласында да жұмыс істейді. “Ө. к.” ұғымын ғыл. айналымға К.Маркс енгізді (Капитал, 2-т.). Ө. к. қозғалысының формуласы: А – Т…Ө…Т*–А*. Ө. к. өзінің қозғалысын ақшадан (А) бастайды, Ө. к-ның ауыспалы айналымының бұл сатысында өндіріс үдерісін (Т) жүзеге асыруға қажетті жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдығы сатып алынады, сөйтіп, құн өндіру мұқтажына алдын ала төленетін капиталды ұлғайту үдерісі жүзеге асырылады. Екінші саты – өндіріс үдерісі (Ө). Мұнда жаңадан тұтыну құны жасалады және алдын ала төленген капиталдың құны көбейеді; бұл сатыда Ө. к. өндіргіш капитал нысанына айналады. Үшінші саты алдын ала төленген капиталдың көбейген құнынан құралатын өндірілген тауарды сату үдерісін – қосымша құнды (Т*), яғни осы тауардың ақшаға айналуын (А*) қамтиды. Бұл сатыда Ө. к. тауар капиталы нысанына айналады. Өндірілетін өнім заттық сипатта болмайтын, ал өндіріс үдерісі уақыт жағынан тұтыну үдерісімен сәйкес келетін бейматериалдық өндіріс саласында Ө. к. қозғалысы біраз басқаша түрде болады: А–Т…Ө*–А*.
Ө. к. 15 – 16 ғ-ларда капиталдың алдындағы нысандары болып табылатын тауар қатынастарының – сауда, несие қатынастарының дамуы, феод. қатынастардың ыдырауы нәтижесінде, капиталдың бастапқы қорлануы, жұмыс күшінің тауарға айналуы барысында пайда болды. Ө. к. дамудың төрт кезеңінен өтті, олар: жай капит. кооперация, мануфактура, ф-калық өнеркәсіп, ғыл. зерттеулер мен өнеркәсіптік өндіріс ұйымдық және технол. жағынан ұштастырылған ғыл.-өндірістік кешендер. Ө. к-ның пайда болуына орай өндіріс үдерісі алғаш рет капиталдың қозғалысқа түсу сәтіне айналады; мұның өзі оған қуатты даму серпінін береді: ол пайданы иемдену міндетін ғана емес, сонымен бірге оны жасау міндетін де атқарады. Ғылымның (ең алдымен қолданбалы ғылымның) дамуы, ғыл. өндіріс кезеңінің Ө. к. қозғалысының үдерісіне енгізілуі капиталдың айрықша міндетіне айналады. Ө. к. қозғалысына күрделі, жаңа сапалы жұмыс күшінің ұдайы қалпына келтірілуі үдерісінің енгізілуі Ө. к. қозғалысындағы басқа бір жаңа құбылыс болып табылады.
О. Әлиев
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кавказ соғысы