Жаңалықтар

Кавказ соғысы

Кавказ соғысы – Ресей империясының Кавказ халықтарын бағындыру үшін 18 – 19 ғасырларда жүргізген соғыстары. 18 ғасырдың бас кезінен бастап Ресей үкіметі Кавказдағы өзара қырқысып жатқан халықтардың ішкі істеріне араласа бастады. 1722 – 23 жылы парсы жорығы кезінде Ресей әскерлері Дербент пен Бакуді басып алды және Солтүстік Кавказда әскери бекіністер тұрғыза бастады. 1768 – 74 жылы орыс-түрік соғысы кезінде Кавказдағы кейбір халықтар (ноғай, кабарда-черкес, шешен, т.б.) Ресейге қарсы түрік-татар әскерлері жағында соғысты. Бірақ, 1774 жылы Түркия жеңіліп, Кабарда мен Солтүстік Осетия Ресейге қосылды. Ресей үкіметі Грузия соғыс жолының құрылысын бастап, оның бойында бірнеше бекіністер, соның ішінде Владикавказ қорғанын (1784) салды. 1785 жылы Шешенстан мен Кабарда жерінде отаршыларға қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басталып, бірден көрші аймақтарға тарап кетті. Көтеріліс басшысы Шейї Мансур Кавказ халықтарын ғазауат соғысына шақырды. Мансурмен соғысу үшін және Түркия тарапынан қауіптенген Ресей Шығасыр Грузиядағы әскерін кері шақырып алуға мәжбүр болды. Шешенстан мен Дағыстандағы көтерілістер діни сипат алып, 19 ғасырдың бас кезінде одан әрі күшейді. Олар Кавказдағы Ресей армиясына (қолбасшысы А.П. Ермолаев) бірнеше күшті соққылар берді. Патша әскерлері көтерілісшілерді қатты жазалап, Шекин, Шерван, Карабах хандықтарын жойып жіберді де, жаулап алған жерлерге Внезапная (1819), Бурная (1821) бекіністерін тұрғызды. Ал көтерілістер толастау орнына одан әрі күшейе түсті. Азаттық қозғалысы ислам дінінің жауынгерлік ағымы мүридшілдікті бетке ұстады. Бұл көтерілістерді Иран және Түркия үкіметтері өз мүдделеріне пайдалануға тырысты, бірақ орыс-иран (1826 – 28), орыс-түрік (1828 – 29) соғыстары Ресейдің жеңуімен аяқталды. 19 ғасырдың 30-жылдары Шешенстан және Дағыстан жерінде шешен, авар тайпаларынан тұратын жаңа мемлекет – имамат құрылды. Бұл мемлекет 3-имам Шамиль басқарған кезде нағыз дәуірлеу шағына көтерілді (қ. Шамиль). Шамиль имамат аймағын 2 есе ұлғайтып, Лазарев, Вельяминов, Николаев, Михайлов бекіністерін басып алды. Көптеген жазалаушы отрядтарды талқандап тастады. Осыдан кейін 1840 – 50 жылы Ресейге қарсы адыгейлер, абхаздар, Оңтүстік Осетия, Грузия, Кабарда, Дағыстан халқы түгелімен көтерілді. 1853 – 56 жылы Қырым соғысы кезінде Шамиль Түркия мен Англиядан көмек алуға ұмтылды. Бірақ ұзаққа созылған соғыстардан көтерілісшілер қажып, қатарлары сирей бастады, әрі Кавказ халықтары Ресей бекіністерін талқандағанымен, Түркияға да бағынғылары келмеді. 1856 жылы Париж бітімінен кейін Ресей үкіметі көтерілісшілерді басуға 200 мың әскер шығаруға мүмкіндік алды. 1859 жылы патша әскерлері көтерілістің негізгі ошағы Шешенстан мен Дағыстанның таулы аудандарын жаулап алды. 1859 жылы 25 тамызда Шамиль қолға түсіп, ішкі Ресейге жер аударылды. Сөйтіп, Ресей империясы орасан зор күш жұмсаудың арқасында Кавказ халықтарын бағындыруға қол жеткізді.  
05.12.2012 06:17 7076

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға