Қоңырат
ҚОҢЫРАТ – Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың этник. тарихында Қ. тайпасының орны ерекше. Қ. тайпасы көтенші, көктіңұлы деген екі үлкен бірлестіктен тұрады. Көтеншіден – жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл тараса, көктіңұлынан – байлар, жандар, аққой, оразгелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш ұрпақтары өрбиді. Қазақтардың құрамына кірген Қ-тар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанның оңт-нде мал ш-мен айналысқан. Жаз айларында солт-тегі Қорғалжын к-не дейінгі аумақта жайлауға шығып отырған. Моңғол, араб, парсы деректері және Қытай авторлары бұл тайпаны ежелгі қият тайпасы және моңғол үстіртін мекендеген олхонут, хонхират руларымен байланыстырады. Осыған орай, бірқатар зерттеушілер (В.Бартольд, Д.Оссон, Б.Сайшаал, т.б.) Қ-тарды моңғол текті тайпа деп есептейді.

