Жаңалықтар

Қыпшақтардың тайпалық және этникалық құрамы

Қыпшақтардың тайпалық және этникалық құрамы Тайпалық және этникалық құрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.   XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Жазбаша ескерткіштерi Жазбаша (ертедегі орыс) ескерткіштердегі мәліметгерді түсіндірген кезде белгілі қиындықтардың тууы содан. Орта ғасырлардағы Византия тарихнамасына да байланысты істің жайы нақ осындай. 1078 жылы византиялықтар өздерінің батыстағы көршілерінің шың этникалық атауы қумандар екенін бірінші болып біліп, бұл атауды [[[Дешті Қыпшақ]]тың барлық түрік тайпаларына таратты. Бұл дәстүр Византия әдебиетінде тура XIV ғасырға дейін сақталды. «Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр аралығында деп белгіленді. Ал мұсылман деректемелеріне сәйкес, батыс Дешті Қыпшақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің (XII г.) мәліметтері қумандардың көшіп жүретін жерлері Днестр мен Днепр аралығында орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай қыпшақ тайпаларының ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік береді. Батыс бірлестігі қыпшактарьтның тайпалық құрамы он бір тайпадан: тоқсоба, йетиоба, бұржоғлы, елбөрілі, қаңғаротлы, анджоғлы, дурут, қүлабаоглы, жартан, қарабөріклі, қотан тайпаларынан тұрған. Біршама біртектес этникалық құрамы атап өтіледі, оған тек түрік тайпалары: қыпшақ, куман және печенег тайпалары ғана кірген. Қыпшақ тайпаларынын батыс конфедерациясындағы жетекші әулеттік тайпа тоқсоба мен бұржоғлы болған. Қазақстан аумағында қурылған Шығыс қыпшақ бірлестігінде этникалық байланыстардың даму және терендеу дәрежесі, сондай-ақ қыпшақ этносының қалыптасу деңгейі Шығыс ұлыс қыпшақтарының тайпалық құрылымы бойынша әжептәуір айқын анықталады. Араб ғалымдары Ахметат-Тыни (1235—1318) және ад-Димашкидің (1301—1349) еңбектерінде Шығыс ұлыс қыпшақтарының рулық- тайпалық құрамы туралы нақты деректер бар. Ол 16 этникалық компоненттен тұрған. Олардың 8-і негізгі тайпалар болған да, одан кейінгі 8 этникалық компонент неғұрлым ұсақ бөлімшелер болып табылады. Қыпшақтардың он алты тайпалық конфедерациясы тізімінің өзі ретсіз кездейсоқ сипатта болмағанын атап өту маңызды. Керісінше, онда бәрі де аталған этникалық бөліністердің әрқайсысы әулеттік, әлеумеггік және саяси орны мен деңгейіне сәйкес қатан реттелген. Ең бірінші жетекші, тандаулы тайпа бөрілілер (басқа деректемелер бойынша елбөрілілер) болып, қыпшақ хандары ұрпақтан ұрпаққа солардың қатарынан шығып келген. Бөрілі терминінің семантикасы «қасқыр» мағынасымен байланысты. Тарихи және этнографиялық әдебиетте бірқатар турік этносының аңызға айналған негізін қалаушы ретіндегі қасқырға табыну және түрік тайпаларынын ертедегі даму сатыларындағы қасқырдың тәтемдік рөл атқаруы кеңінен белгілі. Бөрілілер (елборілілер) Орталық Азиядан шыққан ертедегі турік тайпасы болған. Екіншісі — тоқсоба, ол да «тоғыз тайпалы» деген мағынамен тандаулы тайпаларға есептеледі. Одан әрі йетиоба, яғни жеті тайпалы (жетіру), содан сон «төрт тайпалы» дегенді білдіретін дурут тайпасы (туртоба) келеді. Бесінші тайпа етіп әл-арс аталады, олар аландарға туыстас иран тайпасы астар деп саналады. Осының бәріне қарағанда, Арал теңізіне көршілес мекендеген түркі тілдес астардың (арстардың) жекелеген топтары қыпшақ тайпаларының құрамына енсе керек. Одан әрі бұржоғлы тайпасы келеді, олар басқалармен қатар оңтустік орыс далаларында қыпшақ қоғамының үстем тобын құрып, ал Мысырда өз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетінші етіліп манкуроглы тайпасы көрсетіледі, олар, тегінде, қимак тайпаларының біреуіне жататын болса керек. Бірқатар деректемелердің мәліметтері бойынша, қимақтер елінде Манкур таулары болған. Тәтем ретінде, таулардын аты қимақтер конфедерациясының жекелеген топтарына берілген болса керек. Соңғы ірі тайпа ретінде қимақ тайпасы — мұсылман тобының көптеген жазбаша деректемелер! бойынша, түркі тілдес қимақ этносының нақ өзі аталады. XI ғасырдан бастап, шынына келгенде, Қимақ қағанаты құлағаннан кейін, жазбаша деректемелерде қимақ атауы енді аталмай, ол өзінің диалектілік түріндегі қимақтерге орнын толық босатып берген. Қыпшақтар мен қимақтердің этникалық-саяси және этникалық-мәдени асқан тығыз байланыстарының топ- тасудың жоғары денгейіне жеткені соншалық, Махмұд Қашғари (XI г.) дәуірінде қимақтарді кыпшақтар деп атаған, ал қыпшақтар болса өздерін басқа атаумен атаған. Тайпалардың қарастырылып отырған тізімі тұрғысынан алғанда, ад-Димашки қимақтар жөнінде: «ал олар (қимақтар) сол кезде-ақ хорезмдіктерге айналған еді» деген мазмұндағы ескертпе жасайды. Бұл арада ең алдымен қимақ ханының қызы, хорезмшах Текештің әйелі Теркен-қатынның қызметінде болған 10 мың адамдық қимақ әскерінің контингенті айтылып отыруы ықтимал. Ұсақ бөлімшелер арасында бірінші кезекте тағ этнонимі аталған. Ертедегі оғыз аңыздарына қарағанда, тағ тайпасы оғыздардан шыққан. Содан соң ертедегі башкұрт тайпасы — жекелеген топтары X ғасырда Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларына қоныстанған башқұрттар айтылады. Соның ізінше қуманлу этнонимі, яғни қуман — лу (билеу немесе қатынас аффикс) тайпасы аталады. Бұлар, кумандардың негізгі көпшілігі Шығыс Еуропаға көшіп кеткеннен кейін Қазақстан аумағында қалған қуман тайпаларынын топтары болса керек. Одан сон екі тайпа: базанақ (ба- жанақ) жэне бажна тайпалары айтылады, ал олар башкұрттармен бірге печенег тайпаларының одағына кірген. IX ғасырдың бірінші жартысында олар оғыздардың қимақтар мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс тауып, содан кейін іле-шала негізгі бұқарасы Арал теңізі, Жем мен Жайық аймағынан батысқа ауып көшуге мәжбүр болған еді. Жазбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдес үш тайпаның жекелеген бөлімшелері Батыс Қазақстанда қалып, қыпшақтар бірлестігінің құрамына енген. Осыдан кейін қарабөріклі аталады, олар да Арал өңірінің печенег тайпаларына жатады. Семантикасы жағынан бұл тайпа қарақалпақ тайпасының атауына сай келеді. Содан сон үз, шыңдығында оғыз тайпасы келеді, өйткені халық оларды осылай атаған. Қыпшақтар құрамында ең соңынан аталатыны — жортан (шортан) этнонимі. Бұл сөздің «шортан» деген мағынадағы семантикасы оның түрік негізінде екенін көрсетеді. Демек, конфедерацияға қимақ (имек, манқұроглы), оғыз (ұз және тағ), печенег-башқұрт (башкұрт, бажанак, бажа), ас, қуман (куманлу, бұржоғлы ( және жортан) тайпалары мен қыпшақ тайпаларынын өздері (бөрілі/ елборілі, тоқсоба, йетиоба және тортоба) енген, оларды атап көрсетудің әсіресе қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасу жәлы туралы мәселені қарастыру кезінде принципті маңызы бар. Кыпшақтар конфедерациясы тайпалык құрамының XI—XII ғасырларга қатысты құрылымы оның күрделі және әр текті болғанын барынша айқын көрсетеді. Қыпшақ конфедерациясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес қимақ, қуман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз тайпаларын, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің түркі тілдес элементтерін жинақтаған. Ал мұның өзі иерархияға және оған қоса әлеуметтік организмдер болатын. Тегінде, топтасу және бірігу негізінде туыстас қыпшақ тайпалары одағынан халық болып ұйысу үрдісі жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне ұйымдасқан қыпшактар халықтың қалыптасу сатысында бірқа- тар жағдайларда өздерінің қол астындағы халықты сіңістіре отырып, кең- байтақ аймаққа таралуға қабілетті болып шықты. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасуына аталған тайпалармен қоса, XII ғасырдың екінші жартысында шағын топтары Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларының шегінде этникалық-аумақтық бірлестік құрған көп санды қаңлы тайпалары пәрменді түрде қатысты.
05.12.2012 06:11 25340

Қыпшақтардың тайпалық және этникалық құрамы

Тайпалық және этникалық құрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.

 

XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған.

Жазбаша ескерткіштерi

Жазбаша (ертедегі орыс) ескерткіштердегі мәліметгерді түсіндірген кезде белгілі қиындықтардың тууы содан. Орта ғасырлардағы Византия тарихнамасына да байланысты істің жайы нақ осындай. 1078 жылы византиялықтар өздерінің батыстағы көршілерінің шың этникалық атауы қумандар екенін бірінші болып біліп, бұл атауды [[[Дешті Қыпшақ]]тың барлық түрік тайпаларына таратты. Бұл дәстүр Византия әдебиетінде тура XIV ғасырға дейін сақталды.

«Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр аралығында деп белгіленді. Ал мұсылман деректемелеріне сәйкес, батыс Дешті Қыпшақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің (XII г.) мәліметтері қумандардың көшіп жүретін жерлері Днестр мен Днепр аралығында орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай қыпшақ тайпаларының ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік береді. Батыс бірлестігі қыпшактарьтның тайпалық құрамы он бір тайпадан: тоқсоба, йетиоба, бұржоғлы, елбөрілі, қаңғаротлы, анджоғлы, дурут, қүлабаоглы, жартан, қарабөріклі, қотан тайпаларынан тұрған.

Біршама біртектес этникалық құрамы атап өтіледі, оған тек түрік тайпалары: қыпшақ, куман және печенег тайпалары ғана кірген. Қыпшақ тайпаларынын батыс конфедерациясындағы жетекші әулеттік тайпа тоқсоба мен бұржоғлы болған. Қазақстан аумағында қурылған Шығыс қыпшақ бірлестігінде этникалық байланыстардың даму және терендеу дәрежесі, сондай-ақ қыпшақ этносының қалыптасу деңгейі Шығыс ұлыс қыпшақтарының тайпалық құрылымы бойынша әжептәуір айқын анықталады. Араб ғалымдары Ахметат-Тыни (1235—1318) және ад-Димашкидің (1301—1349) еңбектерінде Шығыс ұлыс қыпшақтарының рулық- тайпалық құрамы туралы нақты деректер бар. Ол 16 этникалық компоненттен тұрған. Олардың 8-і негізгі тайпалар болған да, одан кейінгі 8 этникалық компонент неғұрлым ұсақ бөлімшелер болып табылады. Қыпшақтардың он алты тайпалық конфедерациясы тізімінің өзі ретсіз кездейсоқ сипатта болмағанын атап өту маңызды. Керісінше, онда бәрі де аталған этникалық бөліністердің әрқайсысы әулеттік, әлеумеггік және саяси орны мен деңгейіне сәйкес қатан реттелген.

Ең бірінші жетекші, тандаулы тайпа бөрілілер (басқа деректемелер бойынша елбөрілілер) болып, қыпшақ хандары ұрпақтан ұрпаққа солардың қатарынан шығып келген. Бөрілі терминінің семантикасы «қасқыр» мағынасымен байланысты. Тарихи және этнографиялық әдебиетте бірқатар турік этносының аңызға айналған негізін қалаушы ретіндегі қасқырға табыну және түрік тайпаларынын ертедегі даму сатыларындағы қасқырдың тәтемдік рөл атқаруы кеңінен белгілі. Бөрілілер (елборілілер) Орталық Азиядан шыққан ертедегі турік тайпасы болған. Екіншісі — тоқсоба, ол да «тоғыз тайпалы» деген мағынамен тандаулы тайпаларға есептеледі. Одан әрі йетиоба, яғни жеті тайпалы (жетіру), содан сон «төрт тайпалы» дегенді білдіретін дурут тайпасы (туртоба) келеді. Бесінші тайпа етіп әл-арс аталады, олар аландарға туыстас иран тайпасы астар деп саналады. Осының бәріне қарағанда, Арал теңізіне көршілес мекендеген түркі тілдес астардың (арстардың) жекелеген топтары қыпшақ тайпаларының құрамына енсе керек. Одан әрі бұржоғлы тайпасы келеді, олар басқалармен қатар оңтустік орыс далаларында қыпшақ қоғамының үстем тобын құрып, ал Мысырда өз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетінші етіліп манкуроглы тайпасы көрсетіледі, олар, тегінде, қимак тайпаларының біреуіне жататын болса керек. Бірқатар деректемелердің мәліметтері бойынша, қимақтер елінде Манкур таулары болған. Тәтем ретінде, таулардын аты қимақтер конфедерациясының жекелеген топтарына берілген болса керек. Соңғы ірі тайпа ретінде қимақ тайпасы — мұсылман тобының көптеген жазбаша деректемелер! бойынша, түркі тілдес қимақ этносының нақ өзі аталады. XI ғасырдан бастап, шынына келгенде, Қимақ қағанаты құлағаннан кейін, жазбаша деректемелерде қимақ атауы енді аталмай, ол өзінің диалектілік түріндегі қимақтерге орнын толық босатып берген. Қыпшақтар мен қимақтердің этникалық-саяси және этникалық-мәдени асқан тығыз байланыстарының топ- тасудың жоғары денгейіне жеткені соншалық, Махмұд Қашғари (XI г.) дәуірінде қимақтарді кыпшақтар деп атаған, ал қыпшақтар болса өздерін басқа атаумен атаған. Тайпалардың қарастырылып отырған тізімі тұрғысынан алғанда, ад-Димашки қимақтар жөнінде: «ал олар (қимақтар) сол кезде-ақ хорезмдіктерге айналған еді» деген мазмұндағы ескертпе жасайды. Бұл арада ең алдымен қимақ ханының қызы, хорезмшах Текештің әйелі Теркен-қатынның қызметінде болған 10 мың адамдық қимақ әскерінің контингенті айтылып отыруы ықтимал.

Ұсақ бөлімшелер арасында бірінші кезекте тағ этнонимі аталған. Ертедегі оғыз аңыздарына қарағанда, тағ тайпасы оғыздардан шыққан. Содан соң ертедегі башкұрт тайпасы — жекелеген топтары X ғасырда Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларына қоныстанған башқұрттар айтылады. Соның ізінше қуманлу этнонимі, яғни қуман — лу (билеу немесе қатынас аффикс) тайпасы аталады. Бұлар, кумандардың негізгі көпшілігі Шығыс Еуропаға көшіп кеткеннен кейін Қазақстан аумағында қалған қуман тайпаларынын топтары болса керек. Одан сон екі тайпа: базанақ (ба- жанақ) жэне бажна тайпалары айтылады, ал олар башкұрттармен бірге печенег тайпаларының одағына кірген. IX ғасырдың бірінші жартысында олар оғыздардың қимақтар мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс тауып, содан кейін іле-шала негізгі бұқарасы Арал теңізі, Жем мен Жайық аймағынан батысқа ауып көшуге мәжбүр болған еді.

Жазбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдес үш тайпаның жекелеген бөлімшелері Батыс Қазақстанда қалып, қыпшақтар бірлестігінің құрамына енген. Осыдан кейін қарабөріклі аталады, олар да Арал өңірінің печенег тайпаларына жатады. Семантикасы жағынан бұл тайпа қарақалпақ тайпасының атауына сай келеді. Содан сон үз, шыңдығында оғыз тайпасы келеді, өйткені халық оларды осылай атаған. Қыпшақтар құрамында ең соңынан аталатыны — жортан (шортан) этнонимі. Бұл сөздің «шортан» деген мағынадағы семантикасы оның түрік негізінде екенін көрсетеді.

Демек, конфедерацияға қимақ (имек, манқұроглы), оғыз (ұз және тағ), печенег-башқұрт (башкұрт, бажанак, бажа), ас, қуман (куманлу, бұржоғлы ( және жортан) тайпалары мен қыпшақ тайпаларынын өздері (бөрілі/ елборілі, тоқсоба, йетиоба және тортоба) енген, оларды атап көрсетудің әсіресе қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасу жәлы туралы мәселені қарастыру кезінде принципті маңызы бар.

Кыпшақтар конфедерациясы тайпалык құрамының XI—XII ғасырларга қатысты құрылымы оның күрделі және әр текті болғанын барынша айқын көрсетеді. Қыпшақ конфедерациясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес қимақ, қуман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз тайпаларын, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің түркі тілдес элементтерін жинақтаған. Ал мұның өзі иерархияға және оған қоса әлеуметтік организмдер болатын. Тегінде, топтасу және бірігу негізінде туыстас қыпшақ тайпалары одағынан халық болып ұйысу үрдісі жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне ұйымдасқан қыпшактар халықтың қалыптасу сатысында бірқа- тар жағдайларда өздерінің қол астындағы халықты сіңістіре отырып, кең- байтақ аймаққа таралуға қабілетті болып шықты.

Қыпшақ қауымдастығының қалыптасуына аталған тайпалармен қоса, XII ғасырдың екінші жартысында шағын топтары Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларының шегінде этникалық-аумақтық бірлестік құрған көп санды қаңлы тайпалары пәрменді түрде қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға