Жаңалықтар

Ерте Темір дәуіріңдегі Солтүстік Қазақстан

Ерте Темір дәуіріңдегі Солтүстік Қазақстан Ертедегі Темір дәуіріңдегі Солтүстік Қазақстан Обалар мен қоныстар хронологиясы. Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне заттай құрал-саймандарға — металл бұйымдарға, ең алдымен қару-жарак, еңбек құралдарына, сондай-ақ керамикаға салыстырмалы-типологиялық талдау жасау нәтижелері алынған. Қоныс ескерткіштерінің хронологиялық айқындамалары мен мәдени керек-жарақтарының ең басты өлшемі керамика болып табылады. Солтүстік Қазақстанның төрт қонысынан алынған ыдысты статистиқалық жағынан өңдеу оның мерзімін анықтауға және оған салыстырмалы талдау жасауға сенімді негіз берді. Сақтар заманының алғашқы кезені (б. з. б. VIII—VII ғғ.) обаларының негізгі тобы жебе үштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Мәдени топтастыру кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта отырып, салыстырмалы-типологиялык талдау жасау жолымен б. з. б. VII ғасырда болған мәдени үлгілерді бір ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін болды. Оларды негізге алып, обаларды уақыты жөнінен белуге болады. Жебелердің ұштары бойынша ен ертедегі обалар қатарына екі оба жатқызылады, олар: Бірлік-2,5-оба; Бірлік, 1-оба. Біріншісінің мерзімі қос қалақшасы бар ұңғылы және қысқа үш қалақшалы, үш кырлы алты жебе ұшының болуымен белгіленеді. Б. з. б. VII ғасырдың өзінде-ақ басы мен жүзі біршама өзгеше түрде болған екі қалақшасы бар ұңғылы үштардың ежелден келе жатқанына баса назар аударылды. Қоладан жасалған қысқа жебе ұштары Қазақстада қола дәуірінен белгілі болатын, сондықган олардың мерзімінің ертедегі деп көрсетілуі күмән туғызбауға тиіс. Обадан соңғы қола кезіне тән ыдыстар табылды. Табылған екінші жебенің уақыты дөңгелек ұзын нысанда сүйектен жасалған терт бұрышты ұңғылы ұштармен анықталады. Бұл жебе ұштары табылған құрал-саймандардың өзге заттарымен ұштастырылғанда олар скифтерден бұрынғы уақытқа тән кешенді құрайды. Бұған ұқсастары Солтүстік Қара теңіз өңірінің киммерийлер молалары мен Аржан обасының материалдарынан белгілі. Б. з. б. VII ғасырға жататын төрт қорған мыналар: Алыпқаш, 1,13-обалар; Покровка, 1-оба; Бектеніз, 3-оба. Алыпқаштағы 13-обаның жиынтығы жарқын, анықтығымен ерекшеленеді. Ол жебе ұштарының алты түрінен тұрады, б. з. б. VII ғасыр үшін олардың ұштасуы тұрақты болып табылады. Жебе ұштарының типологиясы алдыңғы сақ заманының әскери қабірлерінің жарқын кешендерін ашып көрсетті. Олардың жерлеу кұрал-саймандарына жебе ұштарымен бірге хронологиялық көрсеткіш бола алатын пышақтар жатады. Бұлар — бір жүзі бар, алқымы шеңберлі немесе сабы қомақты, ұшы өткір жалпақ пышақтар. Олардың түрлері Қазақстан мен Орта Азияның аумағында қола дәуірінен белгілі. Төрт қырлы шүйдесі бар, ұңғылы, жалпақ уатқышты қола калып қызықты олжа болып табылады. Қарудың мұндай түрінің мерзімі сақтар заманының алғашқы кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңге тән сақ обаларының шеңбері оған ернеуі және сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айнадан тұратын кешендердің енгізілуі есебінен кеңейе түседі. Қазақстанның бес кешенінде айналар ертедегі үлгідегі жүген жиынтығымен бірге табылды. Бұл — тікбұрышты үзеңгі мен тіреуішке қоса, тесіктері екі катар жасалған өзекше тәрізді орамы бар қола ауыздық. Ауыздық көне заманға жататындығын айқын көрсететін белгі өзекшелеріндегі шығыңқы, «езуіне» құйып жасалған «ойык» түріндегі өрнек болып табылады. Солтүстік Кавказ кешені бойынша мүндай өрнегі бар ауыз- дықтар б. з. б. VIII—VII ғасырлардан кейін таралған жоқ. Бұл кезеңге үш қоныс жатады. Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстарынын заттай құрал-саймандарының арасында қоныс мерзімін дәл анықтайтын бұйымдар кездеспеді. Керамикалық кешеннің орманды-дала өңірі ескерткіштерінде ұқсастары бар. Қоныстардың уақытын анықтау үшін біз жанама сипаттағы мәліметгерге жүгінуге мәжбүр болдық. Керамикалық кешендері бойынша Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстары бәйіт мәдениеті ескерткіштерінің тобына жатады. Оның аумағы Тобыл-Есіл өзендерінің аралығындағы орманды-дала өңірін қамтиды. Бәйіт мәдениетінің хронологиялық шеңбері (б. з. б. VIII—V ғасырлар) салыстырмалы мерзіммен белгіленген. Төменгі шегі (б. з. б. VIII—VII ғасырлар) соңғы қола дәуірінің Тобыл өңіріндегі қоныстары тұрғын жайларының ойпатындағы бәйітжәне крест керамикасынын бірге жату фактілерімен көрсетілген. Қола ғасыры дәстүрлерінің біртіндеп өзгеру, Солтүстік Қазақстандағы ертедегі темір ғасырының көшпелі мал шаруашылығы мен мәдениетінің қалыптасу үрдісін Кеңөткел-10 қонысының материалы көрсетеді. Ескерткіштің шағын дала өзенінің жағасына, қысқы желден корғалған, шоқылар арасындағы құнарлы алөапта орналасуы егіншілік үшін де, мал жаю үшін де барлық жағдайды туғызған. Мәдени қабаттың құрамы, көланың, қола бұйымдарының, күл мен тас құрал-саймандардың ұсак фрагменттерінің табылуы қонысты қолонер және егіншілік орталығы деп санауға мүмкіндік береді. Мұндай қоныстың пайда болуы - көшпелі мал шаруашылығы қалып- тасуының занды нәтижесі. Көшпеліліктің таза күйінде тіршілік ете алмайтыны мәлім. Оның табиғи тіршілік етуі үшін отырықшы қолонер және егіншілік орталықтарымен өзара байланыс жасауы қажет. Шаруашылықты жүргізудің жылжымалы түрлеріне көшудің бастапқы кезеңінде отырықшылық ошақтары бір этникалық, туыстық ортада пайда болды. Бұл іс жүзінде кауымның көшпелілерге қызмет ететін бір бөлігі еді. Одан кейін жаңа өндірістік маманданудың кеңеюі мен топтануына байланысты көшпелі және отырықшы дүниенін алшақтау үрдісі басталады. Отырықшы компонент этниқалык қауым шегінен шығады. Б. з. б. I мың- жылдықтың орта шеніне қарай Солтүстік Қазақстанның көшпелілері үшін егінші әріптестер рөлін Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірінің отырықшы орталықтары өз мойнына алды. Солтүстік Қазақстанның далалық өңірінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуымен бірге ертедегі темір ғасыры мәдениетінің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Мұны өтпелі кезендегі обалар тобы айқын көрсетеді, ал ол кездің ғұрпында қола ғасырының да, ертедегі темір ғасырының да белгілері ұштасып жатыр. Б. з. б. I мыңжылдыктың басында палеоклиматтық және шаруашылық өзгерістердің нәтижесінде ландшафтық аймактардың қазіргі шектері қалыптасып, әр түрлі екі археологиялық мәдениеттер мен шаруашылық-мәдени үлгілердің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Олардың арасына қатаң шек болтан жоқ. Шаруашылықтың жаңа уклады неғұрлым ілгері басушылық және ширақ кадам болды, ал оны таратушы дала аймағының көшпелі тайпалары орманды-далалық өңірдің оңтүстік шетіндегі тұрғындарға ықпал жасады. Бұл ықпал мәдениет пен өндіріс саласында жекелеген элементтердің (жыл- жымалы мал шаруашылығының элеменггері) алмасуы түрінде көрінді. Жайық-Ертіс өзендерінің аралығындағы далалык аудандарда сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасады.Солтүстік Қазақстанның сақ дәуіріндегі тұрғындарының жерлеу ғұрпынан негізгі көрсеткіштері жағынан алғанда Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің ғұрпымен ұқсастык байқалады. Ол б. з. б. (VIII) VII—III ғасырлардағы алғашқы екі хронологиялык кезендер бойы тұрақты болды, тек материалдық мәдениет заттары ғана эволюцияға үшырады. Солтүстік Қазақстан тайпаларында басқа мәдени байланыстар және бәлкім, тайпалық байланыстар да айқынырақ көрінеді. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының мәдениеті өздерінің оңтүстік көршілерімен бірқатар жетекші белгілерінің ұқсастығын сақтай отырып, бір жағынан — Батыс Сібірдін орманды далаларының, екінші жағынан — Орталық Қазақстанның далалық аудандарының төркіндес мәдениеттеріне жақын. Б. з. б. VII—VI ғасырлардағы тасмолалықтар ғүрпына тән белгі жылқыға табыну болатын. II үлгідегі обалар лақаттарынын оңтүстік жағына жылқының бас сүйегі, аяқтарынын сүйектері, тіпті терісі көмілсе керек. «Мұртты» обалар «Мұртты» обалар тобына кіретін шағын обалар үйінділерінін астынан жылқының түтас қаңкалары немесе сүйектері аршылып алыңды. Солтүстік Қазақстан ғұрпында жылқыға табыну онша айқын анғарылмады. Ат әбзелдеріне жататын заттар бірлі-жарым кездесті және оба үйінділерінің тобына кіретін жекелеген тас қоршаулардан табылды. Келесі айырмашылық отқа табыну көріністеріне қатысты. Тасмолалықтарда ол жерлеу ғұрпына жатады, мола шұңқыры бар обалардың сыртына шығарылған. Оның іздері шағын — серіктес обаның ежелгі үстіңгі беттері- нен кездеседі. Солтүстік Қазақстан ғұрпында ол жерлеу үрдісінін өзімен байланысты рәсімдік әрекеттер құрамьша енгізілген және б. з. б. IV—II ғасырларда мейлінше айқын көрінеді. Қыш ыдыстарының сипаты мен қызметі де әр түрлі. Тасмолалықтарда ыдыстар жерлеу обаларының үйінділері астынан табылды. Солтүстік Қазақстан ғұрпында ыдыс моладан табылады, түрі, жасалу кұрамы және өрнегінің салынуы жағынан ерекше болып келеді. Бұл заманда Қазақстан далаларында түсті металлургияның қуатты өндірістік ошағы одан әрі жүмыс істеді. Оның өнімі Қазақстан шегінде пайдаланып қана қоймай, Еуразия даласының шектес және алыс аудандарына да шығарылады. Сібір мен Қазақстан үшін сипатты металл құрамы бар бұйымдар алыстағы батыстан, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Кавказдан табылды. Түрлі топтардағы құрал-саймандардың жалпы скифтік үлгілерін дайындап, пайдаланумен қатар аймақтың езіне тән ерекшелік беретін жергілікті үлгілер жасалады. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда сыртында ілмешегі бар дөңгелек айналардың таралуымен бір мезгілде қосымша ілмешек салынған бүйірінде тұтқасы бар айналар пайда болады. Б. з. б. VIII—VII ғасырларда темір қорыту ісі игеріле бастайды. Мұны қоспа металдардан және темірден жасалған пышақтардың, тоғалардың, қалақшалардың табылуы дәлелдейді. Бұл технологиялық жетістікке, шектес аумақтарға карағанда, Қазақстан далаларында ертерек қол жеткізілген. Жайықтың арғы беті мен Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірлерінде темірден жасалған бұйымдар — б. з. б. V ғасырда, Оңтүстік Оралда б. з. б. VII—VI ғасырлардың аяғында93 пайда болады. Б. з. б. VIII—VII ғасырларда Солтүстік Қазақстанның және жалпы алғанда ертедегі темір ғасыры тұрғындарының тарихында тасмола мәдени-этногра- фиялық қауымы ерекше орын алады. Бұл — тасмолалықтардың гүлденген кезеңі. Олар Жайық-Ертіс өзендері аралығындағы далалық аймақтың орасан зор аумағын игерді. Әр түрлі хронологиялық кезендер ескерткіштерінің сан жағынан алғандағы арақатынасына қарағанда, б. з. б. VIII—VII ғасырларда Солтүстік Қазақстан далалары белгілі бір демографиялық дүмпуді бастан кешіреді. Ескерткіштердің көпшілігі сол кезеңге жатады.  
05.12.2012 06:10 22845

Ерте Темір дәуіріңдегі Солтүстік Қазақстан
Ертедегі Темір дәуіріңдегі Солтүстік Қазақстан Обалар мен қоныстар хронологиясы. Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне заттай құрал-саймандарға — металл бұйымдарға, ең алдымен қару-жарак, еңбек құралдарына, сондай-ақ керамикаға салыстырмалы-типологиялық талдау жасау нәтижелері алынған. Қоныс ескерткіштерінің хронологиялық айқындамалары мен мәдени керек-жарақтарының ең басты өлшемі керамика болып табылады. Солтүстік Қазақстанның төрт қонысынан алынған ыдысты статистиқалық жағынан өңдеу оның мерзімін анықтауға және оған салыстырмалы талдау жасауға сенімді негіз берді. Сақтар заманының алғашқы кезені (б. з. б. VIII—VII ғғ.) обаларының негізгі тобы жебе үштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Мәдени топтастыру кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта отырып, салыстырмалы-типологиялык талдау жасау жолымен б. з. б. VII ғасырда болған мәдени үлгілерді бір ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін болды.
Оларды негізге алып, обаларды уақыты жөнінен белуге болады. Жебелердің ұштары бойынша ен ертедегі обалар қатарына екі оба жатқызылады, олар: Бірлік-2,5-оба; Бірлік, 1-оба. Біріншісінің мерзімі қос қалақшасы бар ұңғылы және қысқа үш қалақшалы, үш кырлы алты жебе ұшының болуымен белгіленеді. Б. з. б. VII ғасырдың өзінде-ақ басы мен жүзі біршама өзгеше түрде болған екі қалақшасы бар ұңғылы үштардың ежелден келе жатқанына баса назар аударылды. Қоладан жасалған қысқа жебе ұштары Қазақстада қола дәуірінен белгілі болатын, сондықган олардың мерзімінің ертедегі деп көрсетілуі күмән туғызбауға тиіс. Обадан соңғы қола кезіне тән ыдыстар табылды. Табылған екінші жебенің уақыты дөңгелек ұзын нысанда сүйектен жасалған терт бұрышты ұңғылы ұштармен анықталады. Бұл жебе ұштары табылған құрал-саймандардың өзге заттарымен ұштастырылғанда олар скифтерден бұрынғы уақытқа тән кешенді құрайды. Бұған ұқсастары Солтүстік Қара теңіз өңірінің киммерийлер молалары мен Аржан обасының материалдарынан белгілі.
Б. з. б. VII ғасырға жататын төрт қорған мыналар: Алыпқаш, 1,13-обалар; Покровка, 1-оба; Бектеніз, 3-оба. Алыпқаштағы 13-обаның жиынтығы жарқын, анықтығымен ерекшеленеді. Ол жебе ұштарының алты түрінен тұрады, б. з. б. VII ғасыр үшін олардың ұштасуы тұрақты болып табылады. Жебе ұштарының типологиясы алдыңғы сақ заманының әскери қабірлерінің жарқын кешендерін ашып көрсетті. Олардың жерлеу кұрал-саймандарына жебе ұштарымен бірге хронологиялық көрсеткіш бола алатын пышақтар жатады. Бұлар — бір жүзі бар, алқымы шеңберлі немесе сабы қомақты, ұшы өткір жалпақ пышақтар. Олардың түрлері Қазақстан мен Орта Азияның аумағында қола дәуірінен белгілі. Төрт қырлы шүйдесі бар, ұңғылы, жалпақ уатқышты қола калып қызықты олжа болып табылады. Қарудың мұндай түрінің мерзімі сақтар заманының алғашқы кезеңіне сәйкес келеді.
Бұл кезеңге тән сақ обаларының шеңбері оған ернеуі және сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айнадан тұратын кешендердің енгізілуі есебінен кеңейе түседі. Қазақстанның бес кешенінде айналар ертедегі үлгідегі жүген жиынтығымен бірге табылды. Бұл — тікбұрышты үзеңгі мен тіреуішке қоса, тесіктері екі катар жасалған өзекше тәрізді орамы бар қола ауыздық. Ауыздық көне заманға жататындығын айқын көрсететін белгі өзекшелеріндегі шығыңқы, «езуіне» құйып жасалған «ойык» түріндегі өрнек болып табылады. Солтүстік Кавказ кешені бойынша мүндай өрнегі бар ауыз- дықтар б. з. б. VIII—VII ғасырлардан кейін таралған жоқ. Бұл кезеңге үш қоныс жатады. Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстарынын заттай құрал-саймандарының арасында қоныс мерзімін дәл анықтайтын бұйымдар кездеспеді. Керамикалық кешеннің орманды-дала өңірі ескерткіштерінде ұқсастары бар. Қоныстардың уақытын анықтау үшін біз жанама сипаттағы мәліметгерге жүгінуге мәжбүр болдық.
Керамикалық кешендері бойынша Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстары бәйіт мәдениеті ескерткіштерінің тобына жатады. Оның аумағы Тобыл-Есіл өзендерінің аралығындағы орманды-дала өңірін қамтиды. Бәйіт мәдениетінің хронологиялық шеңбері (б. з. б. VIII—V ғасырлар) салыстырмалы мерзіммен белгіленген. Төменгі шегі (б. з. б. VIII—VII ғасырлар) соңғы қола дәуірінің Тобыл өңіріндегі қоныстары тұрғын жайларының ойпатындағы бәйітжәне крест керамикасынын бірге жату фактілерімен көрсетілген.
Қола ғасыры дәстүрлерінің біртіндеп өзгеру, Солтүстік Қазақстандағы ертедегі темір ғасырының көшпелі мал шаруашылығы мен мәдениетінің қалыптасу үрдісін Кеңөткел-10 қонысының материалы көрсетеді. Ескерткіштің шағын дала өзенінің жағасына, қысқы желден корғалған, шоқылар арасындағы құнарлы алөапта орналасуы егіншілік үшін де, мал жаю үшін де барлық жағдайды туғызған. Мәдени қабаттың құрамы, көланың, қола бұйымдарының, күл мен тас құрал-саймандардың ұсак фрагменттерінің табылуы қонысты қолонер және егіншілік орталығы деп санауға мүмкіндік береді.
Мұндай қоныстың пайда болуы - көшпелі мал шаруашылығы қалып- тасуының занды нәтижесі. Көшпеліліктің таза күйінде тіршілік ете алмайтыны мәлім. Оның табиғи тіршілік етуі үшін отырықшы қолонер және егіншілік орталықтарымен өзара байланыс жасауы қажет. Шаруашылықты жүргізудің жылжымалы түрлеріне көшудің бастапқы кезеңінде отырықшылық ошақтары бір этникалық, туыстық ортада пайда болды. Бұл іс жүзінде кауымның көшпелілерге қызмет ететін бір бөлігі еді. Одан кейін жаңа өндірістік маманданудың кеңеюі мен топтануына байланысты көшпелі және отырықшы дүниенін алшақтау үрдісі басталады. Отырықшы компонент этниқалык қауым шегінен шығады. Б. з. б. I мың- жылдықтың орта шеніне қарай Солтүстік Қазақстанның көшпелілері үшін егінші әріптестер рөлін Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірінің отырықшы орталықтары өз мойнына алды. Солтүстік Қазақстанның далалық өңірінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуымен бірге ертедегі темір ғасыры мәдениетінің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Мұны өтпелі кезендегі обалар тобы айқын көрсетеді, ал ол кездің ғұрпында қола ғасырының да, ертедегі темір ғасырының да белгілері ұштасып жатыр. Б. з. б. I мыңжылдыктың басында палеоклиматтық және шаруашылық өзгерістердің нәтижесінде ландшафтық аймактардың қазіргі шектері қалыптасып, әр түрлі екі археологиялық мәдениеттер мен шаруашылық-мәдени үлгілердің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Олардың арасына қатаң шек болтан жоқ. Шаруашылықтың жаңа уклады неғұрлым ілгері басушылық және ширақ кадам болды, ал оны таратушы дала аймағының көшпелі тайпалары орманды-далалық өңірдің оңтүстік шетіндегі тұрғындарға ықпал жасады. Бұл ықпал мәдениет пен өндіріс саласында жекелеген элементтердің (жыл- жымалы мал шаруашылығының элеменггері) алмасуы түрінде көрінді.
Жайық-Ертіс өзендерінің аралығындағы далалык аудандарда сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасады.Солтүстік Қазақстанның сақ дәуіріндегі тұрғындарының жерлеу ғұрпынан негізгі көрсеткіштері жағынан алғанда Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің ғұрпымен ұқсастык байқалады. Ол б. з. б. (VIII) VII—III ғасырлардағы алғашқы екі хронологиялык кезендер бойы тұрақты болды, тек материалдық мәдениет заттары ғана эволюцияға үшырады. Солтүстік Қазақстан тайпаларында басқа мәдени байланыстар және бәлкім, тайпалық байланыстар да айқынырақ көрінеді. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының мәдениеті өздерінің оңтүстік көршілерімен бірқатар жетекші белгілерінің ұқсастығын сақтай отырып, бір жағынан — Батыс Сібірдін орманды далаларының, екінші жағынан — Орталық Қазақстанның далалық аудандарының төркіндес мәдениеттеріне жақын. Б. з. б. VII—VI ғасырлардағы тасмолалықтар ғүрпына тән белгі жылқыға табыну болатын. II үлгідегі обалар лақаттарынын оңтүстік жағына жылқының бас сүйегі, аяқтарынын сүйектері, тіпті терісі көмілсе керек.
«Мұртты» обалар
«Мұртты» обалар тобына кіретін шағын обалар үйінділерінін астынан жылқының түтас қаңкалары немесе сүйектері аршылып алыңды. Солтүстік Қазақстан ғұрпында жылқыға табыну онша айқын анғарылмады. Ат әбзелдеріне жататын заттар бірлі-жарым кездесті және оба үйінділерінің тобына кіретін жекелеген тас қоршаулардан табылды. Келесі айырмашылық отқа табыну көріністеріне қатысты. Тасмолалықтарда ол жерлеу ғұрпына жатады, мола шұңқыры бар обалардың сыртына шығарылған. Оның іздері шағын — серіктес обаның ежелгі үстіңгі беттері- нен кездеседі. Солтүстік Қазақстан ғұрпында ол жерлеу үрдісінін өзімен байланысты рәсімдік әрекеттер құрамьша енгізілген және б. з. б. IV—II ғасырларда мейлінше айқын көрінеді. Қыш ыдыстарының сипаты мен қызметі де әр түрлі. Тасмолалықтарда ыдыстар жерлеу обаларының үйінділері астынан табылды. Солтүстік Қазақстан ғұрпында ыдыс моладан табылады, түрі, жасалу кұрамы және өрнегінің салынуы жағынан ерекше болып келеді. Бұл заманда Қазақстан далаларында түсті металлургияның қуатты өндірістік ошағы одан әрі жүмыс істеді. Оның өнімі Қазақстан шегінде пайдаланып қана қоймай, Еуразия даласының шектес және алыс аудандарына да шығарылады. Сібір мен Қазақстан үшін сипатты металл құрамы бар бұйымдар алыстағы батыстан, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Кавказдан табылды. Түрлі топтардағы құрал-саймандардың жалпы скифтік үлгілерін дайындап, пайдаланумен қатар аймақтың езіне тән ерекшелік беретін жергілікті үлгілер жасалады. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда сыртында ілмешегі бар дөңгелек айналардың таралуымен бір мезгілде қосымша ілмешек салынған бүйірінде тұтқасы бар айналар пайда болады. Б. з. б. VIII—VII ғасырларда темір қорыту ісі игеріле бастайды. Мұны қоспа металдардан және темірден жасалған пышақтардың, тоғалардың, қалақшалардың табылуы дәлелдейді. Бұл технологиялық жетістікке, шектес аумақтарға карағанда, Қазақстан далаларында ертерек қол жеткізілген. Жайықтың арғы беті мен Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірлерінде темірден жасалған бұйымдар — б. з. б. V ғасырда, Оңтүстік Оралда б. з. б. VII—VI ғасырлардың аяғында93 пайда болады. Б. з. б. VIII—VII ғасырларда Солтүстік Қазақстанның және жалпы алғанда ертедегі темір ғасыры тұрғындарының тарихында тасмола мәдени-этногра- фиялық қауымы ерекше орын алады. Бұл — тасмолалықтардың гүлденген кезеңі. Олар Жайық-Ертіс өзендері аралығындағы далалық аймақтың орасан зор аумағын игерді. Әр түрлі хронологиялық кезендер ескерткіштерінің сан жағынан алғандағы арақатынасына қарағанда, б. з. б. VIII—VII ғасырларда Солтүстік Қазақстан далалары белгілі бір демографиялық дүмпуді бастан кешіреді. Ескерткіштердің көпшілігі сол кезеңге жатады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға