Жаңалықтар

Концентрациялық лагерь

Концентрациялық лагерь, концлагерь – мемлекеттердің, саяси режимдердің, т.с.с. нақты немесе ықтимал қарсыластарын күштеп оқшаулап, бір жерге бөлектеп жинақтауға пайдаланатын орны. Әскери тұтқындар мен босқындарға арналған түрмелер мен әдеттегі лагерьлерден айырмашылығы – Концентрациялық лагерь соғыс кезінде не саяси күрестің шиеленісіп асқынуы барысында айрықша декреттермен құрылып отырған. Алғашқы Концентрациялық лагерьлерді Кубадағы азаттық көтерілістің бас кезінде, 1895 ж. испандықтар, 1899 – 1902 ж. ағылшын-бур соғысы тұсында ағылшындар ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО аумағында Концентрациялық лагерьлер РКФСР Халкомкеңесінің “Қызыл террор туралы” (қыркүйек, 1918 ж.) қаулысымен құрылды. Түзету үйі деген атпен олар Қазақстан жерінде де пайда болды. Кейін айрықша мақсаттағы лагерьлер деп аталып, тоталитарлық режим тұсындағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде кең қанат жайды (қараңыз ГУЛАГ, АЛЖИР). Германияда 1933 ж. Гитлер үкімет басына келгеннен кейін өз қарсыластарын қуғындау және жойып жіберу үшін Концентрациялық лагерьлер құрылды. 1934 жылдан бастап Концентрациялық лагерьлерді күзету мен басқару СС органдарының қолына өтті. Германия Концентрациялық лагерьлерінің (Бухенвальд, Дахау, Заксенхаузен, Ораниенбург, т.б.) тұтқындары, негізінен, неміс ұлтынан тұратын антифашистер мен еврейлер болды. Олар адам төзгісіз жағдайда тұрып, еріксіз еңбекке жегілді және үнемі азаптауларды бастан кешіріп отырды. 1938 – 39 жылдан бастап Концентрациялық лагерь жүйесі жаулап алынған аймақтарға да көшіріліп, осы елдердің халықтарын қырып-жою құралына айналды. Алғашқы Концентрациялық лагерлерге тұтқындар сыймай кетті де, 1939 – 45 ж. жаңа Концентрациялық лагерьлер, негізінен, Польшада (Освенцим, Майданек, Треблинка, Собибур, т.б.) тұрғызылды. Концентрациялық лагерлерлер газды камералар мен крематорийлермен жабдықталып, адамдарды жаппай қыру құралына айналды. Осы Концентрациялық лагерлерге қамалған тұтқындар, негізінен, КСРО, Польша, Франция, Бельгия, Нидерланд, Чехословакия, Югославия, Румыния, Венгрия, т.б. елдерден әкелінгендер еді. Жалпы Концентрациялық лагерлерде отырған 18 млн. тұтқынның 11 млн-ы қырылып кетті. Концентрациялық лагерьде қаза тапқандар қатарында Германия коммунистерінің көсемі Э.Тельман, кеңес генералы Д.М. Карбышев, татар ақыны М.Жәлел, т.б. бар. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында соғыс тұтқындарының тегін еңбек күші Германия экономикасына үлкен пайда әкелді. Сондықтан тұтқындар жұмыс жасайтын өнеркәсіп орындары қатаң түрде СС-тің жүйесіне өтті. Гитлершілер тұтқындардың қарсылық күресін мүлдем болдырмау үшін, оларды адам төзгісіз жағдайда ұстады. Соған қарамастан тұтқындар арасында жасырын ұйымдар құрылып, лагерьден қашу және қарулы қарсылық көтерілістер ұйымдастырылды. Концентрациялық лагердегі тұтқындардың ауыр тұрмысына көптеген қоғамдық ұйымдар (Қызыл крест пен Жарты ай, т.б.) түрлі көмектер ұйымдастырып отырды. Концентрациялық лагерлерде қамауда отырған Орталық Азия мен Кавказдан шыққан соғыс тұтқындарына М.Шоқай үлкен көмек көрсетті. Соғыс аяқталғаннан кейін көптеген Концентрациялық лагерлерде лагерь құрбандарына музейлер ашылып, ескерткіштер орнатылды.
05.12.2012 06:10 7364

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға