Жаңалықтар

"Қыз Жібек" қандай

"Қыз Жібек" қандай Ән-күй театры1 осымен үш белден асты2. Енді бұның аз уақыт ішінде істеген көп еңбегіне біраз қорытынды баға беріп, бұдан былайғы бет-бағытына жұртшылық боп жәрдем ететін мезгіл болды. Бұл жөнде айтылатын сөз көп, Көпшіліктің ойында реттеліп, тәртіпке түсіп, екшеліп, әзірленіп қалған ұсыныстар да аз емес. Былтырдан бергі өлкелік комитет пен наркомпрос3 басшылығы және Жұмат4 пен оның коллективі5 істеген еңбек аз еңбек емес. Бірақ осыны айтумен қатар ән-күй театрының ендігі келешек жол-жосығын толық күйде сөз қылып, пікір екшесіп алу қазірде өте қажет екенін қоса айту керек. Бұл істі Наркомпрос қолға алар. Біз әзірше театрдың ең соңғы еңбегі "Қыз Жібек" жөнінде бір-екі сөз айтайық. Театр сахнасында "Жібек" жарқырап шықты. Көз тартатын, есте қалатын әдемі көрініс аз емес. Жалпы алғанда жас театрдың алғашқы ізденулерінің ішіндегі ең көрнектісі осы "Жібек" деуге болады. Бұған сіңірілген еңбек, жалпы әзірлік, шығарылған қаражат, сырттан қосылған күйші, биші өнерпаздар (Александров6, Брусиловский7) күші де олқы болған жоқ. Осы жағдайлар "Жібекті" сөз қылуға татырлық, айта қаларлық табыс дәрежесіне көтерген сияқты. Бұл айтылған жалпы баға. Ал, осымен қатар енді бірталай олқылықты да айтпауға болмайды. Сахнадағы "Жібек" көп өнерпаздың (жазушы, режиссер, актер-әнші, биші, күйші, суретші сияқтылардың) коллективтік еңбегінің нәтижесі. Осының әр тарауы жайынан қысқаша қайырып, талдап айтып көрейік. Бүгінгі "Жібек" ішінде — әсіресе, даусыз жақсы боп көрінетін билер. Жолдас Александров біздің ән-күй театрымызға үлкен бір олжа сияқты, қымбат бағалы адам. "Шұға" мен "Жібекке" ол істеген еңбек аз емес. Биге менің айтарлық дауым жоқ. Жалғыз-ақ, кейбір би (қаздар биі сияқтылар) аз ұзындау ма дейім. Әрине, көпшілік биінде техника жағында, тұтастық, гармония жағында піспеген шалалық белгілері жоқ емес. Бірақ, оған кінәлі бидің өзі емес, билеуші жеке күштердің әлі жастық, шалалығы. Ал, бастаушы бишілер, әсіресе қазақ артискасы Шараның шығыстары8 — мақтарлық та, мақтанарлық та әдемі табыс. Екінші көрнекті еңбек — суретші Ненашев9 жолдас еңбегі. Бұл, әсіресе, бірінші пердедегі қазақ үйін өте көркем жасаған. Бұл күнге шейін біздің сахналарда қисыны табылмай, олпы-солпы боп келе жатқан киіз үй кейіпі енді ғана шырайланып, сахнадағы өз орнын тапқан сияқты. Бірақ, енді осыған орай екінші пердедегі сарай әлсіреп кеткен. Ол да бұл күйде ертегілі сарайдан көрі бүгінгі арзан қолды кепе (ресторан) көрінісіне жақын. Тағы бір кемшілік: соңғы пердедегі түстің сахнасында. Суретші түс сахнасын — қайықтан басқа жерінде шала қалдырған тәрізденеді. Жібектің ойыны білдірмесе, үлкен драмалық уақиғаның тұсында суретші сахнаны тым шалағай, жадағай қалдырады. Анығында түстің ең мағыналы, әсерлі жері — қайықтан соңғы Төлеген шыққан жер. Сол ара сыртқы сурет (оформление) жағынан ертегіше, түсше боялу, бөлену керек еді. Бұл кемшілікке суретшімен қатар режиссер де жауапты. Екеуінің сурет ретіндегі қабат міні, әсіресе, киімде көрінеді. Шынында, Жібек киімінен басқа киім көңілдегідей емес. Көшпелі ел қызы, Жібек отауындағы әйелдер киімі мен сарайлы хан Базарбай айналасындағы әйел киімдері бір-бірінен дұрыстап айрылмайды. Ерекше кемшілік: Бекежан тобын киіндіруде. Олар — жамандаушылар аузында қырық қарақшы, дәлінде әр елден шыққан бір алуан ереуілшілер, шығайлар. Бұларға неше алуан жорық киімін кидіріп, аттарына лайық аспап, құрал, сауыт-сайман беру қажет еді. Бұл топ сахнада көбінше бір момақан, сұр ғана топ боп сезіледі. Шынында, тірсек жең жасыл кемзал бұларды найза басы, ат үсті жігіті қылмай, қатаң айтқанда төмен етек, қызтекелеу10 қып көрсетеді. Бұл жағын қатты ескеру керек. Менің үлкен дауым ән-күй жағында. Рас, бұл ретте күйші11 Брусиловский жолдастың кінәсі аз. Ол өз ісін жақсы атқарған. Оның жалғыз міні: күй бастауларды (увертюраны) кейде тым ұзақ, кейде қазақ тындаушысына ұғымсыздау етіп алуында. Бірақ, сонысының өзінде де қазақ әуенін өсіру, мағналандыру, тереңдету ісі көп. Әсіресе, жақсы істеген жерлері — қазақ әнін мына опера сияқты күйге сәйкестеуде12. "Гәккудің" аяғын өзгерту, өзге бірталай әндерді кесіп-пішіп, тыңнан сыптау сияқты істер — Брусиловский еңбегі. Жалғыз-ақ, онымен тағы режиссерге қоса қоятын кінә — бұрынғы қазақы әншінің ән салар алдында құр айғайлап алатын шылбыр создысын жоймапты. Осы сияқты көп әннің аяғындағы қайырмаларды кеспепті. Ән жеке тіршілік еткенде қайырма да, алғашқы айғай да керек. Ал, операға кіргенде бұлар мына жаңалықтың ішіне сыймай, дертеден13 шығып, бұра тартып тұрған сияқты. Бірақ "Жібектің" ән-күйіндегі даулылық бұл жерде де емес. Өзгеде. Ең әуелгі кемшілік: әнші-актерлерде. Оларда дауыс жоқ. Және рөлін ойнап, әндей ойнап салу жоқ. "Жібекке" кірген барлық жақсы әндер опера музыкасы сияқты сезілмейді14... Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 06:09 6534

"Қыз Жібек" қандай

Ән-күй театры1 осымен үш белден асты2. Енді бұның аз уақыт ішінде істеген көп еңбегіне біраз қорытынды баға беріп, бұдан былайғы бет-бағытына жұртшылық боп жәрдем ететін мезгіл болды. Бұл жөнде айтылатын сөз көп, Көпшіліктің ойында реттеліп, тәртіпке түсіп, екшеліп, әзірленіп қалған ұсыныстар да аз емес. Былтырдан бергі өлкелік комитет пен наркомпрос3 басшылығы және Жұмат4 пен оның коллективі5 істеген еңбек аз еңбек емес. Бірақ осыны айтумен қатар ән-күй театрының ендігі келешек жол-жосығын толық күйде сөз қылып, пікір екшесіп алу қазірде өте қажет екенін қоса айту керек. Бұл істі Наркомпрос қолға алар. Біз әзірше театрдың ең соңғы еңбегі "Қыз Жібек" жөнінде бір-екі сөз айтайық. Театр сахнасында "Жібек" жарқырап шықты. Көз тартатын, есте қалатын әдемі көрініс аз емес. Жалпы алғанда жас театрдың алғашқы ізденулерінің ішіндегі ең көрнектісі осы "Жібек" деуге болады. Бұған сіңірілген еңбек, жалпы әзірлік, шығарылған қаражат, сырттан қосылған күйші, биші өнерпаздар (Александров6, Брусиловский7) күші де олқы болған жоқ. Осы жағдайлар "Жібекті" сөз қылуға татырлық, айта қаларлық табыс дәрежесіне көтерген сияқты. Бұл айтылған жалпы баға. Ал, осымен қатар енді бірталай олқылықты да айтпауға болмайды.

Сахнадағы "Жібек" көп өнерпаздың (жазушы, режиссер, актер-әнші, биші, күйші, суретші сияқтылардың) коллективтік еңбегінің нәтижесі. Осының әр тарауы жайынан қысқаша қайырып, талдап айтып көрейік.

Бүгінгі "Жібек" ішінде — әсіресе, даусыз жақсы боп көрінетін билер. Жолдас Александров біздің ән-күй театрымызға үлкен бір олжа сияқты, қымбат бағалы адам. "Шұға" мен "Жібекке" ол істеген еңбек аз емес. Биге менің айтарлық дауым жоқ. Жалғыз-ақ, кейбір би (қаздар биі сияқтылар) аз ұзындау ма дейім. Әрине, көпшілік биінде техника жағында, тұтастық, гармония жағында піспеген шалалық белгілері жоқ емес. Бірақ, оған кінәлі бидің өзі емес, билеуші жеке күштердің әлі жастық, шалалығы. Ал, бастаушы бишілер, әсіресе қазақ артискасы Шараның шығыстары8 — мақтарлық та, мақтанарлық та әдемі табыс.

Екінші көрнекті еңбек — суретші Ненашев9 жолдас еңбегі. Бұл, әсіресе, бірінші пердедегі қазақ үйін өте көркем жасаған. Бұл күнге шейін біздің сахналарда қисыны табылмай, олпы-солпы боп келе жатқан киіз үй кейіпі енді ғана шырайланып, сахнадағы өз орнын тапқан сияқты. Бірақ, енді осыған орай екінші пердедегі сарай әлсіреп кеткен. Ол да бұл күйде ертегілі сарайдан көрі бүгінгі арзан қолды кепе (ресторан) көрінісіне жақын. Тағы бір кемшілік: соңғы пердедегі түстің сахнасында. Суретші түс сахнасын — қайықтан басқа жерінде шала қалдырған тәрізденеді. Жібектің ойыны білдірмесе, үлкен драмалық уақиғаның тұсында суретші сахнаны тым шалағай, жадағай қалдырады. Анығында түстің ең мағыналы, әсерлі жері — қайықтан соңғы Төлеген шыққан жер. Сол ара сыртқы сурет (оформление) жағынан ертегіше, түсше боялу, бөлену керек еді. Бұл кемшілікке суретшімен қатар режиссер де жауапты.

Екеуінің сурет ретіндегі қабат міні, әсіресе, киімде көрінеді. Шынында, Жібек киімінен басқа киім көңілдегідей емес. Көшпелі ел қызы, Жібек отауындағы әйелдер киімі мен сарайлы хан Базарбай айналасындағы әйел киімдері бір-бірінен дұрыстап айрылмайды. Ерекше кемшілік: Бекежан тобын киіндіруде. Олар — жамандаушылар аузында қырық қарақшы, дәлінде әр елден шыққан бір алуан ереуілшілер, шығайлар. Бұларға неше алуан жорық киімін кидіріп, аттарына лайық аспап, құрал, сауыт-сайман беру қажет еді. Бұл топ сахнада көбінше бір момақан, сұр ғана топ боп сезіледі. Шынында, тірсек жең жасыл кемзал бұларды найза басы, ат үсті жігіті қылмай, қатаң айтқанда төмен етек, қызтекелеу10 қып көрсетеді. Бұл жағын қатты ескеру керек.

Менің үлкен дауым ән-күй жағында. Рас, бұл ретте күйші11 Брусиловский жолдастың кінәсі аз. Ол өз ісін жақсы атқарған. Оның жалғыз міні: күй бастауларды (увертюраны) кейде тым ұзақ, кейде қазақ тындаушысына ұғымсыздау етіп алуында. Бірақ, сонысының өзінде де қазақ әуенін өсіру, мағналандыру, тереңдету ісі көп. Әсіресе, жақсы істеген жерлері — қазақ әнін мына опера сияқты күйге сәйкестеуде12. "Гәккудің" аяғын өзгерту, өзге бірталай

әндерді кесіп-пішіп, тыңнан сыптау сияқты істер — Брусиловский еңбегі. Жалғыз-ақ, онымен тағы режиссерге қоса қоятын кінә — бұрынғы қазақы әншінің ән салар алдында құр айғайлап алатын шылбыр создысын жоймапты. Осы сияқты көп әннің аяғындағы қайырмаларды кеспепті. Ән жеке тіршілік еткенде қайырма да, алғашқы айғай да керек. Ал, операға кіргенде бұлар мына жаңалықтың ішіне сыймай, дертеден13 шығып, бұра тартып тұрған сияқты.

Бірақ "Жібектің" ән-күйіндегі даулылық бұл жерде де емес. Өзгеде. Ең әуелгі кемшілік: әнші-актерлерде. Оларда дауыс жоқ. Және рөлін ойнап, әндей ойнап салу жоқ. "Жібекке" кірген барлық жақсы әндер опера музыкасы сияқты сезілмейді14...

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға