Жаңалықтар

Ұшу аппараттары

Ұшу аппараттары — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғылар. Бұл аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады. Ұшу аппараттарының жіктелуі Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады. Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отылды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.
05.12.2012 06:05 16689

Ұшу аппараттары — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғылар. Бұл аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.

Ұшу аппараттарының жіктелуі

Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады.

Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары

Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отылды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді. Ауа-реактивті қозғалтқыш ішінде кең тарағаны — ӘӘК ұшақтарында қолданылатын турбореактивтік қозғалтқыштар. Негізгі энергия (қуат) көзі ядролық отын болып табылатын атомдық күш қондырғылары ерекше топ құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға