Жаңалықтар

Ерте темір дәуіріндегі материалдық мәдениет

Ерте темір дәуіріндегі материалдық мәдениет Ерте темір дәуіріндегі материалдық мәдениеті табылған көптеген және алуан түрлі заттар б. з. б. VII—V ғасырларда Аралдың шығыс өңірін мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті қыщ ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық қыщ ыдыстары мен жануыштар, ат әбзелдері мен қару-жарақтар жатады. Ағаш өнделгенде қолданылған, жер өндеу жұмыстарына және қару ретінде пайдаланылатын қола шапашоттар сирек кездеседі. Басқа сақ тайпаларында мүлде кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың кызметін қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бұйымдар да бар. Керамиканын материалдық мәдениет ерекшеліктерін мейлінше айқын көрсететіні және түрі ұқсас болған жағдайда түрлі аймақтардың металл бұйымдарының, керамикалық түрлерінің ерекшеліктері елеулі болуы мүмкін. Түгіскен мен Үйғарақта керамика барлық жерлеу орындарында кездесе берген жоқ. Биіктік мойыны бар және жайпақ түпті, көбінесе жылтыратылған, алмұрт бітімдес ыдыстар керамиканын негізгі түрлері болып табылады. Мұның өзі көніл аударарлық жай, өйткені саврамат ескерткіштерінде алмұрт бітімдес ыдыстар б. з. б. VI ғасырда ғана пайда болады және оларға тән емес. Олардың Орта Азиядан шықкан болуы неғұрлым ықгимал. Түтікше шүмегі бар ыдыс та орта азияльқ түр болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Үйғарақтағы б. з. б. VI ғасырдағы кабірлер- ден табылды, Кдзақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ұшыраспады. Сонымен бірге Оңтүстік Түгіскен мен Үйғарақта бір не екі тұтқасы бар жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бүйірі шығынқы тостағандар кездесті — ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық өңірінің савраматтар дүниесінде, сондай-ақ Қазақстанньщ ертедегі көшпенділердің жерлеу орындарында жақсы белгілі.[1] Арал өңірінін жерлеу кешендерінен қару-жарақтар, кебінесе жебе ұштары мен ат әбзелдері табылды. Олар Еуразияның алдыңғы сақ заманын- дағы шығыс аудандарына - Қазақстанға, Сібірге, Алтайға тән. Мұнда да жебе ұштарының басты-басты екі түрі — қысқа сапты және ұңғылы түрі қатар қолданылған. Қысқа мойынды жебе үшының орнына б. з. б. VI ғасырдың екінші жартысында қанды басы үш қанатты немесе үш қырлы ұңғылы жебе ұшын қолдану басқа аудандарға қарағанда ертерек басталды, мұның өзі бұлардың солтүстік-батыс көршілері — Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарымен байланыстары мен жер жағынан жақындығыньің арқасында болған еді. Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа жерлерде аз тараған ромб тәрізді ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қанды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылған жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф-сақ әдісі басым болтан. Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынан ең кеп табылатын затардың бірі — ат әбзелдері. Үйғарактағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгеннің қалдықтары — ауыздыктар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ак тартпалардың айылбастары табылған. Үйғарақтағы ат ер-түрманы — Орталық Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нүсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен катар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз кұрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түріндегі шығыршықты ауыз- дықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен кезге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың [[Арал] өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді. Сырдарияның төменгі бойындағы ескерткіштерді саврамат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Үйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш кұстың басы түріндегі «кұстұмсық тәрізді» деп аталатын құрбандық ыдыстарынын ерекше түрі де кең таралған.  
05.12.2012 06:05 6289

Ерте темір дәуіріндегі материалдық мәдениет

Ерте темір дәуіріндегі материалдық мәдениеті табылған көптеген және алуан түрлі заттар б. з. б. VII—V ғасырларда Аралдың шығыс өңірін мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті қыщ ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық қыщ ыдыстары мен жануыштар, ат әбзелдері мен қару-жарақтар жатады. Ағаш өнделгенде қолданылған, жер өндеу жұмыстарына және қару ретінде пайдаланылатын қола шапашоттар сирек кездеседі. Басқа сақ тайпаларында мүлде кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың кызметін қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бұйымдар да бар.
Керамиканын материалдық мәдениет ерекшеліктерін мейлінше айқын көрсететіні және түрі ұқсас болған жағдайда түрлі аймақтардың металл бұйымдарының, керамикалық түрлерінің ерекшеліктері елеулі болуы мүмкін.
Түгіскен мен Үйғарақта керамика барлық жерлеу орындарында кездесе берген жоқ. Биіктік мойыны бар және жайпақ түпті, көбінесе жылтыратылған, алмұрт бітімдес ыдыстар керамиканын негізгі түрлері болып табылады. Мұның өзі көніл аударарлық жай, өйткені саврамат ескерткіштерінде алмұрт бітімдес ыдыстар б. з. б. VI ғасырда ғана пайда болады және оларға тән емес. Олардың Орта Азиядан шықкан болуы неғұрлым ықгимал. Түтікше шүмегі бар ыдыс та орта азияльқ түр болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Үйғарақтағы б. з. б. VI ғасырдағы кабірлер- ден табылды, Кдзақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ұшыраспады. Сонымен бірге Оңтүстік Түгіскен мен Үйғарақта бір не екі тұтқасы бар жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бүйірі шығынқы тостағандар кездесті — ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық өңірінің савраматтар дүниесінде, сондай-ақ Қазақстанньщ ертедегі көшпенділердің жерлеу орындарында жақсы белгілі.[1] Арал өңірінін жерлеу кешендерінен қару-жарақтар, кебінесе жебе ұштары мен ат әбзелдері табылды. Олар Еуразияның алдыңғы сақ заманын- дағы шығыс аудандарына - Қазақстанға, Сібірге, Алтайға тән. Мұнда да жебе ұштарының басты-басты екі түрі — қысқа сапты және ұңғылы түрі қатар қолданылған. Қысқа мойынды жебе үшының орнына б. з. б. VI ғасырдың екінші жартысында қанды басы үш қанатты немесе үш қырлы ұңғылы жебе ұшын қолдану басқа аудандарға қарағанда ертерек басталды, мұның өзі бұлардың солтүстік-батыс көршілері — Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарымен байланыстары мен жер жағынан жақындығыньің арқасында болған еді.
Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа жерлерде аз тараған ромб тәрізді ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қанды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылған жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф-сақ әдісі басым болтан.
Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынан ең кеп табылатын затардың бірі — ат әбзелдері. Үйғарактағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгеннің қалдықтары — ауыздыктар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ак тартпалардың айылбастары табылған.
Үйғарақтағы ат ер-түрманы — Орталық Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нүсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен катар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз кұрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түріндегі шығыршықты ауыз- дықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен кезге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың [[Арал] өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.
Сырдарияның төменгі бойындағы ескерткіштерді саврамат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Үйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш кұстың басы түріндегі «кұстұмсық тәрізді» деп аталатын құрбандық ыдыстарынын ерекше түрі де кең таралған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға