Жаңалықтар

Ерте Темір дәуіріңдегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Ерте Темір дәуіріңдегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Мәдениет сипаттамасы Б. з. б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан — болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лeпci, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында кәптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінін сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзені) 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен-Тобе алқабында (Солтүстік Кыргызстан) 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында калыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нак Жеті- суды мекендеген деген корытындыға келтірген24. Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларынан» боренелерден тұрғызылған ірі жерлеу кұрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың кабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалакша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф- сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалган. Есік кабірінен табылған күміс тостақанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал. Берікқара корымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан каланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран калдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болган діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ. Оңтүстік Қазақстандагы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен28 және Үйғарақ қорымдарының обаларынаң көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар — кару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетгердің материадцык мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар — қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар аксүйектердің ескерткіштеріне карағанда әлденеше есе көп) шаруашылык және мал табынының түр құрамы туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс салты туралы құнды мәліметтер береді. Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандык ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ер-тұрман заттары едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың кұю техника- сы мен көркемдік мәдениетініңжогары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде Орта Азия мен Қазақстандагы металлургия ондірісінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді. Бесшатыр қорымы Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр койнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады; орташаларында тиісінше — 25-38 м және 5—6 м; кішілерінде — 6—18 м және 0,8—2 м. Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоналып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің үштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақтобесініңдиаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бұл — орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жатарында төменге карай түсетін ордың (ені 2 м) ізі байқалады. Үйіндінің айналасынан 5—7 метр қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2 м және сақталып қалған биіктігі 50—60 см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қойтас- тардан қоршау түрінде тұрғызылган дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынган. Обаның солтүстік- шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыска карай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сыныктары мен моншақтар шықты. Қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуга және кұрбан шалу ғүрпына байланысты болуы ықтимал. Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлык ұсақ обалар қазылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан — 8,93 м. Оба жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені — екінші қабаты, ол қалыңдығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршақтастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-Шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астына жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер бетіндегі кұрылыс.  
05.12.2012 06:01 8136

Ерте Темір дәуіріңдегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Мәдениет сипаттамасы
Б. з. б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан — болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі. Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лeпci, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында кәптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінін сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзені) 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен-Тобе алқабында (Солтүстік Кыргызстан) 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында калыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нак Жеті- суды мекендеген деген корытындыға келтірген24. Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларынан» боренелерден тұрғызылған ірі жерлеу кұрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың кабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалакша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф- сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалган. Есік кабірінен табылған күміс тостақанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал. Берікқара корымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан каланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран калдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болган діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ. Оңтүстік Қазақстандагы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен28 және Үйғарақ қорымдарының обаларынаң көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар — кару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагетгердің материадцык мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар — қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар аксүйектердің ескерткіштеріне карағанда әлденеше есе көп) шаруашылык және мал табынының түр құрамы туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс салты туралы құнды мәліметтер береді. Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқ табылған олжалар мен көркемдік қола бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандык ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару және ер-тұрман заттары едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың кұю техника- сы мен көркемдік мәдениетініңжогары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде Орта Азия мен Қазақстандагы металлургия ондірісінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді.
Бесшатыр қорымы
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр койнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады; орташаларында тиісінше — 25-38 м және 5—6 м; кішілерінде — 6—18 м және 0,8—2 м. Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары тоналып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің үштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы, жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақтобесініңдиаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген, бұл — орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жатарында төменге карай түсетін ордың (ені 2 м) ізі байқалады. Үйіндінің айналасынан 5—7 метр қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2 м және сақталып қалған биіктігі 50—60 см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қойтас- тардан қоршау түрінде тұрғызылган дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынган. Обаның солтүстік- шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыска карай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сыныктары мен моншақтар шықты. Қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуга және кұрбан шалу ғүрпына байланысты болуы ықтимал. Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлык ұсақ обалар қазылды. Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан — 8,93 м. Оба жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені — екінші қабаты, ол қалыңдығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршақтастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-Шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған үлкен ағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астына жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер бетіндегі кұрылыс.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға