Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпараттық агенттіктер ұйымы
05.12.2012 06:01
4321
Азия және Тынық мхитыелдерінің ақпараттық агенттіктер ұйымы (ОАНА) (Organication of Asia - Pacific News Agencies OANA) - 20 елдін 25 ақпарат агенттіктерін біріктіретін ұйым: АА (Түркия), Антара (Индонезия), АПП (Пәкістан), Бахтар (Ауғанстан), Бернама (Малайзия), БСС (Бангладеш), ВИА (СРВ), Истерн Ньюс Эйдженси (Бангладеш), ИРНА (Иран), Ренхап (Оңтүстік Корея), Киодо Цусин (Жапония), КПЛ (ЛХДР), Ланкапуват (Шри-Ланка), МОНЦАМЭ (МХР), ПНА (Филиппин), ППИ (Пәкістан), ПТИ (Үндістан), РСС (Непал), Самачар Бхарати (Үндістан), Синьхуа (ҚХР), ИТАР-ТАСС (Ресей), ТНА (Тайланд), Хиндустан Самачар (Үндістан), ЦТАК (КХДР), ЮНИ (Үндістан).[1].
1961 жылы Бангкокта Азия елдерінің баспасөз конференциясында ЮНЕСКО-ның шешімімен (Organication of Asia Pacific News Agencies OANA) Азия елдерінің баспасөз агенттіктерінің ұйымы деген атпен құрылды. 1981 жылы Куала-Лумпурда ЮНЕСКО-ның тікелей қатысуымен ОАНА-ның Бас ассамблеясында қайта құрылды. Оның құрамы кеңейтіліп (көптеген жаңа мүшелері социалистік елдердің агенттіктері болды), ОАНА-ның Жарғысына өзгертулер енгізілді. Азия елдері мен Тынық мұхиты елдерімен 1982 жылы каңтарында қызметін бастаған АНН (Asia Pacific News Agencies ANN) ақпарат агенттігі ұйымы деп өзгертілді (қысқартылған түрі сақталынды). Жарғыға сәйкес, ОАНА мақсаты Азия елдері мен Тынық мұхиты елдерінің арасында ақпарат алмастыруды жеңілдету және кенейту, дамыған және дамушы мемлекеттермен ақпарат алмастыру, аштықты, қайыршылықты, жұмыссыздықты және ауруды жою, даму мәселелеріне, бейбітшілік үшін және халықтар арасындағы түсіністік, ұлтшылдыққа, отаршылыққа қарсы күрес түрлеріне байланысты ақпараттарға ерекше мән беру. ЮНЕСКО-да кеңесшілік дәрежесі бар ("В" категориясы). Жоғарғы ұйымы 3 жылда бір рет шақырылатын Бас ассамблеясы. Атқарушы ұйым үш вице-президенттен және 5 мүшеден тұратын және Бас ассамблеяда 3 жылға сайланған президенттен тұратын Атқарушы комитет болып табылады. ОАНА-ның қызметіне Атқарушы комитет бекіткен Техникалық топ бақылау жүргізеді. Топқа ірі және техникалық жағынан белді агенттік өкілдері енеді. 1981 жылы ИТАР-ТАСС ОАНА-ның Техникалық тобына мүше болып табылады. Күнделікті жұмысты президенттің және ОАНА-ның секретариатының басшылығымен Секретариат атқарады. ОАНА-ның штаб-пәтері Бас ассамблея өткізілетін жерлерде кезекпен орналасады (1987 жылы желтоқсанына дейін Делиде, Үндістан).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ахмет Қуанұлы Жұбанов
Келесі жаңалық
Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды