Жаңалықтар

Антарктида

  Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км2, ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км2-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз  деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км2. Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада, олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км2. Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км2) мен Александр І жері (400 км2) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі. Антарктиданың климаты – полярлық континенттік. Климаттық ерекшелігіне байланысты Антарктида – суықтық полюсі. Ол сондай-ақ, жер шарының ең күшті желдер мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі болып табылады. Оңтүстік полюс аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің Күнге ең жақын нүктесінде (перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай артық алады. Ауаның мөлдір әрі құрғақ болуы, яғни антициклондық ауа райы күн радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Антарктида жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа айлық радиация жиынтығы Жер шарындағы ең жоғары көрсеткішке (30 ккал/см2) жетеді. Бірақ, келетін жылудың 90%-ға жуығы мұз жамылғысымен шағылысып, әлем кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылыну мүмкіншілігі өте төмен. Континенттің орталығында қысқы орташа температура –60 – 72°  С-қа дейін, жаз айларында –30 – 50° С-қа дейін, ал жағалауларда қыста –18° С, жазда –20° С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 30 – 50 мм, жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен қар күйінде түседі. Суық ауа Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай қозғалып, ағынды желдерді туғызады (орташа жылдық жылдамдығы 12 м/с), ол циклондық ауа ағынымен қосылған кезде теңіз дауылына айналады (жылдамдығы 50 – 60 м/с., кейде 90 м/с-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар соғып тұрады. Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді. Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді. Құрлықты және оның жағалау бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Роберт Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халықаралық геофизикалық зерттеу жұмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел құрлық пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар құрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс, геомагниттік және «жетуге қиын» полюстерге жорықтар жасалды, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары Антарктидада жүзден астам ғылыми-зерттеу стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізеді. Онда 16 мемлекеттің зерттеушілері өзара байланыста жұмыс жасайды. Антарктида қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екендігі анықталды және олардың кейбіреулері өндіріле бастады. Антарктида табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады.
05.12.2012 05:55 28605

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға