Жаңалықтар

Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыз шебіндегі антропология

Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыз шебіндегі антропология Сақтардың антропологиялық кескін-кейпі Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыздың шебінде сақтардың антропологиясы — азын-аулақ храниологиялық белгілері олардың жалпы антропологиялық кескін-кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Олардың бас сүйегі шағын, ми қауашағының бітімі төмен, беті едәуір жалпақ, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді. Бұл храниологиялық белгілер сақтардың дене пішінінің негізіне неғұрлым алдыңғы қола дәуірінің тұрғындарына тән болған андроновтық антропологиялық бітім жатқанын дәлелдейді. Сонымен бірге қола дәуірімен салыстырғанда сақтардың бірқатар храниологиялық белгілерінде, онша елеулі болмаса да, айрықша ерекшеліктер аңғарылады. Олар ертедегі темір дәуірінде сақ тайпаларының жалпы еуропеоидтік келбетінің неғұрлым көмескіленуіне келіп саяды. Бас сүйек неғұрлым аласа болып, бас сүйек көрсеткіші біршама ұлғаяды, бет әлпетінің жалпақтығы артып, маңдайының тік еңісі өсе түседі, мұрын сүйегінің дөңестігі азайып, көз ұясы шығыңкы бола бастайды. Бұл өзгерістер тізбесінің монғолоидтік храниологиялық сипаттама жағына ойысуы сақ тайпаларының құрамында аздап монғолоидтық қоспа пайда болған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы сақ бас сүйектері серияларының морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, бір жағынан, олардың арасындағы генетикалық тығыз жақындықты көрсетеді. Сонымен бірге монғолоидтік элементгер бас сүйектердің әрбір сериясы ішінде ғана емес, сериялар арасында да біркелкі емес. Бұл белгілер ол Орталық Қазақстанды мекендеушілерге қарағанда, солтүстік және шығыс аймақтардың сақтарында жиірек кездеседі. Бұл айтылғандар араласу үрдісінің біршама жақын уақытта басталғанын дәлелдейді. Оның үстіне ертедегі темір дәуірінде жекелеген монголоидтік немесе сол кезде-ақ белгілі бір дәрежеде араласқан топтар Қазақстан далаларына монғолоидтар мекендеген Орталык Азияның тікелей түкпірінен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның шығысына жапсарлас жатқан неғұрлым жақын жерлерден — нәсілдік жағьшан храниологиялық сериялары неғұрлым алдыңғы кезеңдерде де белгілі Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірден келуі мүмкін. Сақтардың Таулы Алтай тайпаларымен неғұрлым тығыз қарым-қатысына Оңтүстік Қазақстаннан (Түгіскен, Ұйғарақ, Молалы қорымдарынан) алынған храниологиялық материалдар дәлел болуы мүмкін. Антропологиялық тұрғы- дан алғанда, бұл ескерткіштерден табылған сақтар заманындағы бас сүйектерін жалпы морфологиялық ерекшеліктер біріктіреді. Олар мыналар болып табылады: бет әлпеті өте биік, бұл орайда едәуір жалпақ, оның еуропеоидтермен салыстырғанда көлденеңінен, әсіресе бет әлпетінің жоғарғы бөлігінде толықтығы айқынырақ, көз ұясы жоғары болып келеді, бұған ұйғарақ сериясы қосылмайды. Белгілердің суреттелген шамалары бас сүйектердің қаралып отырған сериялары құрамында монголоидтік элементтер үлесінің едәуір елеулі екенін және Таулы Алтайдын сондай тұрғындарының морфологиялык белгілерімен ұқсастығы бар екенін дәлелдейді51. Молалы сияқты, археологиялық ескерткіштердің бір тобьша жататын Шұбарат қорымынан алынған бас сүйектердің храниологиялық сериясының физикалық бітімі Қазақстан, Оңтүстік Арал өңірі далаларының, сондай-ақ Тянь-Шаньның сақ тайпаларының көпшілігіне тән тұрпатта екенін, бұл орайда монголоидтік қоспа мейлінше әлсіз аңғарылатынын атап өтеміз. Нақ сол кезенде Қазақстанның батысында, археологиялық деректерге қарағанда, алдндағы дәуірдің қимашылары мен андроновтықтардың өзара әсері негізінде қалыптасқан савроматтар тайпалары мекендеген. Савроматтардың храниологиялық материалдарың зерттеу олардың Батыс Қазақстанның қима халқымен генетикалық сабактастығын көрсетті, ал оның құрамында Еділ бойының қима халқына тән андроновтық пішіннің компоненттері ұштасып жатқан. Ертедегі темір дәуірінде батыс аймақ тұрғындарының Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерімен қарым- қатынасы, тегінде, бұрынғысынан да күшейе түссе керек. Бұл олардың дене бітіміне едәуір айқын әсер еткен. Батыс Қазақстанның қима тайпаларымен салыстырғанда, савроматтардың бас сүйектерінде бас сүйек көрсеткіші үлкен, мезокрания жағына ойысқан, онша биік емес және неғұрлым жалпақ, бет әлпетінің пішінделуі қолденеңінен қарағанда онша айқын емес, мұрын сүйектері сәл ғана дөңестеу, кеңсірік үсті онша биік емес, көз ұясы неғұрлым биік болады52. Бұл өзгерістер олардың нәсілдік тұрпатындағы андронов компоненттерінің ұлғаюы жағына қарай болғанын ескерте кеткен жөн. Ол былай тұрсын, соңғы жылдардағы храниологиялық материалдар ішінде савромат- тардың бас сүйек сериялары езінің нәсілдік тұрпаты жағынан Жетісудағы үйсіндердің кейбір серияларына ұқсайды деуге болады. Савроматтардың храниологиялық деректерін Қазақстанның батысымен, сондай-ақ Төменгі Еділ бойын Қазақстанның қалған аумағындағы сақтармен салыстыру нәтижелері, кейбір айырмашылықтарына қарамастан, олардың морфологиялық жағынан өте жақын екендігі туралы тезисті растайды. Бұл жақындықты савроматтар мен сақтардың нәсілдік құрамына енген арғы ататектерінің ортақтығымен ғана емес, сонымен қатар олардьщ ертедегі темір дәуірінде нәсіл болып калыптасу жолдарының да жалпы ортақтығымен түсіндіруге болады. Үйсіндердің антропологиялық тұрпаты Үйсіндердің антропологиялық тұрпаты — Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тұрғындарының өздерінің алдындағы сақ тайпаларымен мәдениет жағынан да, генетикалық жағынан да сабақтастығы үйсісіндер заманында (б. з. б. III ғасыр — б. з. III ғасыр) едәуір айқын аңғарылады. Үйсіндерге бас сүйектін ұзындығы мен биіктігі орташа, бірақ ені үлкен, брахикарлы (езокранияға жақын), мандайының біршама тайқылығы, кенсірігінің шығыңқы және қабақ доғасының орташа дөңес, мұрнының көлемі орташа болуы тән. Жетісудан табылған ер адам бас сүйегінің М.М. Герасимов жасаған пластикалық реконструкциясы үйсіндердің жалпы жинақталған кескінін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді. Антропологиялық тұрпаты жағынан үйсіндердің бас сүйегі біршама монғолоидтік қоспасы бар еуропеоидтік нәсілге жатады. Cавромат-сарматтардың генетикалық сабақтастығы Cавромат-сарматтардың — Б. з. б. III ғасырдан бастап сармат тайпаларының Батыс Қазақстан аумағында савроматтардың мирасқоры болып, олармен бірге савромат-сармат этникалық-мәдени қауымын кұрғаны мәлім. Олардың генетикалық сабақтастығьш палеоантропологиялық материалдар да растайды. Савроматтардың дене бітімінің негізгі сипаттары қандай да болсын елеу- лі өзгерістерге ұшыраған жоқ - Савроматтардағы сияқты сарматтарда да сол аймақ- тағы жалпы еуропалық сарын сақтады, оған андроновтық бітім компоненттері қосылып, ертедегі Жерорта теңізі нәсілінің белгілері әлсірей түсті. Сонымен бірге олардың антропологиялық құрамында монғолоидтік элементтер өте аз, бірақ ол біртіндеп көбейе берді. Дықылтас қорымынан алынған ер адамның бас сүйегі бойынша жасалған пластикалық реконструкция сарматтардың дене бітімі туралы жалпы түсінік береді. Батыс Қазақстан ауқымында савромат-сармат дәуіріндегі дене сипатының өзгеруіндегі белгілі бір әркелкілік аңғарылады. Бубенны қорымынан (Батыс Қазақстан облысы) алынған б. з. б. II — біздің заманымыздағы IV ғасырлардағы саны жағынан аз храниологиялық серияда нақ сол аймақтағы қола дәуірінің қима тұрғындарының антропологиялық бітіміне барып тірелетін морфологиялық элементтер сақталған. Алайда Батыс Қазақстанның савромат-сармат тайпаларының антропологиялық құрамындағы аса күрделі өзгерістердің қарқыны мен дәрежесіне неғұрлым негізделген баға беру үшін саны жағынан әлдеқайда қомақты храниологиялық материалдар керек. Олар өздерінің қоныс аударған жолында ертедегі еуропеоид тектес тұрғындардың жергілікті ұрпақтарымен араласуы әбден мүмкін, ал олардың ұрпақтарында да өз кезегінде сол кездің өзінде ғұндар шапқыншылығының алдындағы дәуірдегі монголоид топтармен көбінесе қан араластыру іздері болған54. Бұрын ғұндарға телініп келген бас сүйекті әдейі бұзу жөніндегі мәдени дәстүрге келетін болсақ, казіргі уақытта Ферғана алқабындағы б. з. б. V—III ғасырлардағы қорымдардың материалдарынан әлгі құбылыстың ол жерге біздің заманымыз шебінде ғұн тайпаларының келуінен әлде- қайда көп уақыт бұрын пайда болғаны мәлім болып отыр.  
05.12.2012 05:53 17000

Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыз шебіндегі антропология
Сақтардың антропологиялық кескін-кейпі
Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыздың шебінде сақтардың антропологиясы — азын-аулақ храниологиялық белгілері олардың жалпы антропологиялық кескін-кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Олардың бас сүйегі шағын, ми қауашағының бітімі төмен, беті едәуір жалпақ, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді. Бұл храниологиялық белгілер сақтардың дене пішінінің негізіне неғұрлым алдыңғы қола дәуірінің тұрғындарына тән болған андроновтық антропологиялық бітім жатқанын дәлелдейді.
Сонымен бірге қола дәуірімен салыстырғанда сақтардың бірқатар храниологиялық белгілерінде, онша елеулі болмаса да, айрықша ерекшеліктер аңғарылады. Олар ертедегі темір дәуірінде сақ тайпаларының жалпы еуропеоидтік келбетінің неғұрлым көмескіленуіне келіп саяды. Бас сүйек неғұрлым аласа болып, бас сүйек көрсеткіші біршама ұлғаяды, бет әлпетінің жалпақтығы артып, маңдайының тік еңісі өсе түседі, мұрын сүйегінің дөңестігі азайып, көз ұясы шығыңкы бола бастайды. Бұл өзгерістер тізбесінің монғолоидтік храниологиялық сипаттама жағына ойысуы сақ тайпаларының құрамында аздап монғолоидтық қоспа пайда болған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы сақ бас сүйектері серияларының морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, бір жағынан, олардың арасындағы генетикалық тығыз жақындықты көрсетеді. Сонымен бірге монғолоидтік элементгер бас сүйектердің әрбір сериясы ішінде ғана емес, сериялар арасында да біркелкі емес.
Бұл белгілер ол Орталық Қазақстанды мекендеушілерге қарағанда, солтүстік және шығыс аймақтардың сақтарында жиірек кездеседі. Бұл айтылғандар араласу үрдісінің біршама жақын уақытта басталғанын дәлелдейді. Оның үстіне ертедегі темір дәуірінде жекелеген монголоидтік немесе сол кезде-ақ белгілі бір дәрежеде араласқан топтар Қазақстан далаларына монғолоидтар мекендеген Орталык Азияның тікелей түкпірінен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның шығысына жапсарлас жатқан неғұрлым жақын жерлерден — нәсілдік жағьшан храниологиялық сериялары неғұрлым алдыңғы кезеңдерде де белгілі Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірден келуі мүмкін. Сақтардың Таулы Алтай тайпаларымен неғұрлым тығыз қарым-қатысына Оңтүстік Қазақстаннан (Түгіскен, Ұйғарақ, Молалы қорымдарынан) алынған храниологиялық материалдар дәлел болуы мүмкін. Антропологиялық тұрғы- дан алғанда, бұл ескерткіштерден табылған сақтар заманындағы бас сүйектерін жалпы морфологиялық ерекшеліктер біріктіреді. Олар мыналар болып табылады: бет әлпеті өте биік, бұл орайда едәуір жалпақ, оның еуропеоидтермен салыстырғанда көлденеңінен, әсіресе бет әлпетінің жоғарғы бөлігінде толықтығы айқынырақ, көз ұясы жоғары болып келеді, бұған ұйғарақ сериясы қосылмайды. Белгілердің суреттелген шамалары бас сүйектердің қаралып отырған сериялары құрамында монголоидтік элементтер үлесінің едәуір елеулі екенін және Таулы Алтайдын сондай тұрғындарының морфологиялык белгілерімен ұқсастығы бар екенін дәлелдейді51. Молалы сияқты, археологиялық ескерткіштердің бір тобьша жататын Шұбарат қорымынан алынған бас сүйектердің храниологиялық сериясының физикалық бітімі Қазақстан, Оңтүстік Арал өңірі далаларының, сондай-ақ Тянь-Шаньның сақ тайпаларының көпшілігіне тән тұрпатта екенін, бұл орайда монголоидтік қоспа мейлінше әлсіз аңғарылатынын атап өтеміз. Нақ сол кезенде Қазақстанның батысында, археологиялық деректерге қарағанда, алдндағы дәуірдің қимашылары мен андроновтықтардың өзара әсері негізінде қалыптасқан савроматтар тайпалары мекендеген. Савроматтардың храниологиялық материалдарың зерттеу олардың Батыс Қазақстанның қима халқымен генетикалық сабактастығын көрсетті, ал оның құрамында Еділ бойының қима халқына тән андроновтық пішіннің компоненттері ұштасып жатқан. Ертедегі темір дәуірінде батыс аймақ тұрғындарының Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерімен қарым- қатынасы, тегінде, бұрынғысынан да күшейе түссе керек. Бұл олардың дене бітіміне едәуір айқын әсер еткен.
Батыс Қазақстанның қима тайпаларымен салыстырғанда, савроматтардың бас сүйектерінде бас сүйек көрсеткіші үлкен, мезокрания жағына ойысқан, онша биік емес және неғұрлым жалпақ, бет әлпетінің пішінделуі қолденеңінен қарағанда онша айқын емес, мұрын сүйектері сәл ғана дөңестеу, кеңсірік үсті онша биік емес, көз ұясы неғұрлым биік болады52. Бұл өзгерістер олардың нәсілдік тұрпатындағы андронов компоненттерінің ұлғаюы жағына қарай болғанын ескерте кеткен жөн. Ол былай тұрсын, соңғы жылдардағы храниологиялық материалдар ішінде савромат- тардың бас сүйек сериялары езінің нәсілдік тұрпаты жағынан Жетісудағы үйсіндердің кейбір серияларына ұқсайды деуге болады.
Савроматтардың храниологиялық деректерін Қазақстанның батысымен, сондай-ақ Төменгі Еділ бойын Қазақстанның қалған аумағындағы сақтармен салыстыру нәтижелері, кейбір айырмашылықтарына қарамастан, олардың морфологиялық жағынан өте жақын екендігі туралы тезисті растайды. Бұл жақындықты савроматтар мен сақтардың нәсілдік құрамына енген арғы ататектерінің ортақтығымен ғана емес, сонымен қатар олардьщ ертедегі темір дәуірінде нәсіл болып калыптасу жолдарының да жалпы ортақтығымен түсіндіруге болады.
Үйсіндердің антропологиялық тұрпаты
Үйсіндердің антропологиялық тұрпаты — Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тұрғындарының өздерінің алдындағы сақ тайпаларымен мәдениет жағынан да, генетикалық жағынан да сабақтастығы үйсісіндер заманында (б. з. б. III ғасыр — б. з. III ғасыр) едәуір айқын аңғарылады. Үйсіндерге бас сүйектін ұзындығы мен биіктігі орташа, бірақ ені үлкен, брахикарлы (езокранияға жақын), мандайының біршама тайқылығы, кенсірігінің шығыңқы және қабақ доғасының орташа дөңес, мұрнының көлемі орташа болуы тән. Жетісудан табылған ер адам бас сүйегінің М.М. Герасимов жасаған пластикалық реконструкциясы үйсіндердің жалпы жинақталған кескінін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді. Антропологиялық тұрпаты жағынан үйсіндердің бас сүйегі біршама монғолоидтік қоспасы бар еуропеоидтік нәсілге жатады.
Cавромат-сарматтардың генетикалық сабақтастығы
Cавромат-сарматтардың — Б. з. б. III ғасырдан бастап сармат тайпаларының Батыс Қазақстан аумағында савроматтардың мирасқоры болып, олармен бірге савромат-сармат этникалық-мәдени қауымын кұрғаны мәлім. Олардың генетикалық сабақтастығьш палеоантропологиялық материалдар да растайды. Савроматтардың дене бітімінің негізгі сипаттары қандай да болсын елеу- лі өзгерістерге ұшыраған жоқ - Савроматтардағы сияқты сарматтарда да сол аймақ- тағы жалпы еуропалық сарын сақтады, оған андроновтық бітім компоненттері қосылып, ертедегі Жерорта теңізі нәсілінің белгілері әлсірей түсті. Сонымен бірге олардың антропологиялық құрамында монғолоидтік элементтер өте аз, бірақ ол біртіндеп көбейе берді. Дықылтас қорымынан алынған ер адамның бас сүйегі бойынша жасалған пластикалық реконструкция сарматтардың дене бітімі туралы жалпы түсінік береді.
Батыс Қазақстан ауқымында савромат-сармат дәуіріндегі дене сипатының өзгеруіндегі белгілі бір әркелкілік аңғарылады. Бубенны қорымынан (Батыс Қазақстан облысы) алынған б. з. б. II — біздің заманымыздағы IV ғасырлардағы саны жағынан аз храниологиялық серияда нақ сол аймақтағы қола дәуірінің қима тұрғындарының антропологиялық бітіміне барып тірелетін морфологиялық элементтер сақталған. Алайда Батыс Қазақстанның савромат-сармат тайпаларының антропологиялық құрамындағы аса күрделі өзгерістердің қарқыны мен дәрежесіне неғұрлым негізделген баға беру үшін саны жағынан әлдеқайда қомақты храниологиялық материалдар керек.
Олар өздерінің қоныс аударған жолында ертедегі еуропеоид тектес тұрғындардың жергілікті ұрпақтарымен араласуы әбден мүмкін, ал олардың ұрпақтарында да өз кезегінде сол кездің өзінде ғұндар шапқыншылығының алдындағы дәуірдегі монголоид топтармен көбінесе қан араластыру іздері болған54. Бұрын ғұндарға телініп келген бас сүйекті әдейі бұзу жөніндегі мәдени дәстүрге келетін болсақ, казіргі уақытта Ферғана алқабындағы б. з. б. V—III ғасырлардағы қорымдардың материалдарынан әлгі құбылыстың ол жерге біздің заманымыз шебінде ғұн тайпаларының келуінен әлде- қайда көп уақыт бұрын пайда болғаны мәлім болып отыр.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға