Жаңалықтар

Азғын

  Азғын - моральдық нормадан алшақтауды білдіретін (моральдық-эстетикалық) ұғым. Қазақ ұғымында қоғамдық даму барысында пайда болған дәстүрлі құндылықтарға жат, белгілі ортада, белгілі дәуірде қалыптасқан моральдық-эстетикалық нормалар мен стереотиптерге қарама-қайшы қылықтар, ерсі әдеттердің бой көрсетуі азғындық ретінде бағамдалды. Ұғымның онтологиялық мәні генетикалық жағынан құлдырау, тұқымның сапалық деңгейінің төмендеуі деген мағынаны білдірсе керек. Кейін моральдық-эстетикалық категорияға айналған. Бұл құбылысты қоғамда болып тұратын сөздердің семантикалық-логикалық контаминациялық түрленісімен түсіндіруге болады. Алайда, ұғымның ілкі мағынасы - мал, жануардың, адамның арып жүдеп-жадауы, өнімділігі мен физиологиялық жағынан кемшіндікке бой ұруы деген мағынасы сақталған. Байырғы наным-сенім бойынша, әр адамның Жаратқанның адам маңдайына, пешенесіне жазылған жазмыштан бұрылып, қисық жолға түсуін «азу» деп ұққан, ал адамдықтан, кісілік ізгіліктен кеткен адамды азғын деп атаған. Мысал ретінде төмендегідей жыр жолдарын келтіруге болады: Күзенді жауыздық, Суырды сараңдық, Маймылды күндестік аздырыпты. Асылы жақсы атадан, Азғын болып тугсін ит (Батырлар жыры). Қазақ қоғамындағы түрлі эмансипациялық құбылыстар (отаршылдық, сауда-саттықтың кең етек алуы, жаңа мизамдағы қоғамдық-техникалық қоғамның дәстүрлілікке кері әсері және т.б.) әсерінен дәстүрлі құндылықтар рухани күйзелістің немесе әлеуметтік дағдарыстың салдарынан қалыпты нормасынан таяды, сол арқылы адамшылықтан айрылған, бұзылған, опасыз адамдар тобы пайда болады. Теріс жолға түсіп бұзылғандық, арам ниеттілік, зинақорлық, нәпсіқұмарлыққа салынушылық, жезөкшелік тәрізді дәстүрлі қоғамның ұстанымдарына қарама-қайшы жат қылықтарды азғындыққа санаған. Мұның сыртында қоғамдық қатынастардың ереже, нормаларына жат, ағайыннның алауыздығы, жігерсіздік, рухсыздық, сатқындық, пайдакүнемдік, екіжүзділік, адамгершілікке жат қылықтар да азғындықдық деп есептелді. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында моральдық-эстетикалық ұстанымдар негізінде қазақ қоғамының мүшелерінің арасындағы құндылықтарды насихаттап, өзіндік норма, ережелер арқылы реттеп отырған. Ауыз әдебиет жанрларының кейіпкерінің іс-әрекеті баяндала отырып, моральдық, имандылық мәселесіне ерекше баға беру, табиғатын ашу арқылы азғындықдықтың себеп-салдарынан аулақ етеді, онан жиіркендіреді. Әсіресе, «қазақтың діни дастандары халқымыздың pуxaни әлемінде ерекше орын алған, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде ерек¬ше қызмет атқарзан фольклорлық жанр; олар ислам құндылықтарының жалпы адамзаттың моралъдық қазидалармен сәйкес келетін тұстарын суреттеуімен құнды», - дейді академик С.Қасқабасов. Беташарлар- да үгіт-насихат, дәстүрлі қоғамның ұстанымдарын, моральдық қағидаларын тәптіштей түсіндіру, адам келбеті мен мінезіндегі азғындық әрекеттен аулақ болуды уағыздайтын жолдары молынан кездеседі. Ал, қара өлеңде, паремаларда адам қоғамындағы барша өмір салтының, салт-дәстүрінің, моральдық-этикалық нормалары мен құндылықтары туралы образдылықпен айтылады. азғын біткен сыналады.
05.12.2012 05:49 5772

 

Азғын - моральдық нормадан алшақтауды білдіретін (моральдық-эстетикалық) ұғым. Қазақ ұғымында қоғамдық даму барысында пайда болған дәстүрлі құндылықтарға жат, белгілі ортада, белгілі дәуірде қалыптасқан моральдық-эстетикалық нормалар мен стереотиптерге қарама-қайшы қылықтар, ерсі әдеттердің бой көрсетуі азғындық ретінде бағамдалды. Ұғымның онтологиялық мәні генетикалық жағынан құлдырау, тұқымның сапалық деңгейінің төмендеуі деген мағынаны білдірсе керек. Кейін моральдық-эстетикалық категорияға айналған. Бұл құбылысты қоғамда болып тұратын сөздердің семантикалық-логикалық контаминациялық түрленісімен түсіндіруге болады.

Алайда, ұғымның ілкі мағынасы - мал, жануардың, адамның арып жүдеп-жадауы, өнімділігі мен физиологиялық жағынан кемшіндікке бой ұруы деген мағынасы сақталған. Байырғы наным-сенім бойынша, әр адамның Жаратқанның адам маңдайына, пешенесіне жазылған жазмыштан бұрылып, қисық жолға түсуін «азу» деп ұққан, ал адамдықтан, кісілік ізгіліктен кеткен адамды азғын деп атаған. Мысал ретінде төмендегідей жыр жолдарын келтіруге болады: Күзенді жауыздық, Суырды сараңдық, Маймылды күндестік аздырыпты. Асылы жақсы атадан, Азғын болып тугсін ит (Батырлар жыры).

Қазақ қоғамындағы түрлі эмансипациялық құбылыстар (отаршылдық, сауда-саттықтың кең етек алуы, жаңа мизамдағы қоғамдық-техникалық қоғамның дәстүрлілікке кері әсері және т.б.) әсерінен дәстүрлі құндылықтар рухани күйзелістің немесе әлеуметтік дағдарыстың салдарынан қалыпты нормасынан таяды, сол арқылы адамшылықтан айрылған, бұзылған, опасыз адамдар тобы пайда болады. Теріс жолға түсіп бұзылғандық, арам ниеттілік, зинақорлық, нәпсіқұмарлыққа салынушылық, жезөкшелік тәрізді дәстүрлі қоғамның ұстанымдарына қарама-қайшы жат қылықтарды азғындыққа санаған. Мұның сыртында қоғамдық қатынастардың ереже, нормаларына жат, ағайыннның алауыздығы, жігерсіздік, рухсыздық, сатқындық, пайдакүнемдік, екіжүзділік, адамгершілікке жат қылықтар да азғындықдық деп есептелді.

Қазақ ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында моральдық-эстетикалық ұстанымдар негізінде қазақ қоғамының мүшелерінің арасындағы құндылықтарды насихаттап, өзіндік норма, ережелер арқылы реттеп отырған. Ауыз әдебиет жанрларының кейіпкерінің іс-әрекеті баяндала отырып, моральдық, имандылық мәселесіне ерекше баға беру, табиғатын ашу арқылы азғындықдықтың себеп-салдарынан аулақ етеді, онан жиіркендіреді. Әсіресе, «қазақтың діни дастандары халқымыздың pуxaни әлемінде ерекше орын алған, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде ерек¬ше қызмет атқарзан фольклорлық жанр; олар ислам құндылықтарының жалпы адамзаттың моралъдық қазидалармен сәйкес келетін тұстарын суреттеуімен құнды», - дейді академик С.Қасқабасов. Беташарлар- да үгіт-насихат, дәстүрлі қоғамның ұстанымдарын, моральдық қағидаларын тәптіштей түсіндіру, адам келбеті мен мінезіндегі азғындық әрекеттен аулақ болуды уағыздайтын жолдары молынан кездеседі. Ал, қара өлеңде, паремаларда адам қоғамындағы барша өмір салтының, салт-дәстүрінің, моральдық-этикалық нормалары мен құндылықтары туралы образдылықпен айтылады. азғын біткен сыналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға