Жаңалықтар

Азаматтық неке

      “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дін мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлік келтірмей, жұртқа жария етілмей ерлі-зайыптылардың бір шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ діні–Исламды жеткізуші Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесіз қосылып, зина жасағандарды:“Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйіріліп тұрады” деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) Әлбетте, “азаматтық некемен” тұратын ерлі-зайыптылардың да өздерінің санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесi емессiң” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше өрбiп жатады. “Азаматтық неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi.   Тарихы   Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi. Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды. Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ. Қазақстандағы жағдай   Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының қызметкерi Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша “Мемлекеттiк Неке сарайларындағы некенi тiркеу рәсiмiнде де шариғаттың кейбiр талаптары орындалады; куәлары болады, екi жас бiр-бiрiне жар болуға ризашылықтарын бiлдiредi. Бiрақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешiтке келiп, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрiп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс” дейдi. Ал Бiз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, “еркiн махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты “сексуальдық төңкерiс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде. Бүгiн Қазақстанда кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22%–некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi.  
05.12.2012 05:46 15032

 

 
 
“Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дін мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлік келтірмей, жұртқа жария етілмей ерлі-зайыптылардың бір шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ діні–Исламды жеткізуші Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесіз қосылып, зина жасағандарды:“Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйіріліп тұрады” деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) Әлбетте, “азаматтық некемен” тұратын ерлі-зайыптылардың да өздерінің санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесi емессiң” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше өрбiп жатады. “Азаматтық неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi.
 
Тарихы
 
Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi. Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды. Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ.
Қазақстандағы жағдай
 
Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының қызметкерi Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша “Мемлекеттiк Неке сарайларындағы некенi тiркеу рәсiмiнде де шариғаттың кейбiр талаптары орындалады; куәлары болады, екi жас бiр-бiрiне жар болуға ризашылықтарын бiлдiредi. Бiрақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешiтке келiп, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрiп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс” дейдi. Ал Бiз сөз қылып отырған “азаматтық неке” – дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, “еркiн махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты “сексуальдық төңкерiс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде. Бүгiн Қазақстанда кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22%–некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға