Жаңалықтар

Жалпы білім беретін мектептердің 36%-ында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған - Жұмағұ

Жалпы білім беретін мектептердің 36%-ында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Оқушылар мен студенттерді оқу орнындағы секциялармен көбірек қамту қажет. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің 36%-ында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Мысалы, оқушылардың 25%-ының шаңғы спортымен айналысуға мүмкіндігі бар», - деді Б.Жұмағұлов. Оның айтуынша, орта білім беру ұйымдарында спорттық секциялармен қамтылған оқушылардың үлесі - 22,5 % және аталған көрсеткіш өсуде. «Универсиадаға дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мектептерді қажетті жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуі керек деп ойлаймын. Облыстардағы қазіргі спорттық база заман талабына сай емес», - деп толықтырды ол. Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстанда барлығы 190 шаңғы базасы, 496 хоккей корты, 3 секіруге арналған трамплин, 9 коньки стадионы бар. Анықтама - қысқы спорт түрлері бойынша инфрақұрылым: Ақмола облысы: шаңғы базасы - 11, хоккей корты - 111, оның ішінде жабық - 3 (2012 жыл басында жабық хоккей корты салынды) спорт сарайы - 2. Ақтөбе облысы: 3 шаңғы базасы, 26 ашық хоккей корты, 1 спорт сарайы. Дене тәрбиесімен және спортпен 180 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады. Бұл облыстағы жалпы халықтың 22,9%-ын құрайды. Батыс Қазақстан облысы: 6 шаңғы базасы, 2 спорт сарайы. Павлодар облысы: 1 мұз сарайы, 66 хоккей қорабы, 6 шаңғы базасы, 2 шаңғы трассасы бар. Қарағанды облысы: 83 шаңғы базасы, 49 хоккей корты, 7 спорт сарайы бар. Маңғыстау облысы: қысқы спорт түрлері бойынша объектілер жоқ. Алматы қаласы: 3 шаңғы базасы, 2 секіру трамплины, 1 коньки стадионы, 3 хоккей корты, 1 спорт сарайы бар. Жамбыл облысы: қысқы спорт түрлері бойынша объектілер жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы: 16 шаңғы базасы, 1 биатлон, 130 хоккей корты бар. Астана қаласы: 1 шаңғы базасы, 16 ашық хоккей корты бар, 3 спорт сарайы бар. Оңтүстік Қазақстан облысы: 1 мұз сарайы, Төле би ауданында «Алатау» тау шаңғы базасы бар. Қостанай облысы: шаңғы базасы - 39, коньки стадионы (ашық) - 1, хоккей корты - 43, оның 5-уі жабық корттар, 2 спорт сарайы. Қызылорда облысы: 2013 жылы сәуір-мамырда Мұз сарайы ашылады. Шығыс Қазақстан облысы: шаңғы базалары - 26, секіру трамплиндері - 1, коньки стадионы - 6, хоккей корты - 45, 1 спорт сарайы. Катон-Қарағай ауданында жалпы білім беретін мектептер базасында 9 хоккей қорабы салынған, шаңғы базасы қайта құрылды; Зырянов қаласында жасанды жамылғысы бар 3 көп функционалды хоккей корты пайдалануға берілді. Сол жерде шаңғы базасы ашылды. Жарма ауданы Шар қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен 2,0 млн. теңгеге хоккей корты салынды. Көкпекті ауданында Көкпекті және Самар ауылдарында хоккей корттары салынды. 2011 жылы 16 хоккей қорабы, 1 шаңғы базасы салынды. 2012 жылы Өскемен қаласында 2 хоккей модулі пайдалануға беріледі. Алматы облысы: 2 спорт сарайы, шаңғы биатлон стадионы, 1 коньки стадионы, 5 хоккей корты, 1 шаңғы базасы бар. Атырау облысы: 2 хоккей корты, 1 спорт сарайы, Вокзал шағын ауданында жалпы сырғанау үшін мұз алаңы бар.
05.12.2012 05:44 3266

Жалпы білім беретін мектептердің 36%-ында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Оқушылар мен студенттерді оқу орнындағы секциялармен көбірек қамту қажет. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің 36%-ында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Мысалы, оқушылардың 25%-ының шаңғы спортымен айналысуға мүмкіндігі бар», - деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, орта білім беру ұйымдарында спорттық секциялармен қамтылған оқушылардың үлесі - 22,5 % және аталған көрсеткіш өсуде.

«Универсиадаға дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мектептерді қажетті жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуі керек деп ойлаймын. Облыстардағы қазіргі спорттық база заман талабына сай емес», - деп толықтырды ол.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстанда барлығы 190 шаңғы базасы, 496 хоккей корты, 3 секіруге арналған трамплин, 9 коньки стадионы бар.

Анықтама - қысқы спорт түрлері бойынша инфрақұрылым:

Ақмола облысы: шаңғы базасы - 11, хоккей корты - 111, оның ішінде жабық - 3 (2012 жыл басында жабық хоккей корты салынды) спорт сарайы - 2.

Ақтөбе облысы: 3 шаңғы базасы, 26 ашық хоккей корты, 1 спорт сарайы.

Дене тәрбиесімен және спортпен 180 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады. Бұл облыстағы жалпы халықтың 22,9%-ын құрайды.

Батыс Қазақстан облысы: 6 шаңғы базасы, 2 спорт сарайы.

Павлодар облысы: 1 мұз сарайы, 66 хоккей қорабы, 6 шаңғы базасы, 2 шаңғы трассасы бар.

Қарағанды облысы: 83 шаңғы базасы, 49 хоккей корты, 7 спорт сарайы бар.

Маңғыстау облысы: қысқы спорт түрлері бойынша объектілер жоқ.

Алматы қаласы: 3 шаңғы базасы, 2 секіру трамплины, 1 коньки стадионы, 3 хоккей корты, 1 спорт сарайы бар.

Жамбыл облысы: қысқы спорт түрлері бойынша объектілер жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы: 16 шаңғы базасы, 1 биатлон, 130 хоккей корты бар.

Астана қаласы: 1 шаңғы базасы, 16 ашық хоккей корты бар, 3 спорт сарайы бар.

Оңтүстік Қазақстан облысы: 1 мұз сарайы, Төле би ауданында «Алатау» тау шаңғы базасы бар.

Қостанай облысы: шаңғы базасы - 39, коньки стадионы (ашық) - 1, хоккей корты - 43, оның 5-уі жабық корттар, 2 спорт сарайы.

Қызылорда облысы: 2013 жылы сәуір-мамырда Мұз сарайы ашылады.

Шығыс Қазақстан облысы: шаңғы базалары - 26, секіру трамплиндері - 1, коньки стадионы - 6, хоккей корты - 45, 1 спорт сарайы.

Катон-Қарағай ауданында жалпы білім беретін мектептер базасында 9 хоккей қорабы салынған, шаңғы базасы қайта құрылды;

Зырянов қаласында жасанды жамылғысы бар 3 көп функционалды хоккей корты пайдалануға берілді. Сол жерде шаңғы базасы ашылды.

Жарма ауданы Шар қаласында бюджеттен тыс қаражат есебінен 2,0 млн. теңгеге хоккей корты салынды.

Көкпекті ауданында Көкпекті және Самар ауылдарында хоккей корттары салынды.

2011 жылы 16 хоккей қорабы, 1 шаңғы базасы салынды.

2012 жылы Өскемен қаласында 2 хоккей модулі пайдалануға беріледі.

Алматы облысы: 2 спорт сарайы, шаңғы биатлон стадионы, 1 коньки стадионы, 5 хоккей корты, 1 шаңғы базасы бар.

Атырау облысы: 2 хоккей корты, 1 спорт сарайы, Вокзал шағын ауданында жалпы сырғанау үшін мұз алаңы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға