Жаңалықтар

Ауыз үй

  Ауыз үй , ауыз бөлме,Вестибюль — дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыстауға салынған үйдің кіреберіс бөлмесі. Үйдегі бөлмелердің аз-көптігі әрбір отбасының тұрмыс жағдайына байланысты болған. Бірақ ең кедей отбасының өзі 2 бөлмелі үй және қосымша шағын аула салған. Сол екі бөлмелі үйдің алдыңғысы — ауыз үй, кейінгісі — төр үй болып есептелген. Орташа ауқатты отбасыларында бөлмелер саны 3-тен кем болмаған: ауыз үй, ас үй (қазандық), төр үй. Вестибюль — тұтынушыға қызмет көрсету басталатын бөлме болып саналады. Орын санына байланысты кәсіпорындардьщ вестибюль аудандары әр түрлі болып келеді. Вестибюльде сыртқы киімге арналған гардероб, дәретханалар, айналар, жұмсақ жиһаз, ойын автоматтары, гүл және газет сатылу орындары ұйымдастырылады.  Ауқатты отбасылар бұған қонақ үй мен балалар жататын үйді қосып, бөлмелер санын 5 — 6-ға жеткізген. Кедей отбасыларында жеке ас үй (қазандық) болмаған. Асты ауыз үйде пісіріп, азық-түлікті, ыдыс-аяқты осында ұстаған. Кей жылдары ауыз үйде ерте туған төлді (қозы, лақ, бұзау) ұстауына тура келген. Ауыз үй - келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үймереттің ішкі бөлімдеріне кіру алдындагы бөлме. Киім ілгіш сөресі Егер ауыз үйдің көлемі мүмкіндік берсе, сырт киімдерді арнайы кергіштерге ілген дұрыс. Ол кергіштер киім ілгішке арналған жоғарғы сөресінің төменгі жағынан екі шеткітіреу тақтаға көлденең, қабырғадан 25—30 ем бері қағылған штангаға ілінеді. Мұндай штангалар жұмыр ағаштан не ортасы қуыс металдан жасалады. Штангалардың жуан-жіңішкелігі олар көлденең бекітілетін екі шеткі тіреудің қашықтығына байланысты. Өйткені арақашықтығы алшақ, ал штанга жіңішке болса, оның киім салматымен майысып кетуі мүмкін. Киім ілгіш сөресінің биіктігі еденнен 190—200 ем болған жағдайда, киімнен төменгі бос орынды аяқ киім салатын жәшік қою үшін пайдаланады. Бұл жәшіктердің ені 35 см-ден аспауы тиіс. Сондай-ақ, аяқ киім қою үшін ені 15 см-ден аспайтын аласа жәшік жасауға да болады. Мұндай жәшіктердің әр бөлігінің жоғарғы жағына көлденең ағаш штангалар бекітіледі де, аяқ киім соған тақасынан ілінеді. Аяқ киімнің тұмсығы берірек қағылған жіңішке тақтайшаға тірелуі қажет. Биіктігі 50—70 ем мұндай жәшіктердің жоғарғы бөлігіне қолқап, щетка, аяқ киім майы т. б. әр түрлі ұсақ заттар сақтайтып, есігі сырғымалы ұялар жасайды. Жәшіктің үстіңгі қақпағы айна қоятын сөре ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ал екі қабырғасына қолшатыр, таяқ шетін ілгешек қағылады . Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіл көрсетеді. Айна пайдалануға қолайлы болу үшін оның төменгі кенересінің еденнен кемінде 30 ем биік орналасқан!»! жақсы, Егер айна ауыз үйдің бұрышына қойылған жағдайда, оның келесі қабырғадан қашықтығы 30 см-ден кем болмауы тиіс. Айнаның жанынан сәндену бұйымдары мен жабдықтарын қоятын жақтау немесе кішкене столШа орнатады. Ал көлемі шағын айшаның тік бұрышты, дөңгелек, дөңес болып келуі және олардың әсем безендірілген ағаш не металл рамаларға салынуы мүмкін. Үлкен айна тік бұрышты болуы қажет. Оны арнаулы шегемен немесе сәндік бұрандамен бірден қабырғаға яки есікке бекітеді. Ауыз үйді жиһаздау кезінде отыратын орынды да есепке алған жөн (орындық, табуретка немесе банкетка). Жерді тарылту үшін орындық орнына аяқ киім салатын жәіпікті пайдалануға да болады. Ол үшін жәшіктің еденнен биіктігі 40—50 ем деңгейде болуға тиіс. Сол сияқты, биік жәшіктің аяқ орнатылған қайырмалы есігі де орындық ретінде пайдалануы мүмкін. Қабырғаға кіргізе жасалған шкафтар Ауыз үйде қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады. Мұндай шкафтарды жасаған кезде, оның қарсы қабырғадан кемінде 130 ем алшақ болуы тиіс екенін естен шығармау керек. Шалқалап ашылмайтыны сырмалы есіктерді пайдаланған тиімді. Киімді кергіш арқылы ілу үшін мұндай шкафтардың тереңдік 55 ем-ден кем болмауы тиіс. Шкафтың жоғарғы бөле гі не сирек пайдаланылатын және маусымдық дүниелерді сақтау тиімді. Қабырғадан ойып жасаған шкаф шаңғы, қармақ сабы сияқты ұзын заттарды сақтауға ыңғайлы. Осындай шкаф жасаған кезде киім ілгішке және бас киім қоятын сереге орын қалдырылады. Егер пәтерде шаруашылық бұйымдары үшін арнаулы шкаф болмаса, ойып жасалған шкафтың бір бөлігі шаруашылық б ұйы мд арына арналады, оның көлемі кемінде 40—60 ем болуы қажет. Қазіргі пәтерлерде ауыз үй қонақ бөлмеден әйнектелген есікпен немесе сырғымалы қортиаумен бөлінеді. Бұл ауыз үйге табиғи жарық түстіне, оның көзге кең болып кө-рінуіне мүмкіншілік береді.
05.12.2012 05:44 7757

 

Ауыз үй , ауыз бөлме,Вестибюль — дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыстауға салынған үйдің кіреберіс бөлмесі. Үйдегі бөлмелердің аз-көптігі әрбір отбасының тұрмыс жағдайына байланысты болған. Бірақ ең кедей отбасының өзі 2 бөлмелі үй және қосымша шағын аула салған. Сол екі бөлмелі үйдің алдыңғысы — ауыз үй, кейінгісі — төр үй болып есептелген. Орташа ауқатты отбасыларында бөлмелер саны 3-тен кем болмаған: ауыз үй, ас үй (қазандық), төр үй. Вестибюль — тұтынушыға қызмет көрсету басталатын бөлме болып саналады. Орын санына байланысты кәсіпорындардьщ вестибюль аудандары әр түрлі болып келеді. Вестибюльде сыртқы киімге арналған гардероб, дәретханалар, айналар, жұмсақ жиһаз, ойын автоматтары, гүл және газет сатылу орындары ұйымдастырылады.  Ауқатты отбасылар бұған қонақ үй мен балалар жататын үйді қосып, бөлмелер санын 5 — 6-ға жеткізген. Кедей отбасыларында жеке ас үй (қазандық) болмаған. Асты ауыз үйде пісіріп, азық-түлікті, ыдыс-аяқты осында ұстаған. Кей жылдары ауыз үйде ерте туған төлді (қозы, лақ, бұзау) ұстауына тура келген.

Ауыз үй - келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үймереттің ішкі бөлімдеріне кіру алдындагы бөлме.

Киім ілгіш сөресі

Егер ауыз үйдің көлемі мүмкіндік берсе, сырт киімдерді арнайы кергіштерге ілген дұрыс. Ол кергіштер киім ілгішке арналған жоғарғы сөресінің төменгі жағынан екі шеткітіреу тақтаға көлденең, қабырғадан 25—30 ем бері қағылған штангаға ілінеді. Мұндай штангалар жұмыр ағаштан не ортасы қуыс металдан жасалады. Штангалардың жуан-жіңішкелігі олар көлденең бекітілетін екі шеткі тіреудің қашықтығына байланысты. Өйткені арақашықтығы алшақ, ал штанга жіңішке болса, оның киім салматымен майысып кетуі мүмкін. Киім ілгіш сөресінің биіктігі еденнен 190—200 ем болған жағдайда, киімнен төменгі бос орынды аяқ киім салатын жәшік қою үшін пайдаланады. Бұл жәшіктердің ені 35 см-ден аспауы тиіс. Сондай-ақ, аяқ киім қою үшін ені 15 см-ден аспайтын аласа жәшік жасауға да болады. Мұндай жәшіктердің әр бөлігінің жоғарғы жағына көлденең ағаш штангалар бекітіледі де, аяқ киім соған тақасынан ілінеді. Аяқ киімнің тұмсығы берірек қағылған жіңішке тақтайшаға тірелуі қажет. Биіктігі 50—70 ем мұндай жәшіктердің жоғарғы бөлігіне қолқап, щетка, аяқ киім майы т. б. әр түрлі ұсақ заттар сақтайтып, есігі сырғымалы ұялар жасайды. Жәшіктің үстіңгі қақпағы айна қоятын сөре ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ал екі қабырғасына қолшатыр, таяқ шетін ілгешек қағылады .

Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна

Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіл көрсетеді. Айна пайдалануға қолайлы болу үшін оның төменгі кенересінің еденнен кемінде 30 ем биік орналасқан!»! жақсы, Егер айна ауыз үйдің бұрышына қойылған жағдайда, оның келесі қабырғадан қашықтығы 30 см-ден кем болмауы тиіс. Айнаның жанынан сәндену бұйымдары мен жабдықтарын қоятын жақтау немесе кішкене столШа орнатады. Ал көлемі шағын айшаның тік бұрышты, дөңгелек, дөңес болып келуі және олардың әсем безендірілген ағаш не металл рамаларға салынуы мүмкін. Үлкен айна тік бұрышты болуы қажет. Оны арнаулы шегемен немесе сәндік бұрандамен бірден қабырғаға яки есікке бекітеді. Ауыз үйді жиһаздау кезінде отыратын орынды да есепке алған жөн (орындық, табуретка немесе банкетка). Жерді тарылту үшін орындық орнына аяқ киім салатын жәіпікті пайдалануға да болады. Ол үшін жәшіктің еденнен биіктігі 40—50 ем деңгейде болуға тиіс. Сол сияқты, биік жәшіктің аяқ орнатылған қайырмалы есігі де орындық ретінде пайдалануы мүмкін.

Қабырғаға кіргізе жасалған шкафтар

Ауыз үйде қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады. Мұндай шкафтарды жасаған кезде, оның қарсы қабырғадан кемінде 130 ем алшақ болуы тиіс екенін естен шығармау керек. Шалқалап ашылмайтыны сырмалы есіктерді пайдаланған тиімді. Киімді кергіш арқылы ілу үшін мұндай шкафтардың тереңдік 55 ем-ден кем болмауы тиіс. Шкафтың жоғарғы бөле гі не сирек пайдаланылатын және маусымдық дүниелерді сақтау тиімді. Қабырғадан ойып жасаған шкаф шаңғы, қармақ сабы сияқты ұзын заттарды сақтауға ыңғайлы. Осындай шкаф жасаған кезде киім ілгішке және бас киім қоятын сереге орын қалдырылады. Егер пәтерде шаруашылық бұйымдары үшін арнаулы шкаф болмаса, ойып жасалған шкафтың бір бөлігі шаруашылық б ұйы мд арына арналады, оның көлемі кемінде 40—60 ем болуы қажет. Қазіргі пәтерлерде ауыз үй қонақ бөлмеден әйнектелген есікпен немесе сырғымалы қортиаумен бөлінеді. Бұл ауыз үйге табиғи жарық түстіне, оның көзге кең болып кө-рінуіне мүмкіншілік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға