Жаңалықтар

2017 жылғы Универсиадада еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек – білім ж

2017 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Универсиадада еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Қазақстанның студенттері 1993 жылдан бері Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысып келеді. Универсиада ойындарына елімізден 228 студент қатысқан. Олар 28 медалге – 11 алтын, 5 күміс, 12 қолаға ие болды. Спорт және дене шынықтыру агенттігінің мәліметі бойынша, елімізде алдағы Универсиада ойындарының барлық спорт түрлері қарқынды дамуда», - деді Б.Жұмағұлов. Оның айтуынша, бұл жұмыспен 12 аймақта 61 мың адам жүйелі түрде айналысуда. Алайда Универсиадаға толық дайындалу үшін оқушылар мен жастардың дене шынықтыру және спорт деңгейін әлі де көтеру қажет. «Яғни, еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек. Өйткені, қазіргі 8-сынып оқушыларының осы Универсиадаға қатысу мүмкіндігі бар. 90-шы жылдары жасөспірімдер спортына жеткілікті көңіл бөлінбеді. Енді бұл кемшіліктің орнын толтыру керек», - деп түйіндеді білім және ғылым министрі.
05.12.2012 05:42 2304

2017 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Универсиадада еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қазақстанның студенттері 1993 жылдан бері Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысып келеді. Универсиада ойындарына елімізден 228 студент қатысқан. Олар 28 медалге – 11 алтын, 5 күміс, 12 қолаға ие болды. Спорт және дене шынықтыру агенттігінің мәліметі бойынша, елімізде алдағы Универсиада ойындарының барлық спорт түрлері қарқынды дамуда», - деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, бұл жұмыспен 12 аймақта 61 мың адам жүйелі түрде айналысуда. Алайда Универсиадаға толық дайындалу үшін оқушылар мен жастардың дене шынықтыру және спорт деңгейін әлі де көтеру қажет.

«Яғни, еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек. Өйткені, қазіргі 8-сынып оқушыларының осы Универсиадаға қатысу мүмкіндігі бар. 90-шы жылдары жасөспірімдер спортына жеткілікті көңіл бөлінбеді. Енді бұл кемшіліктің орнын толтыру керек», - деп түйіндеді білім және ғылым министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға