Жаңалықтар

Ұлытау ауданы

Ұлытау ауданы - Қарағанды облысы Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,7%-ы қазақтар, 2,8%-ы орыстар, 0,2%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,6%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,83 өлім – 7,82 табиғи өсім – 9,01 Ауданда 01.01.07 жылға 99 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 10 орта, 89 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. Тарихы Ұлытау - ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Кешегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан еншісін бөліп, жүректерінде жауынгерлік жалын әлі де болса өше қоймаған елін ертіп, Ұлытауды бетке алып жөңкіле көшуінде жүрегіңді соғысынан жаңылдырып, сай-сүйегіңді сырқыратар терең сыр, күрделі құпия жатыр. Бұл – кейбіреулер айтып та, жазып та жүргендей тек қана ағайын арасындағы алауыздықтан туындаған құбылыс емес. Бұл – тарих тұғырындағы туы жығылған Алтын Орданың түтінін аңсау, бұл – ежелгі ескі жұрттың жұрнағын сағыну, бұл – дүниенің тең жартысын құзырына қаратқан кешегі кемел мемлекеттің киесін қастерлеу, бұл – Кетбұғы, Едіге, Тоқтамыс сияқты арыстандарымыздың айбарына бас иію, аруағына сыйыну, тұлғасына табыну, келбетін көксеу... Қазақтың соңғы ханы Кенесары Алла деп атқа қонғанда ордасын Ұлытауға бекерден-бекер тіккен жоқ. Оны да ежелгі жұртқа жетелеген осы құдірет, осы кие, осы күш, осы қасиет, осы тылсым, осы сиқыр.. Су қорлары Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары негізінен қар еріген кезде толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары арасында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық су қорының 80-90 пайызы ағады. Өлкедегі ең үлкен өзен – Қаракеңгір. Оның ұзындығы – 350 км, алқабының ауданы – 16700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2,1 текше метрге жетеді. Терісаққан өзені Желдіадыр тауынан бастау алып, әрі қарай көршілес Ақмола, Қостанай облыстары аумағымен ағады. Ұлытау жерінде жағалары тік, тау шатқалдарының арасы болып келеді де, әрі қарай Теңіз-Қорғалжын ойпатынан өткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды. Өсімдіктері мен жануарлары Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі. Ұлытаудың байтақ даласында жазық пен шөл өсімдіктерінің араласуынан шөлейтке бейімделген өсімдік түрлері көбірек таралған. Далалықтарда өсімдік жамылғысы сирек, маусымдық өзгерістер анық байқалады. Ерте көктемде, топырақта ылғал мол, жауын-шашынды кезде өсімдіктер барлық жерлерде қаулап өседі де, жаз шыға жылдам қурайды. Күзде салқын түсіп, жаңбыр көбейген кезде көптеген өсімдіктер қайта көгереді. Бұл өңірд көпжылдық өсімдіктерден тырсық, боз бетеге, тарақ бидайығы, сирек бас жусан, қара жусан, сұр жусан, көкпек, тұзды жерлерде сораңның көптеген түрлері және өзен алқаптары мен көлдердің жағалауларында бидайық, ақмамықтың бірнеше түрі, ши мен су оты өседі.  
05.12.2012 05:41 9393

Ұлытау ауданы - Қарағанды облысы Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,7%-ы қазақтар, 2,8%-ы орыстар, 0,2%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,6%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,83 өлім – 7,82 табиғи өсім – 9,01 Ауданда 01.01.07 жылға 99 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 10 орта, 89 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды.

Тарихы

Ұлытау - ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Кешегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан еншісін бөліп, жүректерінде жауынгерлік жалын әлі де болса өше қоймаған елін ертіп, Ұлытауды бетке алып жөңкіле көшуінде жүрегіңді соғысынан жаңылдырып, сай-сүйегіңді сырқыратар терең сыр, күрделі құпия жатыр. Бұл – кейбіреулер айтып та, жазып та жүргендей тек қана ағайын арасындағы алауыздықтан туындаған құбылыс емес. Бұл – тарих тұғырындағы туы жығылған Алтын Орданың түтінін аңсау, бұл – ежелгі ескі жұрттың жұрнағын сағыну, бұл – дүниенің тең жартысын құзырына қаратқан кешегі кемел мемлекеттің киесін қастерлеу, бұл – Кетбұғы, Едіге, Тоқтамыс сияқты арыстандарымыздың айбарына бас иію, аруағына сыйыну, тұлғасына табыну, келбетін көксеу...

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Алла деп атқа қонғанда ордасын Ұлытауға бекерден-бекер тіккен жоқ. Оны да ежелгі жұртқа жетелеген осы құдірет, осы кие, осы күш, осы қасиет, осы тылсым, осы сиқыр..

Су қорлары

Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес.
Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары негізінен қар еріген кезде толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары арасында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық су қорының 80-90 пайызы ағады.
Өлкедегі ең үлкен өзен – Қаракеңгір. Оның ұзындығы – 350 км, алқабының ауданы – 16700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2,1 текше метрге жетеді. Терісаққан өзені Желдіадыр тауынан бастау алып, әрі қарай көршілес Ақмола, Қостанай облыстары аумағымен ағады. Ұлытау жерінде жағалары тік, тау шатқалдарының арасы болып келеді де, әрі қарай Теңіз-Қорғалжын ойпатынан өткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды.

Өсімдіктері мен жануарлары

Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі.

Ұлытаудың байтақ даласында жазық пен шөл өсімдіктерінің араласуынан шөлейтке бейімделген өсімдік түрлері көбірек таралған. Далалықтарда өсімдік жамылғысы сирек, маусымдық өзгерістер анық байқалады. Ерте көктемде, топырақта ылғал мол, жауын-шашынды кезде өсімдіктер барлық жерлерде қаулап өседі де, жаз шыға жылдам қурайды. Күзде салқын түсіп, жаңбыр көбейген кезде көптеген өсімдіктер қайта көгереді.

Бұл өңірд көпжылдық өсімдіктерден тырсық, боз бетеге, тарақ бидайығы, сирек бас жусан, қара жусан, сұр жусан, көкпек, тұзды жерлерде сораңның көптеген түрлері және өзен алқаптары мен көлдердің жағалауларында бидайық, ақмамықтың бірнеше түрі, ши мен су оты өседі.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға