Жаңалықтар

Ерәлі Ермұхамедәлі

  Ерәлі Ермұхамедәлі Ерәлі Ермұхамедәлі (туған жылы белгісіз - 26.6.1794) - Кіші жүз ханы (1791-94), Әбілқайыр ханның баласы. Ерәлі жастайынан әкесімен бірге хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік істерге ерте араласады. 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін баскарған. Бұл елшіліктің құрамында ағасы Нияз сұлтан да болды. 10 ақпанда Уфа арқылы Ресей астанасына жеткен елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылдайды. Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарына «биік мәртебелі патша ағзамның қолдау көрсетуін» өтінеді. Ерәлі Әбілқайырдың аманаты ретінде Нияз сұлтанмен бірге Санкт- Петербургте қалады. Олар бірте-бірте Ресей империясының отарлау саясатының шын сы рын таниды. Елге қайтуға асығып, Ерәлі әкесінен аманаттыққа басқа бір баласын жіберуді өтінеді. Әбілқайыр 1738 жылы Санкт-Петербургке үшінші ұлы Қожахметті жібереді. Ерәлі Нияз сұлтанмен бірге Орынборға жетіп, сол жерде біраз кідіріп, әкесіне хабарламай, жасырын жағдайда өзі басқаратын керей, уақ, тарақты руларынан қарулы күш жасақтап, Сырдың арғы бетіне, Қызылқұм жағына билік жүргізіп жатқан хиуалықтарға шабуыл жасайды. Оларды қарақалпақтар қонысына дейін ығыстырады. Бұдан соң Ерәліні 1740 жылы Орта жүздің түстігін алып жатқан Сырдың екі жақ өңіріне хан көтереді. Ол 1787 жылы ағасы Нұралы ханның Уфаға жер аударылуына және туысы Айшуақ сұлтанды патша әкімшілігінің Орал қаласында ұстап, Кіші жүзге қайтармауына байланысты Ресей империясының саясатына қарсы наразы топтардың қозғалысына басшылық етеді. Алайда Ерәлі елдің жағдайына қатысты мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ол бастаған халық қозғалысын оңай баса алмайтындығын түсінген Орынбор генерал-губернаторы А.А.Пеутлинг 1790 жылы қайтыс болған Нұралының орнына Кіші жүз ханы етіп Ерәліні сайлауды үйғарады. 1791 жылы 4 қыркүйекте Орск қаласы түбінде зеңбіректерден салют беріліп, Ерәлі Кіші жүз ханы болып сайланады. Хан болып сайланғаннан кейін де ордасын Сыр бойындағы бұрынғы орнынан көшіргені туралы деректер жоқ.  
05.12.2012 05:38 4768

 

Ерәлі Ермұхамедәлі

Ерәлі Ермұхамедәлі (туған жылы белгісіз - 26.6.1794) - Кіші жүз ханы (1791-94), Әбілқайыр ханның баласы. Ерәлі жастайынан әкесімен бірге хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік істерге ерте араласады. 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін баскарған. Бұл елшіліктің құрамында ағасы Нияз сұлтан да болды. 10 ақпанда Уфа арқылы Ресей астанасына жеткен елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылдайды. Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарына «биік мәртебелі патша ағзамның қолдау көрсетуін» өтінеді. Ерәлі Әбілқайырдың аманаты ретінде Нияз сұлтанмен бірге Санкт- Петербургте қалады. Олар бірте-бірте Ресей империясының отарлау саясатының шын сы рын таниды. Елге қайтуға асығып, Ерәлі әкесінен аманаттыққа басқа бір баласын жіберуді өтінеді. Әбілқайыр 1738 жылы Санкт-Петербургке үшінші ұлы Қожахметті жібереді. Ерәлі Нияз сұлтанмен бірге Орынборға жетіп, сол жерде біраз кідіріп, әкесіне хабарламай, жасырын жағдайда өзі басқаратын керей, уақ, тарақты руларынан қарулы күш жасақтап, Сырдың арғы бетіне, Қызылқұм жағына билік жүргізіп жатқан хиуалықтарға шабуыл жасайды. Оларды қарақалпақтар қонысына дейін ығыстырады. Бұдан соң Ерәліні 1740 жылы Орта жүздің түстігін алып жатқан Сырдың екі жақ өңіріне хан көтереді. Ол 1787 жылы ағасы Нұралы ханның Уфаға жер аударылуына және туысы Айшуақ сұлтанды патша әкімшілігінің Орал қаласында ұстап, Кіші жүзге қайтармауына байланысты Ресей империясының саясатына қарсы наразы топтардың қозғалысына басшылық етеді. Алайда Ерәлі елдің жағдайына қатысты мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ол бастаған халық қозғалысын оңай баса алмайтындығын түсінген Орынбор генерал-губернаторы А.А.Пеутлинг 1790 жылы қайтыс болған Нұралының орнына Кіші жүз ханы етіп Ерәліні сайлауды үйғарады. 1791 жылы 4 қыркүйекте Орск қаласы түбінде зеңбіректерден салют беріліп, Ерәлі Кіші жүз ханы болып сайланады. Хан болып сайланғаннан кейін де ордасын Сыр бойындағы бұрынғы орнынан көшіргені туралы деректер жоқ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға