2017 жылы елімізде өтетін қысқы Универсиада – еліміздің әлеуетін әлемге танытудың, спорт пен дене шынықтыруға барынша қолдау көрсетудің тағы бір жолы.
Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2017 жыл біз үшін ерекше болмақ. Өйткені, елімізде ірі халықаралық іс-шаралар өтеді. Ең алдымен ЭКСПО-2017 көрмесінің орны бөлек. Сонымен қатар, бұл жылды қысқы Универсиада ашатын болады. Универсиада - маңызы жағынан Олимпиада ойындарынан кейін екінші орында тұр. Көптеген елдер осы Универсиада арқылы Олимпиаданы өткізу мүмкіндігіне ие болған. Мысалы, жазғы Олимпиада бойынша Бразилия, Кеңес Одағы, Қытай, қысқы ойындар бойынша Корей Республикасын атауға болады», - деген Б.Жұмағұлов еліміз 2017 жылғы Универсиаданы халықаралық деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.
«Бұл - еліміздің әлеуетін әлемге танытудың, спорт пен дене шынықтыруға барынша қолдау көрсетудің тағы бір жолы. Осы мақсатта Ұйымдастыру комитеті құрылды. 27 қарашада ұйымдастыру комиетінің отырысы болды. Онда барлық негізгі ұйымдастыру мәселелері қаралды», - деп толықтырды министр.
Б.Жұмағұлов: 2017 жылғы Универсиада – еліміздің әлеуетін әлемге танытудың тағы бір жолы
Оқи отырыңыз
3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады30 Наурыз, 13:17
Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?12 Наурыз, 10:11
«Бірден камераға түсіріп, айыппұл салады». 12 наурыздан бастап не өзгереді?11 Наурыз, 18:45
Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады