Аза күй, реквием
05.12.2012 05:36
5448
Аза күй, реквием — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма, қазақ халқының күй өнеріндегі қайғылы оқиғалармен байланысты шыққан күйлердің түрі. Аза күй ел басындағы, не жеке адамның өміріндегі қаралы жағдайларды муз. арқылы жеткізеді. Бұл тақырып аңыз, тарихи жоқтау, жылау, қоштасу, көңіл айту, жұбату сияқты күй жанрларында кездеседі. Халықтың рухани қазынасында осы тақырыптағы халық күйлері мен жеке күйшілердің күйлері сақталған. “Ақсақ құлан — Жошы хан” аңызында Жошы ханға баласының мерт болғанын күйші «Естірту» күйі арқылы білдірген. Ел тарихында “Зар заман” деп аталған кезеңде қазақ руларының бытырап, қандастарымен қоштасуыына арналып жазылған “Ел айрылған”, “Қазақ пен ноғайлының қоштасуы”, “Ноғайлының зары” күйлерінен орын алған. Жақынынан айрылып, қайғы-қасіретке душар боған адамның ауыр халін Қорқыт атамыздың “Ұшақтың ұлуы”, Дәулеткерейдің “Салық өлген”, Ықыластың “Ерден” күйлерінің мазмұны айқындайды. Сол сияқты, ботасынан айрылып, зарлаған інгеннің мұңлы дауысы “Нар идірген”, “Боз інген” күйлерінен сезіледі. Ата-анасынан, ел -жұртынан айрылып, қорғансыз қалған баланың зары “Жетім бала” күйінде көрініс тауып, бейнеленген. Әлемдік музыканың дамуында аза күй орта ғасырдағы католик шіркеулерлерінде орындалатын полифониялық музыкалық месса түрінде қалыптасты.
Аза күйдің классикалық түрлерін 16 ғасырда Еуропа композиторлары Пьер де ла Рю, О. Лассо және Палестрина жазды. Ал 18-19 ғасырларрда аза күй жазумен В.А.Моцарт, Ф.Лист, Г.Берлиоз, А.Дворжак, Дж.Верди т.б. композиторлар айналысқаннан кейін ол шіркеулік-догмалық сипаттан ажырап, терең философиялық мазмұнға ие болды. Аза күйдің үздік нұсқасы ретінде дүние жүзіндегі әйгілі болған, шынайы адамгершілікке, қайғылы лирикаға, қаралы пафосқа толы Моцарттың “Реквиемі” (1791, оны Моцарттың шәкірті Ф. Зюсмайр аяқтаған) саналады. Осы замандағы қазақ музыкасында сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаров сынды қаһармандар рухына арналып жазылған Р. Елебаевтың “Жас қазақ” ән-реквиемін (1942), С. Мұхамеджановтың “Ғасырлар үні” атты ораториясын (1960), Е. Рахмадиевтің ұлы жазушы М.О.Әуезовті еске алуға арналған “Поэма-реквиемін” (1967 жылы) Кенен Әзірбаевты еске алуға арналған “Сағындым Кенен атамды” әнін т.б. аза күй. сарынында жазылған туындылар қатарына жатқызуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи-ғарыштық негіздері