Жаңалықтар

Негізгі эстетикалық категориялар

  Негізгі эстетикалық категориялар   Қандай да болсын эстетикалық теория белгіті бір эстетикалық категориялар жүйесін құрмай тұрмайды. Тіпті сол категориялар жүйесі болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі — сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.   Үйлесімділік   Үйлесімділік деп отырғанымыз — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық — материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Ал әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.   Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық сынды, табиғи өлшемдерін эстетикалык түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. "Жылтырағанның бәрі әдемі емес" демекші, керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін.   Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені сұлулық үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек.   Қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.   Асқақтық   Асқақтық — жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Осы игерілмеген, кейде шамадан тыс қатерлі күштердің алдында тұлға еріксіз болып кетеді. Егер сұлулық еркіндік саласына жатса, онда асқақтық адамның салыстырмалы тәуелділік аймағында қалып қояды. Бұл жағынан асқақтық әрекет етіп отырған объектінің қабылдаушы субъектіден басымдылығын білдіреді. Табиғаттың орасан зор пәрменді құбылыстары, тарихи төңкерістер, тұлғалардың жанқиярлығы, рухани немесе әлеуметтік ерліктері мен ауқымды шығармашылығы адамдағы асқақтықтың объективті бастауларына жатады.   Трагедиялық   Трагедиялық пен жоғарыда айтылған "tcamapcuc" ұғымы тығыз байланысты. Қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-касірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы.   Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Жалпы да кең мағынасында комедиялық деп Э.Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтамыз. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мінез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұрғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедиялық жаңа мен ескінің, мазмұн мен форманың, мақсат пен оған жету жолдарының, іс-қимыл мен жағдайдың, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалуы мүмкін. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кездеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа жөне т.б.   Эстетикалық талғам   Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын эстетикалық талғам деп көркемдік талғамды айтады. Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерде әсемдікті қабылдап, жасау қажеттілігін білдіреді. Керісінше, нашар эстетикалық талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа балайды, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады. Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.  
05.12.2012 05:14 19786

 

Негізгі эстетикалық категориялар
 
Қандай да болсын эстетикалық теория белгіті бір эстетикалық категориялар жүйесін құрмай тұрмайды. Тіпті сол категориялар жүйесі болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі — сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.
 
Үйлесімділік
 
Үйлесімділік деп отырғанымыз — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық — материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Ал әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.
 
Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық сынды, табиғи өлшемдерін эстетикалык түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. "Жылтырағанның бәрі әдемі емес" демекші, керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін.
 
Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені сұлулық үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек.
 
Қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.
 
Асқақтық
 
Асқақтық — жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Осы игерілмеген, кейде шамадан тыс қатерлі күштердің алдында тұлға еріксіз болып кетеді. Егер сұлулық еркіндік саласына жатса, онда асқақтық адамның салыстырмалы тәуелділік аймағында қалып қояды. Бұл жағынан асқақтық әрекет етіп отырған объектінің қабылдаушы субъектіден басымдылығын білдіреді. Табиғаттың орасан зор пәрменді құбылыстары, тарихи төңкерістер, тұлғалардың жанқиярлығы, рухани немесе әлеуметтік ерліктері мен ауқымды шығармашылығы адамдағы асқақтықтың объективті бастауларына жатады.
 
Трагедиялық
 
Трагедиялық пен жоғарыда айтылған "tcamapcuc" ұғымы тығыз байланысты. Қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-касірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы.
 
Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Жалпы да кең мағынасында комедиялық деп Э.Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтамыз. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мінез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұрғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедиялық жаңа мен ескінің, мазмұн мен форманың, мақсат пен оған жету жолдарының, іс-қимыл мен жағдайдың, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалуы мүмкін. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кездеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа жөне т.б.
 
Эстетикалық талғам
 
Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын эстетикалық талғам деп көркемдік талғамды айтады. Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерде әсемдікті қабылдап, жасау қажеттілігін білдіреді. Керісінше, нашар эстетикалық талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа балайды, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады. Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға