Жаңалықтар

Құлжа шарты

Құлжа шарты – Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісім-шарты. 1851 ж. 25 шілдеде Құлжада қол қойылған. Ресей империясының қазақ даласындағы 18 ғ. және 19 ғ-дың 1-жартысында жүргізген отарлық әрекеттеріне байланысты Ресей мен Қытайдың Орт. Азиядағы шекаралары жақындай түсті. Ресей шикізат көздері мен тауар өткізу рыногін іздеу мақсатында шеткері аймақтармен қоса Орт. Азия арқылы Қытаймен сауданы дамытуды қолға ала бастады. Цин империясы Шыңжаң халқының Азия халықтарымен дәстүрлі сауда байланыстарына қатаң бақылау орнатып, бұл өлкеге Ресейдің сауда байланыстарын орнатуына тыйым салған еді. Ресейліктер Шыңжаңдағы саудасын Орта Азиялық көпестер мен қазақ би-сұлтандарын делдал ретінде пайдаланып, құпия жағдайда жүргізіп келді. Орыс өкіметі бұл өлкеде ресми түрде сауда байланыстарын орнату үшін Қытаймен 18 ғ-дан бері келіссөздер жүргізуге ұмтылды. Бірақ Қытай Орт. Азиядағы жағдайының қауіпсіздігіне алаңдай отырып, орыс үкіметінің талабына құлақ аспай келді. 1845 ж. Ресей Шәуешек пен Құлжаға, Қашқарға апаратын сауда жолдарын зерттеп қайту мақсатымен Азиялық департаменттің вице-директоры Н.И. Любимовты арнайы сапарға аттандырды. Осы сапардың нәтижесінде Н.И. Любимов керуенді Семейден гөрі Жетісу арқылы жүргізудің әлдеқайда тиімді әрі төте жол екендігін мәлімдеді. Сонымен 1851 ж. 15 маусымда Е.П. Ковалевский бастаған елшілік қазақ даласы арқылы Құлжаға аттанып, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін орыс-қытай сауда байланысы туралы келісімге қол қойды. Осы шарт бойынша, орыстар Құлжа мен Шәуешек қ-ларында ғана сауда байланыстарын жүргізуге рұқсат алды, ал Қашғарияны қытайлықтар жабық қала деп санап, сауда жасауға рұқсат бермеді. Қ. ш. Ресейдің қазақ жеріндегі, әсіресе, Жетісудағы ықпалының одан әрі күшейе түсуіне жол ашты. Ресей “Қытайға баратын орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деген сылтаумен Талғар өз-нің Ілеге құяр тұсында Іле бекінісін (1853), Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің маңында Верный бекінісін (1854), Көксу өз. жағасында, Шыңжаңға қарай асатын тау асуындағы Іле аңғарында Көксу бекінісін салды (1855). Қ. ш. орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне тереңдей еніп, патша өкіметінің Орт. Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне әкелді.    
05.12.2012 05:07 10720

Құлжа шарты – Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісім-шарты. 1851 ж. 25 шілдеде Құлжада қол қойылған. Ресей империясының қазақ даласындағы 18 ғ. және 19 ғ-дың 1-жартысында жүргізген отарлық әрекеттеріне байланысты Ресей мен Қытайдың Орт. Азиядағы шекаралары жақындай түсті. Ресей шикізат көздері мен тауар өткізу рыногін іздеу мақсатында шеткері аймақтармен қоса Орт. Азия арқылы Қытаймен сауданы дамытуды қолға ала бастады. Цин империясы Шыңжаң халқының Азия халықтарымен дәстүрлі сауда байланыстарына қатаң бақылау орнатып, бұл өлкеге Ресейдің сауда байланыстарын орнатуына тыйым салған еді. Ресейліктер Шыңжаңдағы саудасын Орта Азиялық көпестер мен қазақ би-сұлтандарын делдал ретінде пайдаланып, құпия жағдайда жүргізіп келді. Орыс өкіметі бұл өлкеде ресми түрде сауда байланыстарын орнату үшін Қытаймен 18 ғ-дан бері келіссөздер жүргізуге ұмтылды. Бірақ Қытай Орт. Азиядағы жағдайының қауіпсіздігіне алаңдай отырып, орыс үкіметінің талабына құлақ аспай келді.

1845 ж. Ресей Шәуешек пен Құлжаға, Қашқарға апаратын сауда жолдарын зерттеп қайту мақсатымен Азиялық департаменттің вице-директоры Н.И. Любимовты арнайы сапарға аттандырды. Осы сапардың нәтижесінде Н.И. Любимов керуенді Семейден гөрі Жетісу арқылы жүргізудің әлдеқайда тиімді әрі төте жол екендігін мәлімдеді. Сонымен 1851 ж. 15 маусымда Е.П. Ковалевский бастаған елшілік қазақ даласы арқылы Құлжаға аттанып, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін орыс-қытай сауда байланысы туралы келісімге қол қойды. Осы шарт бойынша, орыстар Құлжа мен Шәуешек қ-ларында ғана сауда байланыстарын жүргізуге рұқсат алды, ал Қашғарияны қытайлықтар жабық қала деп санап, сауда жасауға рұқсат бермеді. Қ. ш. Ресейдің қазақ жеріндегі, әсіресе, Жетісудағы ықпалының одан әрі күшейе түсуіне жол ашты. Ресей “Қытайға баратын орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деген сылтаумен Талғар өз-нің Ілеге құяр тұсында Іле бекінісін (1853), Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің маңында Верный бекінісін (1854), Көксу өз. жағасында, Шыңжаңға қарай асатын тау асуындағы Іле аңғарында Көксу бекінісін салды (1855). Қ. ш. орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне тереңдей еніп, патша өкіметінің Орт. Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне әкелді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға