Жаңалықтар

Құлажорға кезеңі

Құлажорға кезеңі – ерте темір дәуіріне жататын тарихи-мәдени кезең. Шығ. Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері хронол. жағынан үш кезеңге бөлінеді: б.з.б. 7 – 6 ғ-лардағы майемер, б.з.б. 5 – 4 ғ-лардағы берел және б.з.б. 3 – 1 ғ-лардағы Қ. к. ескерткіштеріне Ертіс өз. бойындағы (ұз. 250 км) Бөкен а-нан Шүлбі кентіне дейінгі аралықты қамтыған Құлажорға, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярск, Баты, Түсқайың және Славянка сынды оншақты қорым жатады. Бұл жерлерде сексенге жуық оба қазылғанымен толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Б.з.б. 3 ғ-дағы Шығ. Қазақстанның археол. ескерткіштерінің түрлері мен құрылымының сипаты өзгерген. Қола дәуірі жерлеу кешендеріне тән адамды тас жәшікке қою салты кең етек жайды. Тас пен топырақ аралас дөңгелек пішінді Қ. к. обаларының көлемі шағын (диам. 4,5 – 15 м, биікт. 0,3 – 0,5 м). Диам. 30 м-ден асатын обалар сирек кездеседі. Мүрделер тереңд. 1,5 – 2,5 м, шығыстан батысқа қарай созылған сопақша пішінді қабірге қырынан қойылған, ірі гранит тақта тастардан тұрғызылған тас жәшікке салынған. Сонымен қатар тас жәшіктің ішіне ағаш жәшік қою, жай қабірдің үстін тақта тастармен жабу ғұрпы да орын алған. Өлген адамдар шалқасынан жатқызылған, басы көбіне батысқа, кейде шығысқа қаратып жерленген. Батысқа қаратылып жерленген адамдардың жанына заттар қойылмаған, тек бір жағдайда ғана бас тұсынан алтын пластина мен мыстан жасалған әшекейлер табылған. Бұл кезеңдегі жерлеу әдет-ғұрыптарына екі адамды қатарынан жерлеу рәсімі де тән. Жалпы Шығ. Қазақтан көне көшпелілерінің қоныс орындары зерттелінбегендіктен олардың мәдениетін тек жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар мен кездейсоқ олжалар арқылы сипаттауға болады. Көшпелілердің басқа аймақтарындағы осы кезең ескерткіштерімен салыстырғанда құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпындағы заттар жұпыны болып келеді. Көбіне адамның бас жағына қолдан жасалған құмыра тәрізді қыш ыдыс, оның жанына темір пышақ пен қой омыртқалары қойылған. Оған қарап б.з.б. 5 – 4 ғ-ларда пайда болған темір пышақтар Қ. к-де күнделікті қолданыста болған деген тұжырым жасауға болады. Осы кезеңде еңбек құралдары мен қару-жарақтарды қайрайтын төрт бұрышты, жоғарғы жағында белдікке тағу үшін жасалған тесігі бар ұзынша қайрақ тастар, ілмекті, ұзынша үшкір айналар, сегіз саны тәріздес сырғалар, т.б. заттар кең тарала бастаған. Осындай ерекше жерлеу ғұрпы тән болып келетін бұл обалар Көкпекті ауд-ндағы Құлажорға өз. бойында алғаш ашылып зерттелінгендіктен, шартты түрде мұның атымен тұтас бір тарихи кезең аталған. Жерленген мәйіттердің антропол. түр сипатында моңғол текті түрге аздап ұқсастық байқалады. Мұны ғұндардың шығысқа қарай өлы қоныс аударуымен, олардың жергілікті халықтарға тигізген әсерімен түсіндіруге болады. Бұл ескерткіштерді қалдырған халықтың этник. тегі әлі толық айқындалмаған. А. Оңғар  
05.12.2012 05:01 7069

Құлажорға кезеңі – ерте темір дәуіріне жататын тарихи-мәдени кезең. Шығ. Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері хронол. жағынан үш кезеңге бөлінеді: б.з.б. 7 – 6 ғ-лардағы майемер, б.з.б. 5 – 4 ғ-лардағы берел және б.з.б. 3 – 1 ғ-лардағы Қ. к. ескерткіштеріне Ертіс өз. бойындағы (ұз. 250 км) Бөкен а-нан Шүлбі кентіне дейінгі аралықты қамтыған Құлажорға, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярск, Баты, Түсқайың және Славянка сынды оншақты қорым жатады. Бұл жерлерде сексенге жуық оба қазылғанымен толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Б.з.б. 3 ғ-дағы Шығ. Қазақстанның археол. ескерткіштерінің түрлері мен құрылымының сипаты өзгерген. Қола дәуірі жерлеу кешендеріне тән адамды тас жәшікке қою салты кең етек жайды. Тас пен топырақ аралас дөңгелек пішінді Қ. к. обаларының көлемі шағын (диам. 4,5 – 15 м, биікт. 0,3 – 0,5 м). Диам. 30 м-ден асатын обалар сирек кездеседі. Мүрделер тереңд. 1,5 – 2,5 м, шығыстан батысқа қарай созылған сопақша пішінді қабірге қырынан қойылған, ірі гранит тақта тастардан тұрғызылған тас жәшікке салынған. Сонымен қатар тас жәшіктің ішіне ағаш жәшік қою, жай қабірдің үстін тақта тастармен жабу ғұрпы да орын алған. Өлген адамдар шалқасынан жатқызылған, басы көбіне батысқа, кейде шығысқа қаратып жерленген. Батысқа қаратылып жерленген адамдардың жанына заттар қойылмаған, тек бір жағдайда ғана бас тұсынан алтын пластина мен мыстан жасалған әшекейлер табылған. Бұл кезеңдегі жерлеу әдет-ғұрыптарына екі адамды қатарынан жерлеу рәсімі де тән. Жалпы Шығ. Қазақтан көне көшпелілерінің қоныс орындары зерттелінбегендіктен олардың мәдениетін тек жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар мен кездейсоқ олжалар арқылы сипаттауға болады. Көшпелілердің басқа аймақтарындағы осы кезең ескерткіштерімен салыстырғанда құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпындағы заттар жұпыны болып келеді. Көбіне адамның бас жағына қолдан жасалған құмыра тәрізді қыш ыдыс, оның жанына темір пышақ пен қой омыртқалары қойылған. Оған қарап б.з.б. 5 – 4 ғ-ларда пайда болған темір пышақтар Қ. к-де күнделікті қолданыста болған деген тұжырым жасауға болады. Осы кезеңде еңбек құралдары мен қару-жарақтарды қайрайтын төрт бұрышты, жоғарғы жағында белдікке тағу үшін жасалған тесігі бар ұзынша қайрақ тастар, ілмекті, ұзынша үшкір айналар, сегіз саны тәріздес сырғалар, т.б. заттар кең тарала бастаған. Осындай ерекше жерлеу ғұрпы тән болып келетін бұл обалар Көкпекті ауд-ндағы Құлажорға өз. бойында алғаш ашылып зерттелінгендіктен, шартты түрде мұның атымен тұтас бір тарихи кезең аталған. Жерленген мәйіттердің антропол. түр сипатында моңғол текті түрге аздап ұқсастық байқалады. Мұны ғұндардың шығысқа қарай өлы қоныс аударуымен, олардың жергілікті халықтарға тигізген әсерімен түсіндіруге болады. Бұл ескерткіштерді қалдырған халықтың этник. тегі әлі толық айқындалмаған.

А. Оңғар

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға