Жаңалықтар

Қазақ бөлімдері туралы

Қазақ бөлімдері туралы Бүгінгі күнде Орынборда отырған Кіндік комитеттен басқа, қазақ губерналарының басында тұрған Губисполкомдардың әрқайсысының жанында қазақ бөлімдері бар. Бұл бөлімдер кеңес үкіметінің закондарында жоқ болса да, әр жердің тұрмыс жүзіндегі басқалық жаттығының арқасында еріксіз бәс алып отыр. Губернаның басында отырған исполком мүшелері және әрбір бөлімдерді басқаратын адамдар түгелімен орыс жолдастардан болған соң, олардың қызметі тілін, әдетін білетін орыс жұртының ғана арасында болады. Олардың қызметінен, ескеруінен қазақ жұрты қақас қалды. Бұл сөздің шындығына бүгінгі күнде кімнің де болса көзі жеткен. Қазіргі біз көріп отырған Қазақ автономиясы осы себептен туған. Және барлық қазақ бөлімдерін де туғызып отырған осы себеп. Сондықтан қазақ бөлімдерінің қай-қайсысын алсақ та, бірінші — үкіметтің тәжірибесін, екінші — ел өмірінің керек қылғанынан туып отыр. Бұл сөздерге қарағанда, қазақ бөлімдерінің міндеті, қызметі не болатыны әркімге де анық көрінеді. Қазақ бөлімі губерналық, уездік, аудандық болсын, бәрінің де мойнындағы міндет бір-ақ түрлі. Жалғыз-ақ айырымы істерінің ауданында. Енді осы бөлімдердің міндетіне келсек, қазаққа қатынасатын жұмыстың қай-қайсына болса да кірісетін болады. Кезі келсе қазақ бөлімі шаруа жұмысына араласады, әрқашан азық-түлік жұмысына, оқу жұмысына, жер жұмысына, еңбекшілік жұмысына һәм әкімшілік жұмысына араласады. Осы жұмыстардың бастарында отырған бөлімдер қандайлық іс істеп, қаншама пайда, зиян келтіріп отыр. Істеген істерінің дұрыстық, терістігі қандай, солардың бәрінен мезгілімен хабар алып, айырып, біліп, бетін түзеп, ел өміріне жанасатын істерді ғана істеп отыру қазақ бөлімдерінің міндеті. Және біз жоғарыда айттық, осы күні солардың басында отырған орыс деп. Олардың қазақ жұртына қызмет қыламын деуіне мүмкін емес. Бірен-сараңының қызмет қыламын деген көңілі бола қалса да, қолдарынан еш нәрсе келмейді. Себебі белгілі: оларға арыз айта барған қазақ жұмысын орындатудан бұрын, әуелі, арызын да ұқтыра алмайды. Арызын әкелген махкәмада отырған жолдас нені білмесе «не знаю» деп, қағазын езіне қайтарып, біресе жан жағына жалтақтап, аңырып, ол махкәмадан шыға береді. Қала-қаланың қайсысында болса да осы секілденіп, аңырып, мылқаy кісідей болып жүрген қазақтар толып жүреді. Бұлардың шаруалары бір махкәмада емес, сан махкәмада. Аяғында бұлардың бәрінің айналып келіп табатыны қазақ бөлімдері болады. Әрине, бұлардың жұмысын бастан аяқ ұғыну, істерінің ретін айтып беріп, беттерін түзеп жіберу тағыда қазақ бөлімдерінің міндеті. Міне, осы айтылған сөздерге қарағанда бір губернада Губисполком барлық қызметтерімен не қызмет атқарса, сол кызметтің бәрін қазақ халқына келгенде, жалғыз қазақ бөлімі атқаруы міндетті. Қазақ бөлімінің кіріскені үшін ешбір махкәма не жұмысың бар деп айта алмайды. Себебі: ол сөзді айту үшін әрқайсысы ел тұрмысына лайықты жұмысты өзі біліп, істеуіне керек. Білмесе білетін махкәманың сөзіне құлақ салу қайсысының болса да міндеті. Рас, бұл айтылған шарттардың бәрін орындап өту қазақ бөлімдеріне қиын. Көп адамның әлінен тысқары ауыр жүк. Бірақ қайтсе де бұған жол тауып, осы міндеттерді түгелімен атқаратын болу керек. Мүмкін болған жерлерде қазақ жігіттерінің саны көп болса, әр бөлімдерге уәкілдер жіберу керек. Және ең үлкен шарт, қазақ бөлімдерінің басында отырған адамдар әр бөлім турасынан шыққан жол-жобамен таныс болуына керек. Бұл шарт жалғыз басқарушыға ғана емес, барлық жұмыскерлерге де міндет. Себебі: күн сайын топырлап келетін көп қазақ жұмысын бітіріп алуға келмесе де, ретін, жөнін біліп алуға келеді, оған жалғыз басқарушы емес, кім де болса білген ақылын айтып, бетін түзеп жіберетін болу керек. Бөлімдердің бір міндеті тура өзіне тиісті жұмыстарды бітіру болса, екінші жұмысы: арыз ұстап жүрген қазақтардың жұмысын әр махкәмаға тез бітірту, жөнін айтып, анығын ұғындыру. Сондықтан барлық қазақ бөлімдерінің һәм барлық қазақ, халқының есіне саламыз: бұл бөлімдер қазақ бөлімінің басқалығынан, жаттығынан туған махкәма болған соң, қазақ қатынасатын жұмыстың қайсысынан болса да жатырқауға жол жоқ. Қандай жұмыс болса да не тиісті мағлұмат беріп, не соңынан жүріп, аяқтату бөлімдердің басын тарта алмайтын міндеті. Әр бөлімдердің өз арасындағы міндетке келсек, әрбір ауданда, уезде, губернада істеліп жатқан барлық бөлімдердің істерінен, бұлармен жасаған қатынастарынан, шығарған істерінен толық мағлұмат жіберіп, бірімен бірі үзілмей хабарласып тұруына керек. Уақытта істелген істердің бәрінде бір-ақ түрлі бет, жол-жоба болып, барлық жұмыс өнімді, орынды болмақ. Егер мұндай тәртіп болмай, әркім өз ойына келгенін істеп, өзге жерлермен хабарласпаса, ол күндегі істен еш нәрсе шықпайды. Татымды жеміс болмайды. Бөлімдердің жасалғандағы міндеті атқарылмайды. Ел жұмысы көңілдегідей болып орындалмайды. Мұхтар   Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 04:58 3106

Қазақ бөлімдері туралы

Бүгінгі күнде Орынборда отырған Кіндік комитеттен басқа, қазақ губерналарының басында тұрған Губисполкомдардың әрқайсысының жанында қазақ бөлімдері бар.

Бұл бөлімдер кеңес үкіметінің закондарында жоқ болса да, әр жердің тұрмыс жүзіндегі басқалық жаттығының арқасында еріксіз бәс алып отыр.

Губернаның басында отырған исполком мүшелері және әрбір бөлімдерді басқаратын адамдар түгелімен орыс жолдастардан болған соң, олардың қызметі тілін, әдетін білетін орыс жұртының ғана арасында болады.

Олардың қызметінен, ескеруінен қазақ жұрты қақас қалды.

Бұл сөздің шындығына бүгінгі күнде кімнің де болса көзі жеткен.

Қазіргі біз көріп отырған Қазақ автономиясы осы себептен туған.

Және барлық қазақ бөлімдерін де туғызып отырған осы себеп. Сондықтан қазақ бөлімдерінің қай-қайсысын алсақ та, бірінші — үкіметтің тәжірибесін, екінші — ел өмірінің керек қылғанынан туып отыр.

Бұл сөздерге қарағанда, қазақ бөлімдерінің міндеті, қызметі не болатыны әркімге де анық көрінеді. Қазақ бөлімі губерналық, уездік, аудандық болсын, бәрінің де мойнындағы міндет бір-ақ түрлі. Жалғыз-ақ айырымы істерінің ауданында. Енді осы бөлімдердің міндетіне келсек, қазаққа қатынасатын жұмыстың қай-қайсына болса да кірісетін болады. Кезі келсе қазақ бөлімі шаруа жұмысына араласады, әрқашан азық-түлік жұмысына, оқу жұмысына, жер жұмысына, еңбекшілік жұмысына һәм әкімшілік жұмысына араласады. Осы жұмыстардың бастарында отырған бөлімдер қандайлық іс істеп, қаншама пайда, зиян келтіріп отыр. Істеген істерінің дұрыстық, терістігі қандай, солардың бәрінен мезгілімен хабар алып, айырып, біліп, бетін түзеп, ел өміріне жанасатын істерді ғана істеп отыру қазақ бөлімдерінің міндеті.

Және біз жоғарыда айттық, осы күні солардың басында отырған орыс деп. Олардың қазақ жұртына қызмет қыламын деуіне мүмкін емес. Бірен-сараңының қызмет қыламын деген көңілі бола қалса да, қолдарынан еш нәрсе келмейді.

Себебі белгілі: оларға арыз айта барған қазақ жұмысын орындатудан бұрын, әуелі, арызын да ұқтыра алмайды. Арызын әкелген махкәмада отырған жолдас нені білмесе «не знаю» деп, қағазын езіне қайтарып, біресе жан жағына жалтақтап, аңырып, ол махкәмадан шыға береді.

Қала-қаланың қайсысында болса да осы секілденіп, аңырып, мылқаy кісідей болып жүрген қазақтар толып жүреді. Бұлардың шаруалары бір махкәмада емес, сан махкәмада.

Аяғында бұлардың бәрінің айналып келіп табатыны қазақ бөлімдері болады. Әрине, бұлардың жұмысын бастан аяқ ұғыну, істерінің ретін айтып беріп, беттерін түзеп жіберу тағыда қазақ бөлімдерінің міндеті. Міне, осы айтылған сөздерге қарағанда бір губернада Губисполком барлық қызметтерімен не қызмет атқарса, сол кызметтің бәрін қазақ халқына келгенде, жалғыз қазақ бөлімі атқаруы міндетті. Қазақ бөлімінің кіріскені үшін ешбір махкәма не жұмысың бар деп айта алмайды. Себебі: ол сөзді айту үшін әрқайсысы ел тұрмысына лайықты жұмысты өзі біліп, істеуіне керек. Білмесе білетін махкәманың сөзіне құлақ салу қайсысының болса да міндеті.

Рас, бұл айтылған шарттардың бәрін орындап өту қазақ бөлімдеріне қиын. Көп адамның әлінен тысқары ауыр жүк.

Бірақ қайтсе де бұған жол тауып, осы міндеттерді түгелімен атқаратын болу керек. Мүмкін болған жерлерде қазақ жігіттерінің саны көп болса, әр бөлімдерге уәкілдер жіберу керек.

Және ең үлкен шарт, қазақ бөлімдерінің басында отырған адамдар әр бөлім турасынан шыққан жол-жобамен таныс болуына керек. Бұл шарт жалғыз басқарушыға ғана емес, барлық жұмыскерлерге де міндет. Себебі: күн сайын топырлап келетін көп қазақ жұмысын бітіріп алуға келмесе де, ретін, жөнін біліп алуға келеді, оған жалғыз басқарушы емес, кім де болса білген ақылын айтып, бетін түзеп жіберетін болу керек. Бөлімдердің бір міндеті тура өзіне тиісті жұмыстарды бітіру болса, екінші жұмысы: арыз ұстап жүрген қазақтардың жұмысын әр махкәмаға тез бітірту, жөнін айтып, анығын ұғындыру.

Сондықтан барлық қазақ бөлімдерінің һәм барлық қазақ, халқының есіне саламыз: бұл бөлімдер қазақ бөлімінің басқалығынан, жаттығынан туған махкәма болған соң, қазақ қатынасатын жұмыстың қайсысынан болса да жатырқауға жол жоқ. Қандай жұмыс болса да не тиісті мағлұмат беріп, не соңынан жүріп, аяқтату бөлімдердің басын тарта алмайтын міндеті.

Әр бөлімдердің өз арасындағы міндетке келсек, әрбір ауданда, уезде, губернада істеліп жатқан барлық бөлімдердің істерінен, бұлармен жасаған қатынастарынан, шығарған істерінен толық мағлұмат жіберіп, бірімен бірі үзілмей хабарласып тұруына керек. Уақытта істелген істердің бәрінде бір-ақ түрлі бет, жол-жоба болып, барлық жұмыс өнімді, орынды болмақ. Егер мұндай тәртіп болмай, әркім өз ойына келгенін істеп, өзге жерлермен хабарласпаса, ол күндегі істен еш нәрсе шықпайды. Татымды жеміс болмайды. Бөлімдердің жасалғандағы міндеті атқарылмайды. Ел жұмысы көңілдегідей болып орындалмайды.

Мұхтар

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға