Жаңалықтар

Игілікті сапар

Игілікті сапар   Қазақ совет әдебиетінің Москвада өтетін он күндігі сүйікті астанамыздың және бүкіл Отанымыздың жұртшылығы алдына біздің социалистік мәдениетіміздің елеулі табыстарын тартады.   Бұл оқиға қазақ әдебиеті, мәдениетінің өсіп, даму жолындағы зор кезеңінің бірі: үлкен сын кезең. Онкүндікке біз ерекше қолайлы, қуантарлық жағдайда келіп отырмыз. Ең әуелі бұл игі жағдайға партия мен үкіметіміздің Москвада қазақ совет әдебиетінің онкүндігін өткізу туралы қаулысы жасалды.   Екіншіден, бұл жауапты сапарға біздің әдебиеттік табыстарымыз ойдағыдай әзірлікпен баруына Қазақстан үкімет, партия басшылығының айрықша зор ықыласы және күнделік көп көмегі болды.   Үшіншіден, Бүкілодақтық Жазушылар одағының ұзақ уақыттық қолма-қол көмегі де ойдағыдай болып келді. Москвадағы орыс жазушыларының біздің шығармаларымызды орыс тіліне аударуда творчестволық, достық еңбектері де аз болған жоқ.   Москвадағы ірі әлеуметтік маңызы, даңқы бар баспасөз орындары онкүндік алдында қазақ совет әдебиетінің өсуіне, елеулі табыстарына арналған жеке кітаптар шығарды, мәні зор мақалалар жарияланды. Олар одақтық жұртшылықтың назарын қазақ әдебиетіне молырақ аударуға көп тілеулестік, достық жағдайлар жасады.   Онкүндікке әзірлік ретінде Қазақстан мемлекеттік баспасының өзі сіңірген еңбекте өнімді болды деп айта аламыз. Орыс тілінде аударма түрінде шыққан шығармалардан басқа, соңғы бірнеше ай бойында қазақ оқушы жұртшылығына арналған ана тіліміздегі кітаптардың да саны мол болды.   Міне, бұл саналған жағдайлардың барлығы онкүндікке әзірлік жолындағы көп күрделі істердің бастаушы, ұйымдастырушы, орындаушы мол әрекеттері еді.   Бұлардан тыс, онкүндіктің алдын ала болып өткен, қазақ совет әдебиеті үшін айрықша зор маңызы бар тағы бірнеше жағдайларды еске алу керек. Оның ең елеулісі 1948 жылдың декабрь айында болған Бүкілодақтық Жазушылар одағының XII пленумы кезіндегі жаңалықтар еді. Пленум қазақ совет әдебиеті жөнінде арнаулы баяндама тыңдады. Одақтық аты, беделі бар және қазақ совет әдебиетіне үлкен достық, тілеулестік, сыншыл көмек көрсеткен жазушылар біздің әдебиетіміз туралы өнімді ойлар айтты. ССРО Жазушылары одағының бас секретары А. Фадеевтің қазақ совет әдебиеті туралы сол пленумда айтқан және бейбітшілікті жақтаушылардың Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік конгресінде айтқан пікірлері - барлығы да ұмытылатын сөздер емес.   Жазушылармен қоса, Москваға искусство қайраткерлерінің де үлкен талантты, өнерпаз топтары бірге аттанып отыр. Бұл сапарда олар өздеріне арнаулы жеке міндет алмаса да, қазақ совет әдебиетінің, әсіресе поэзия түріндегі үлгілерін әсем әнге, көркем күйге бөлеп, жеткізу жолында бізге үлкен достық жәрдем көрсетпекші.   Міне, бұл сияқты істер де онкүндіктің жақсы жағдайларын жарастыра, жайната түсетін қызғылықты шарттардың елеулісі.   Енді, онкүндіктің өзінен және оның нәтижесінен не күтетінімізді алдын ала шолып өтсек, қандайлық заңды, орынды ойлар оралады, үміттер туады? Соған аз аялдайық.   Онкүндіктің уақытында біздің ең алдымен күтетініміз: одақтық жазушы, сыншы, дос жұртшылығымызға бүгінгі әдебиетіміздегі барлық табыстарымыз тегісінен кең танылса екен. Жазушылармен жазушылар болып кездесетін талаптары зор жиналыстар түгел әдебиет үшін, жеке жазушылар үшін пайдалы үлкен ойларға сайса екен. Жалпы әдебиетіміздің әр жанрларындағы табыстар мен олқылықтарымыз, жеке жазушыларымыздың іздену, өсу жолындағы жетістіктері мен кемшілік жайлары ашылып айтылса, пайдалы, әділ, достық және талабы зор сынға қорытылса екен.   Осылайша көп кездесулерде туатын ой, пікірлер тек мәжілістерде сөйленіп қалмай, Қазақстанның барлық оқушы жұртшылығына мәлім және қадірлі орталық баспасөз орындары: "Правда", "Культура и жизнь", "Известия", "Литературная газета" сияқты баспа жүзінде қорытылып айтылған улкен мәнді, нәрлі мақалалар тудырса дейміз. "Новый мир", "Октябрь", "Знамя", "Звезда", "Дружба народов" сияқты журналдарда одақтық аты, беделі, еңбегі үлкен басшы жазушылардың, ірі сыншылардың кең көлемді сыны, зерттеу мақалалары басылса дейміз.   Онкүндікте қазақ совет әдебиетінің басты-басты табыстары сыншылық, зерттеушілік ойларды қызықтырып тартуға жараса, жақын айлар ішінде біздің әдебиетіміздің осу, даму жолындағы ізденулеріне арналған жеке кітаптар, мүмкін, монографиялар да туса екен...   Осылайша әдебиеттің қай жанрын болсын, қай ақын-жазушыны болсын бастап, қаруландырып, алдағы табысқа қарай қанағаттандыра жетектеп отыратын негізді, большевиктік жәрдемдер болса дейміз.   Сол жәрдемші, сыншы ойлар Қазақстандағы сын, әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихы ғылымының бұдан былай идеологиялық, методологиялық және ғылымдық жөнде, марксизм-ленинизм жүйелерін ойдағыдай, дұрыс қолданатын жоғары дәрежеге жетуіне себепші бола түссе дейміз.   Осындай шығармалық және ғылымдық іздену жолдарымыздағы одақтық жазушы, сыншы, жұртшылықтан алатын көп түрлі пайдалы көмек, жаңалық нәрлеріміз барлық жазушыларымызға үлкен жемісті жаңалықтар қосса екен. Сондай жолмен, жаңа ойлармен, іздену, талаптанумен жаңғыра түскен әдебиетіміз, бүгінгі табысынан да ілгері ұзап басатын жарқын өріске бет қойса екен. Сондайлық үлкен ізденулер нәтижесінде, қазақстандық және бүкілодақтық оқушы жұртшылығына тағы да мол, зор жаңалық айтқандай еңбектер туғызсақ. Осындай іздену, өр талапқа басу, үлкен сапаны мұрат, мақсат ету белгісін, жемісті нәтижесін Қазақстанның 30 жылдық мерекесі қарсаңында, социалистік мәдениетіміздің мақтан табысы есебінде тарту етуге жетсек.   Онкүндікті өткізу үстінде, қазақ совет әдебиетіне шын тілеулестік, достық жәрдем еткен, іс жүзінде сыналған, атақты орыс жазушыларынан шыққан қымбат, қадірдан достарымыздың қатары бұрынғыдан да молая түссе екен.   Қазақ совет әдебиетінің өз кадрларының қажырлы еңбек, талабымен және сенімді достар көмегімен ойдағыдай боп толысып туатын шығармалар молайсын!     Мұхтар Әуезов
05.12.2012 04:41 2811

Игілікті сапар

 

Қазақ совет әдебиетінің Москвада өтетін он күндігі сүйікті астанамыздың және бүкіл Отанымыздың жұртшылығы алдына біздің социалистік мәдениетіміздің елеулі табыстарын тартады.

 

Бұл оқиға қазақ әдебиеті, мәдениетінің өсіп, даму жолындағы зор кезеңінің бірі: үлкен сын кезең. Онкүндікке біз ерекше қолайлы, қуантарлық жағдайда келіп отырмыз. Ең әуелі бұл игі жағдайға партия мен үкіметіміздің Москвада қазақ совет әдебиетінің онкүндігін өткізу туралы қаулысы жасалды.

 

Екіншіден, бұл жауапты сапарға біздің әдебиеттік табыстарымыз ойдағыдай әзірлікпен баруына Қазақстан үкімет, партия басшылығының айрықша зор ықыласы және күнделік көп көмегі болды.

 

Үшіншіден, Бүкілодақтық Жазушылар одағының ұзақ уақыттық қолма-қол көмегі де ойдағыдай болып келді. Москвадағы орыс жазушыларының біздің шығармаларымызды орыс тіліне аударуда творчестволық, достық еңбектері де аз болған жоқ.

 

Москвадағы ірі әлеуметтік маңызы, даңқы бар баспасөз орындары онкүндік алдында қазақ совет әдебиетінің өсуіне, елеулі табыстарына арналған жеке кітаптар шығарды, мәні зор мақалалар жарияланды. Олар одақтық жұртшылықтың назарын қазақ әдебиетіне молырақ аударуға көп тілеулестік, достық жағдайлар жасады.

 

Онкүндікке әзірлік ретінде Қазақстан мемлекеттік баспасының өзі сіңірген еңбекте өнімді болды деп айта аламыз. Орыс тілінде аударма түрінде шыққан шығармалардан басқа, соңғы бірнеше ай бойында қазақ оқушы жұртшылығына арналған ана тіліміздегі кітаптардың да саны мол болды.

 

Міне, бұл саналған жағдайлардың барлығы онкүндікке әзірлік жолындағы көп күрделі істердің бастаушы, ұйымдастырушы, орындаушы мол әрекеттері еді.

 

Бұлардан тыс, онкүндіктің алдын ала болып өткен, қазақ совет әдебиеті үшін айрықша зор маңызы бар тағы бірнеше жағдайларды еске алу керек. Оның ең елеулісі 1948 жылдың декабрь айында болған Бүкілодақтық Жазушылар одағының XII пленумы кезіндегі жаңалықтар еді. Пленум қазақ совет әдебиеті жөнінде арнаулы баяндама тыңдады. Одақтық аты, беделі бар және қазақ совет әдебиетіне үлкен достық, тілеулестік, сыншыл көмек көрсеткен жазушылар біздің әдебиетіміз туралы өнімді ойлар айтты. ССРО Жазушылары одағының бас секретары А. Фадеевтің қазақ совет әдебиеті туралы сол пленумда айтқан және бейбітшілікті жақтаушылардың Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік конгресінде айтқан пікірлері - барлығы да ұмытылатын сөздер емес.

 

Жазушылармен қоса, Москваға искусство қайраткерлерінің де үлкен талантты, өнерпаз топтары бірге аттанып отыр. Бұл сапарда олар өздеріне арнаулы жеке міндет алмаса да, қазақ совет әдебиетінің, әсіресе поэзия түріндегі үлгілерін әсем әнге, көркем күйге бөлеп, жеткізу жолында бізге үлкен достық жәрдем көрсетпекші.

 

Міне, бұл сияқты істер де онкүндіктің жақсы жағдайларын жарастыра, жайната түсетін қызғылықты шарттардың елеулісі.

 

Енді, онкүндіктің өзінен және оның нәтижесінен не күтетінімізді алдын ала шолып өтсек, қандайлық заңды, орынды ойлар оралады, үміттер туады? Соған аз аялдайық.

 

Онкүндіктің уақытында біздің ең алдымен күтетініміз: одақтық жазушы, сыншы, дос жұртшылығымызға бүгінгі әдебиетіміздегі барлық табыстарымыз тегісінен кең танылса екен. Жазушылармен жазушылар болып кездесетін талаптары зор жиналыстар түгел әдебиет үшін, жеке жазушылар үшін пайдалы үлкен ойларға сайса екен. Жалпы әдебиетіміздің әр жанрларындағы табыстар мен олқылықтарымыз, жеке жазушыларымыздың іздену, өсу жолындағы жетістіктері мен кемшілік жайлары ашылып айтылса, пайдалы, әділ, достық және талабы зор сынға қорытылса екен.

 

Осылайша көп кездесулерде туатын ой, пікірлер тек мәжілістерде сөйленіп қалмай, Қазақстанның барлық оқушы жұртшылығына мәлім және қадірлі орталық баспасөз орындары: "Правда", "Культура и жизнь", "Известия", "Литературная газета" сияқты баспа жүзінде қорытылып айтылған улкен мәнді, нәрлі мақалалар тудырса дейміз. "Новый мир", "Октябрь", "Знамя", "Звезда", "Дружба народов" сияқты журналдарда одақтық аты, беделі, еңбегі үлкен басшы жазушылардың, ірі сыншылардың кең көлемді сыны, зерттеу мақалалары басылса дейміз.

 

Онкүндікте қазақ совет әдебиетінің басты-басты табыстары сыншылық, зерттеушілік ойларды қызықтырып тартуға жараса, жақын айлар ішінде біздің әдебиетіміздің осу, даму жолындағы ізденулеріне арналған жеке кітаптар, мүмкін, монографиялар да туса екен...

 

Осылайша әдебиеттің қай жанрын болсын, қай ақын-жазушыны болсын бастап, қаруландырып, алдағы табысқа қарай қанағаттандыра жетектеп отыратын негізді, большевиктік жәрдемдер болса дейміз.

 

Сол жәрдемші, сыншы ойлар Қазақстандағы сын, әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихы ғылымының бұдан былай идеологиялық, методологиялық және ғылымдық жөнде, марксизм-ленинизм жүйелерін ойдағыдай, дұрыс қолданатын жоғары дәрежеге жетуіне себепші бола түссе дейміз.

 

Осындай шығармалық және ғылымдық іздену жолдарымыздағы одақтық жазушы, сыншы, жұртшылықтан алатын көп түрлі пайдалы көмек, жаңалық нәрлеріміз барлық жазушыларымызға үлкен жемісті жаңалықтар қосса екен. Сондай жолмен, жаңа ойлармен, іздену, талаптанумен жаңғыра түскен әдебиетіміз, бүгінгі табысынан да ілгері ұзап басатын жарқын өріске бет қойса екен. Сондайлық үлкен ізденулер нәтижесінде, қазақстандық және бүкілодақтық оқушы жұртшылығына тағы да мол, зор жаңалық айтқандай еңбектер туғызсақ. Осындай іздену, өр талапқа басу, үлкен сапаны мұрат, мақсат ету белгісін, жемісті нәтижесін Қазақстанның 30 жылдық мерекесі қарсаңында, социалистік мәдениетіміздің мақтан табысы есебінде тарту етуге жетсек.

 

Онкүндікті өткізу үстінде, қазақ совет әдебиетіне шын тілеулестік, достық жәрдем еткен, іс жүзінде сыналған, атақты орыс жазушыларынан шыққан қымбат, қадірдан достарымыздың қатары бұрынғыдан да молая түссе екен.

 

Қазақ совет әдебиетінің өз кадрларының қажырлы еңбек, талабымен және сенімді достар көмегімен ойдағыдай боп толысып туатын шығармалар молайсын!

 

 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға