Жаңалықтар

Әл-Фараби және музыка

  Әбу Насыр әл-Фараби (873—950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельденкейінгі «екінші үстаз» деп таныды. Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің, (800—879) еңбегімен танысады. Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най,сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген. Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған.Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай музыкалық аспаптар тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады»— деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын үрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген. Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптартым қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген жәие табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптыц жасанды түрлеріне жатқызады. Әл-Фараби арфаның шығу тегі сада0 деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің, айтуынша, көне арфаның басы мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің, санын көбейту керек деп тапқан. Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі: а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар—арфа, канун; б ) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар — уд, дутар, танбур. Музыкалық аспаптардың екінші түріне жататындар туралы ғалым былай деп түсіндіреді: «... белгілі бір бөлікті саусақпен басып ойнау ар0ылы қажетті нотанын, бәрін де ала аламыз...» Арфа, уд, және чанг сияқты аспаптар ежелгі түркі елінде құңқау, күнқу, етиген деген атаумен аталған. Әл-Фарабидің сүреттеп жазуына қарағанда танбур бес першелі болған. Ол аспаптан шығатын екі дыбыс аралық үнді құлаққа жағымды келетін және жағымсыз деп бөледі. Мұнымен қатар ғалым дыбыстың жақсы шығуына аспап конструкциясының әсері жөнінде, шанақ пен астыңғы және үстіңгі қақпақтардың үні икемделіп келу ерекшеліктері туралы бағалы деректер келтіреді. «Өзінің табиғаты, өзінің құрылысы жөнінен,— деп түсіндіреді ғалым, аспаптардың шанағы пернелерді басқанда шығатын ноталарга қосақтала отырып өзі де үн шығарады...» «Хорасан танбурының түрі, көлемі де әр түрлі болып келген. Оның мойнында шайтан тиек түратын жерде екі тесік болған, олар арқылы ішек өткізілген. Ішек мойнының ұшында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан құлаққа оралған». Хорасан танбурында перне саны түрліше болған. Орындаушының шеберлік дәрежесіне, инструменталдық музыканыңдамуына қарай перне саны он сегізге дейін жеткізілген. Музыканттар пернелердің орналасуын олардың аралық дыбыстарының тазалығымен байланыстырады. Хорасан танбурында екі ішек әрқилы бұрауға келтірілген. Бұраудың бірі унисонға келтірілген де екі ішектің диапазоны және олардың пернелерде үн шығаруы біркелкі. Шертіп ойналатын аспаттарды оң немесе теріс бұрауға келтіріп, гамма тартып шығу үшін бірінші позицияға төрт перне байласа болғаны. Әл-Фараби анағұрлым жетілдірілген ішекті аспаптар жасап шығару мәселесін қозғай отырып, оларды жетілдірудің жолдары жайында айта кетеді. Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне ұқсасұыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысынық көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп, оның орындаушы үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: «Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен ырғағымен қол қағу, би, ырғаққа негізделген мимика — осылардың бәрі музыка саласына жатады». Қазіргі кездегідей, бұрын да халық аспаптарының ойналу мүмкіншілігі әр түрлі болған. Мүның өзі аспаптың жасалу құрылысындағы өзгешеліктеріне, ойнау тәсілдеріне, дыбыс шығару жолдарына, диапазонына байланысты. Кейбір аспаптар жетілдіріле келе адам даусының мүмкіншілігіне таяу келіп, тіпті асып та түсті, енді біреулерін жетілдіру қиынға соқты. Әл-Фараби көне халық аспаптарын толымды және толымсыз деп екіге бөлді. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі шектеулі аспаптарды жатқызған. Бізге белгілі қазақтыц көне музыкалық аспаптарының ішінен мұндай топқа — саз сырнайды, үскірікті және тастауықты; үрлеп тартылатын аспаптар ішінен — қамыс сырнайды, ысқыруықты, бүғышақты; сым тілшелі аспаптардан — шаңқобыздың ескі қарапайым түрін жатқызуға болады. Адамдардың көңіл-күйі, ой-арманын білдіру үшін қызмет еткен музыкалық құралдардың ішінде халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді сүйемелдеуші музыкалық аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз байланысты. Әншілер аспаптардың шектеулі орындаушылың мүмкіншіліктерін адам даусының мүмкіншіліктеріне жақындатуға тырысқан, сондықтан егер аспаптың белгілі бір кемшілігі болса, ондай кемшілікті бірте-бірте ептеп жойып отырған; міне, осылайша уд және басқа аспаптар біржола жетілдірілген». Орта ғасырларда қолданылған, әнді сүйемелдеуші музыкалық аспаптардың ролін әл-Фараби былайша сипаттап жазған екен: «... аспапта сүйемелденетін вокальдық музыка мейлінше құлпырып, байи түседі, құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиеді және поэзиясы мен ырғақтылығының арқасында оңай жатталады...» Аспаптық музыканың (күй) өмірге келуі, дамуы аспаптардың өздерін жетілдірумен қатар жүреді. Нақ осы жөнінде әл-Фараби қызғылықты пікір айтқан: «Музыканттар аспаптардан адам даусымен салыстырғанда басқаша түрде болып келетін ноталар мен әуендер шығаруға болатынын байқады. Мұндай әуендер жанға жағын, бойды билейтін болғандықтан, вокальдық тондардың барлық қасиеттерін бере алмағанымен де, табиғи әуен ретінде жоғары бағаланған. Олар кейде ән салу ережелерінен ауытқи отырып, әлгі ноталар мен әуендерді қолданатын болды, сөйтіп олардан баға жеткісіз пайда тапты». Одан әрі ғалым өз пікірін дамыта келіп, былай деп толықтырады: «Аспаптық музыканың өзі адам даусын қаншалықты келтіре алатын болса, соншалықты дәрежеде әнге қосылады. Ол адам даусын сүйемелдейді және түрлендіріп байытады немесе прелюдия мен интермедия ролін атқарады. Интермедиялар әншінің тыныс алуына көмектеседі; сонымен қатар олар дауыспен келтіре алмайтын әуенді келтіріп, музыканы толықтырады». Музыкалықаспаптарда ойнаудың өзіндік екі немесе үш дауысты аккордтар трельдер, форшлагтар, күрделі ырғақтар үлгісі пайда бола бастайды, ал бұларды адам даусымен келтіру көбінесе өте қиынға соғады, тіпті адам даусын мүлде келтіре алмайды десе де болады. Міне, осы себепті вокалдық және аспаптық музыка арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалуда, ал мұнын, өзі, түптеп келгенде, күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Қазақтың домбыра және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілдірілген. Домбырада жаңа нернелердің пайда болуы халық өнерпаздарының интонациялық ойнау қабілетінің өскеиім бейнелейді. Әдетте, жаңа перне өзінде түңғыш рет ойналатын музыкалық шығарманың немесе автордың атымен аталып отырған. «Китаб әл-мусики, әл-кабир» еңбегі жазылғаннан бері 1100 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, әл-Фарабидің бұл ұлы кітабы, музыка зерттеу ғылымы үшін күні бүгінге дейін өзінің баға жеткісіз құнын жойған жоқ. Ол Шығыс халықтарының сонау бағзы замандағы музыкалық мәдениетінен мағлұмат беріп, біздің білімімізді кеңейте түседі. Ұлы ойшыл жерлесіміздің туғанына 1100 жыл толу юбилейін 1973 жылы Алматыда тойлау қарсаңында республикамыздың ғалымдары әл-Фарабидің еңбектерін оқып-зерттеу және жариялау жөнінде қыруар іс тындырды. К. А. Ақышевтің «Ежелгі Отырар», К. М. Байпақов, А. Б. Ерзакович және Альбер Насри Надирдің «Әбу Насыр Фараби», А. Машановтың «Әл-Фараби», А. Көбесовтың «Әл-Фараби»; A. X. Ңасымжановтын, «Әл-Фараби» сияқты еңбектері және басқа да туындылар ұлы ойшылдың ғылыми және творчестволық қызметін қайта жаңғырту, зерттеу және көпшілікке таныстыру ісіне үлкен үлес қосты. «Шығыс Аристотелінің» ғылыми мұрасы республикамызда қайта тууы социализм дәуірі жасаған жағдайдың арқасында ғана мүмкін болды. Советтік Қазақстан ғылыми ойының қуатты серпіні бүдан мың жыл бүрынғы қазынаны халықтың өзіне қайтып беруге қол жеткізді. Әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің қайталанбас маңызы адамзаттың ғылыми ойы тарихынан өзінің лайықты орнын алуға тиісті, ал Қазақстандық ғалымдардың міндеті осы игі іске қолдарынан келгенше үлес қосу.  
05.12.2012 04:39 14234

 

Әбу Насыр әл-Фараби (873—950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельденкейінгі «екінші үстаз» деп таныды.
Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің, (800—879) еңбегімен танысады.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най,сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген.
Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған.Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай музыкалық аспаптар тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады»— деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын үрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптартым қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген жәие табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптыц жасанды түрлеріне жатқызады.
Әл-Фараби арфаның шығу тегі сада0 деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің, айтуынша, көне арфаның басы мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің, санын көбейту керек деп тапқан.
Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі:
а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар—арфа, канун;
б ) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар — уд, дутар, танбур.


Музыкалық аспаптардың екінші түріне жататындар туралы ғалым былай деп түсіндіреді: «... белгілі бір бөлікті саусақпен басып ойнау ар0ылы қажетті нотанын, бәрін де ала аламыз...» Арфа, уд, және чанг сияқты аспаптар ежелгі түркі елінде құңқау, күнқу, етиген деген атаумен аталған. Әл-Фарабидің сүреттеп жазуына қарағанда танбур бес першелі болған. Ол аспаптан шығатын екі дыбыс аралық үнді құлаққа жағымды келетін және жағымсыз деп бөледі. Мұнымен қатар ғалым дыбыстың жақсы шығуына аспап конструкциясының әсері жөнінде, шанақ пен астыңғы және үстіңгі қақпақтардың үні икемделіп келу ерекшеліктері туралы бағалы деректер келтіреді. «Өзінің табиғаты, өзінің құрылысы жөнінен,— деп түсіндіреді ғалым, аспаптардың шанағы пернелерді басқанда шығатын ноталарга қосақтала отырып өзі де үн шығарады...»
«Хорасан танбурының түрі, көлемі де әр түрлі болып келген. Оның мойнында шайтан тиек түратын жерде екі тесік болған, олар арқылы ішек өткізілген. Ішек мойнының ұшында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан құлаққа оралған». Хорасан танбурында перне саны түрліше болған. Орындаушының шеберлік дәрежесіне, инструменталдық музыканыңдамуына қарай перне саны он сегізге дейін жеткізілген. Музыканттар пернелердің орналасуын олардың аралық дыбыстарының тазалығымен байланыстырады. Хорасан танбурында екі ішек әрқилы бұрауға келтірілген. Бұраудың бірі унисонға келтірілген де екі ішектің диапазоны және олардың пернелерде үн шығаруы біркелкі. Шертіп ойналатын аспаттарды оң немесе теріс бұрауға келтіріп, гамма тартып шығу үшін бірінші позицияға төрт перне байласа болғаны. Әл-Фараби анағұрлым жетілдірілген ішекті аспаптар жасап шығару мәселесін қозғай отырып, оларды жетілдірудің жолдары жайында айта кетеді.
Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне ұқсасұыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысынық көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп, оның орындаушы үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: «Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен ырғағымен қол қағу, би, ырғаққа негізделген мимика — осылардың бәрі музыка саласына жатады». Қазіргі кездегідей, бұрын да халық аспаптарының ойналу мүмкіншілігі әр түрлі болған. Мүның өзі аспаптың жасалу құрылысындағы өзгешеліктеріне, ойнау тәсілдеріне, дыбыс шығару жолдарына, диапазонына байланысты. Кейбір аспаптар жетілдіріле келе адам даусының мүмкіншілігіне таяу келіп, тіпті асып та түсті, енді біреулерін жетілдіру қиынға соқты. Әл-Фараби көне халық аспаптарын толымды және толымсыз деп екіге бөлді. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі шектеулі аспаптарды жатқызған. Бізге белгілі қазақтыц көне музыкалық аспаптарының ішінен мұндай топқа — саз сырнайды, үскірікті және тастауықты; үрлеп тартылатын аспаптар ішінен — қамыс сырнайды, ысқыруықты, бүғышақты; сым тілшелі аспаптардан — шаңқобыздың ескі қарапайым түрін жатқызуға болады. Адамдардың көңіл-күйі, ой-арманын білдіру үшін қызмет еткен музыкалық құралдардың ішінде халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді сүйемелдеуші музыкалық аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз байланысты. Әншілер аспаптардың шектеулі орындаушылың мүмкіншіліктерін адам даусының мүмкіншіліктеріне жақындатуға тырысқан, сондықтан егер аспаптың белгілі бір кемшілігі болса, ондай кемшілікті бірте-бірте ептеп жойып отырған; міне, осылайша уд және басқа аспаптар біржола жетілдірілген».
Орта ғасырларда қолданылған, әнді сүйемелдеуші музыкалық аспаптардың ролін әл-Фараби былайша сипаттап жазған екен: «... аспапта сүйемелденетін вокальдық музыка мейлінше құлпырып, байи түседі, құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиеді және поэзиясы мен ырғақтылығының арқасында оңай жатталады...» Аспаптық музыканың (күй) өмірге келуі, дамуы аспаптардың өздерін жетілдірумен қатар жүреді. Нақ осы жөнінде әл-Фараби қызғылықты пікір айтқан: «Музыканттар аспаптардан адам даусымен салыстырғанда басқаша түрде болып келетін ноталар мен әуендер шығаруға болатынын байқады. Мұндай әуендер жанға жағын, бойды билейтін болғандықтан, вокальдық тондардың барлық қасиеттерін бере алмағанымен де, табиғи әуен ретінде жоғары бағаланған. Олар кейде ән салу ережелерінен ауытқи отырып, әлгі ноталар мен әуендерді қолданатын болды, сөйтіп олардан баға жеткісіз пайда тапты». Одан әрі ғалым өз пікірін дамыта келіп, былай деп толықтырады: «Аспаптық музыканың өзі адам даусын қаншалықты келтіре алатын болса, соншалықты дәрежеде әнге қосылады. Ол адам даусын сүйемелдейді және түрлендіріп байытады немесе прелюдия мен интермедия ролін атқарады. Интермедиялар әншінің тыныс алуына көмектеседі; сонымен қатар олар дауыспен келтіре алмайтын әуенді келтіріп, музыканы толықтырады». Музыкалықаспаптарда ойнаудың өзіндік екі немесе үш дауысты аккордтар трельдер, форшлагтар, күрделі ырғақтар үлгісі пайда бола бастайды, ал бұларды адам даусымен келтіру көбінесе өте қиынға соғады, тіпті адам даусын мүлде келтіре алмайды десе де болады. Міне, осы себепті вокалдық және аспаптық музыка арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалуда, ал мұнын, өзі, түптеп келгенде, күйдің пайда болуына әкеліп соқты.

Қазақтың домбыра және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілдірілген. Домбырада жаңа нернелердің пайда болуы халық өнерпаздарының интонациялық ойнау қабілетінің өскеиім бейнелейді. Әдетте, жаңа перне өзінде түңғыш рет ойналатын музыкалық шығарманың немесе автордың атымен аталып отырған.
«Китаб әл-мусики, әл-кабир» еңбегі жазылғаннан бері 1100 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, әл-Фарабидің бұл ұлы кітабы, музыка зерттеу ғылымы үшін күні бүгінге дейін өзінің баға жеткісіз құнын жойған жоқ. Ол Шығыс халықтарының сонау бағзы замандағы музыкалық мәдениетінен мағлұмат беріп, біздің білімімізді кеңейте түседі.
Ұлы ойшыл жерлесіміздің туғанына 1100 жыл толу юбилейін 1973 жылы Алматыда тойлау қарсаңында республикамыздың ғалымдары әл-Фарабидің еңбектерін оқып-зерттеу және жариялау жөнінде қыруар іс тындырды. К. А. Ақышевтің «Ежелгі Отырар», К. М. Байпақов, А. Б. Ерзакович және Альбер Насри Надирдің «Әбу Насыр Фараби», А. Машановтың «Әл-Фараби», А. Көбесовтың «Әл-Фараби»; A. X. Ңасымжановтын, «Әл-Фараби» сияқты еңбектері және басқа да туындылар ұлы ойшылдың ғылыми және творчестволық қызметін қайта жаңғырту, зерттеу және көпшілікке таныстыру ісіне үлкен үлес қосты.
«Шығыс Аристотелінің» ғылыми мұрасы республикамызда қайта тууы социализм дәуірі жасаған жағдайдың арқасында ғана мүмкін болды. Советтік Қазақстан ғылыми ойының қуатты серпіні бүдан мың жыл бүрынғы қазынаны халықтың өзіне қайтып беруге қол жеткізді. Әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің қайталанбас маңызы адамзаттың ғылыми ойы тарихынан өзінің лайықты орнын алуға тиісті, ал Қазақстандық ғалымдардың міндеті осы игі іске қолдарынан келгенше үлес қосу.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға