Жаңалықтар

Асыл тас

Асыл тас (Көктас) - зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық заттарды, қолөнер бұйымдарын әшекейлеу үшін қолданылатын түрлі-түсті табиғи тастар. Қазақ зергерлері асыл тас қатарына жартылай асыл тастарды да жатқызды. Бірақ, соңғысының бағалануы асыл тасқа қарағанда, әрине, төмен болды. Дәстүрлі қолөнерде асыл және жартылай асыл тастардың төмендегідей түрлері қолданылды: айтас, жақұт (яхонат), жарқырауық, ақық (сердолик), лағыл (рубин), қыстас, інжу (жемчуг), маржан (коралл), дүр маржан, ләйлік тас, гауһар (жауһар), мәрмәр(мрамор), беріктас (гранит), жұмсақ көріктас, құбылтас (александрит), сутас (хрусталь), седеп (перламутр), көктас (малахит), меруерт, зұбаржат (хризолит), асфар (топаз), опал, березенемесе көктас (бирюза), санбадат, зүмірт (изюмурд), тac моншақ, зертас (яшма) және т.б. Асыл тастардың сәулені шағылыстыру қасиеті, жылтырақтығы, қырларының ерекшелігін қазақ зергерлері де кәдеге жаратқан, зергерлік бұйымдарға «көз» (көзтас) ретінде салған. Оларды қырлап, өңдеген және оңдай жағдайда көзі өткір болып, ешбір ақауларсыз тегіс майда болуы қадағаланған. Асыл тастарды әуелі ұсақ ара егеумен өткір кескіш құралмен кесіп алған соң, қажетті тегістеп тесіп жылтыратқан. Ең соңында қырлап, ұяшықтарға бекіттіп орнатқан, түрлі желіммен бекітіп тістермеп құрсауланған. Әшекей бұйымдарға өңделіп, белгілі бір формаға келтірілгеннен кейін салынатын әр түрлі табиғи асыл тастарды халық «көз» деп те атайды. Тастардың бұлай шалуы тегін емес. Өйткені әшекейге салынған әрбір тас бәрін көріп, бағып тұрған сиқырлы күш ретінде түсінілген. Қазақтар інжу көзге түскен ақты, кәріптас немесе жақұт жемсауды емдейді десе, маржан тіл-көз тиюден сақтайды, сәдеп қарғыстан қорғайды, березе бақыт әкеледі деп сенген. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақыққа қай уақытта да сұраныс мол болған. Сондай-ақ, гаунар, лағыл, сутас, сыңғыр, меруерт сияқты бағалы тастар да қолданылды. Асыл тастардың түсі жастық ерекшеліктің айырымдық белгісі ретінде де қолданылған. Мысалы, жас қыздардың бұйымдары қызыл тастармен көбірек әшекейленген. Мұсылмандық күшейе бастаған кезде таспиықтарды қымбат тастардан жасау орын алған. Асыл тастардың көпшілігін зергерлер сатып алып отырған ал кейбірі қазақ даласынан да табылып жатты. Түсті шыны салу, көгілдір тынеке жүргізу арқылы да жасалған әшекейлер көптеп кездеседі. Кей зергерлер түсті шынылар болмай қалған уақытта, түссіз шынының астына қызылды-жасылды мата төсеп немесе шыныны бояп салған. Әшекей бұйымдарға кез көбіне тіл-көзден сақтану мақсатында қондырылған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр және қазіргі заманғы зергерлер арасында да тастар кеңінен қолданылады.  
05.12.2012 04:36 19034

Асыл тас (Көктас) - зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық заттарды, қолөнер бұйымдарын әшекейлеу үшін қолданылатын түрлі-түсті табиғи тастар. Қазақ зергерлері асыл тас қатарына жартылай асыл тастарды да жатқызды. Бірақ, соңғысының бағалануы асыл тасқа қарағанда, әрине, төмен болды. Дәстүрлі қолөнерде асыл және жартылай асыл тастардың төмендегідей түрлері қолданылды: айтас, жақұт (яхонат), жарқырауық, ақық (сердолик), лағыл (рубин), қыстас, інжу (жемчуг), маржан (коралл), дүр маржан, ләйлік тас, гауһар (жауһар), мәрмәр(мрамор), беріктас (гранит), жұмсақ көріктас, құбылтас (александрит), сутас (хрусталь), седеп (перламутр), көктас (малахит), меруерт, зұбаржат (хризолит), асфар (топаз), опал, березенемесе көктас (бирюза), санбадат, зүмірт (изюмурд), тac моншақ, зертас (яшма) және т.б.

Асыл тастардың сәулені шағылыстыру қасиеті, жылтырақтығы, қырларының ерекшелігін қазақ зергерлері де кәдеге жаратқан, зергерлік бұйымдарға «көз» (көзтас) ретінде салған. Оларды қырлап, өңдеген және оңдай жағдайда көзі өткір болып, ешбір ақауларсыз тегіс майда болуы қадағаланған. Асыл тастарды әуелі ұсақ ара егеумен өткір кескіш құралмен кесіп алған соң, қажетті тегістеп тесіп жылтыратқан. Ең соңында қырлап, ұяшықтарға бекіттіп орнатқан, түрлі желіммен бекітіп тістермеп құрсауланған. Әшекей бұйымдарға өңделіп, белгілі бір формаға келтірілгеннен кейін салынатын әр түрлі табиғи асыл тастарды халық «көз» деп те атайды. Тастардың бұлай шалуы тегін емес. Өйткені әшекейге салынған әрбір тас бәрін көріп, бағып тұрған сиқырлы күш ретінде түсінілген. Қазақтар інжу көзге түскен ақты, кәріптас немесе жақұт жемсауды емдейді десе, маржан тіл-көз тиюден сақтайды, сәдеп қарғыстан қорғайды, березе бақыт әкеледі деп сенген. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақыққа қай уақытта да сұраныс мол болған. Сондай-ақ, гаунар, лағыл, сутас, сыңғыр, меруерт сияқты бағалы тастар да қолданылды. Асыл тастардың түсі жастық ерекшеліктің айырымдық белгісі ретінде де қолданылған. Мысалы, жас қыздардың бұйымдары қызыл тастармен көбірек әшекейленген. Мұсылмандық күшейе бастаған кезде таспиықтарды қымбат тастардан жасау орын алған.

Асыл тастардың көпшілігін зергерлер сатып алып отырған ал кейбірі қазақ даласынан да табылып жатты. Түсті шыны салу, көгілдір тынеке жүргізу арқылы да жасалған әшекейлер көптеп кездеседі. Кей зергерлер түсті шынылар болмай қалған уақытта, түссіз шынының астына қызылды-жасылды мата төсеп немесе шыныны бояп салған. Әшекей бұйымдарға кез көбіне тіл-көзден сақтану мақсатында қондырылған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр және қазіргі заманғы зергерлер арасында да тастар кеңінен қолданылады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға