Жаңалықтар

Астрономиялық құралдар

Астрономиялық құралдар — астрон. бақылауларға және оларды өңдеуге арнлаған құрал-жабдықтар. А. қ-ды бақылау аспаптарына (телескоптарға), бақылауға арналған көмекші құралдарға, жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және көрнекті құралдарға топтап бөлуге болады. Оптикалық телескоптар зерттелетін аспан шырақтарының жарығын жинауға және олардың кескіндерін түсіруге арналған. Олар оптикалық схемалары бойынша айналық жүйе (рефлекторлар), линзалық жүйе (рефракторлар) және аралас айналы-линзалы жүйе (Шмидт телескопы, Максутов телескопы т.б.) болып ажыратылады. Телескоптар қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қ. Телескоп). 20 ғ-дың орта кезінде жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен оптикалық телескоп — Маунт-Паломар обсерваториясындағы (АҚШ) айнасының диаметрі 5 м-лік рефлектор. 1970 жылдары КСРО-да Солт. Кавказда диаметрі 6 м-лік рефлектор құрастырылды. Аспан объектілерінің координаттарын анықтау және уақыт қызметін жүргізу үшін меридиан дөңгелегі, пассаждық аспаптар, вертикаль дөңгелектер, зенит-телескоптар, зениттік көру түтіктері, призмалық астролябия т.б. аспаптар қолданылады. Астрономиялық-геодезиялық экспедицияларда пассаждық типтес аспаптар, зенит-телескоптар, теодолиттер пайдаланылады. Күнді бақылайтын ірі телескоптар мұнаралық және горизонтальдық телескоптарға бөлінеді. Олардағы жарық бір немесе екі жылжымалы жазық айналармен бағытталып жіберіледі. Күн тәжі мен хромосфераны бақылау үшін коронограф, атмосф. және фотосфералық телескоптар қолданылады. Тез қозғалатын Жердің жасанды серіктері арнаулы фотокамерамен суретке түсіріледі. Аспан объектілерін бақылағанда кейбір көмекші құралдар да (окулярлық микрометрлер, кассетелар т.б.), сондай-ақ жарықты қабылдайтын және оны талдайтын аппаратуралар да (астроспектрографтар, объективтік призмалар) пайдаланылады. Ежелгі дәуірлерде уақыт құралдары күн сағаты, гномон болды, сонан соң Күннің не жұлдыздың аспан меридианымен қиылысу мезеті қабырғалық квадрантпен анықталды. Қазіргі астрономияда бұл мақсат үшін пассаждық аспаптар қолданылады. Уақытты анықтайтын дәл маятникті приборлар ретінде Шорт сағаты, Федченко сағаты ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келді. Қазір олардың орнын кварц сағаты және молекулалық (немесе атомдық) сағат ауыстыра бастады. Бақылау нәтижесінде алынған фотосуреттерді өңдеу үшін лабораториялық құралдар — аспанның бір учаскесінің екі фотосуретін салыстыру үшін блинк-компараторлар, спектрограммадағы спектрлік сызықтардың толқын ұзындығын өлшеу үшін компараторлар, спектрограммадағы спектр қарқындылығының таралуын өлшеу үшін микрофотометрлер, жұлдыз жарықтылығын оның фотографиясы бойынша анықтау үшін жұлдыздық микрометрлер т.б. қолданылады. Бақылау нәтижелерін өңдеуге байланысты есептеулер жүргізуге арналған есептеуіш машиналар пайдаланылады. Көрнекті құралдар қатарына Күн жүйесінің моделі теллурий және строн. құбылыстарды сфералық күмбездің ішкі бетінен көрсетуге мүмкіндік беретін планетарий жатады. 
05.12.2012 04:31 11155

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға