Жаңалықтар

Жастар ұйымдарына ашық хат

Жастар ұйымдарына ашық хат Омбыда болған жастар съезінің бірінші мәселесі — ұйымдасу. Бұл мәселе турасын айрықша ұйымдардың құлағына салуды съезд маған тапсырған соң, жазып отырмын. Ұйымдасу турасындағы съездің жасаған жобалары төмендегі: 1.  Қазақ-қырғыз жастарының бар ұйымдары біріксін. 2.  Бар ұйымдар ортасынан бір кіндік комитет сайлансын. 3.  Кіндік комитетке әрбір ұйым өзінің барлық қазынасынан 15 процент берсін. 4.  Бар ұйымдарда бір-ақ программа, бір-ақ ат болсын. Бұған съездің қойған аты — «Жас азамат». 5.  «Жас азамат» атынан газет шықсын. 6.  Мәтбуғат пайдасына кіндік комитетке ұйым басы 300 сомнан ақша берсін.   Саны мағлұм ұлт деп жанын отқа салып жүрген қазақтың қамқорын алсақ та, жұрт деп артына қарап игілік күтсе де, үлкен үміт қылып көз тіккені — оқыған жас. Қырдағы көкірегі қараңғы, ақылы мешеу надан елді алсақ та, күтетіні оқыған жас. Бұл іс — ұлттың ұлы болып, ұлттың қарызы оқығанның бәріне мәлім. Қазақ ерте ұйықтап, кеш оянған жұрт, қазіргі жүз құбылып толқып отырған саясат күйі қандай жұртты ұлы, қандай жұртты құлы қылады. О да ойланған адамға мағлұм. Қазіргі қазақтың қамын ұққан азамат қазақтың ел болуы берекемен күш біріктіріп, тәртіппен іс қылған уақытта болатынын ұмытпастай болды.   Енді қай жолмен іс қылу керек, жастар соны ойлансын. Бұл уақытта тәртіппен бастай білсе, оқыған жастар ойлаған мақсаттарын ұйымдар арқылы жүргізуіне болады. Осы күнде талапты жастары бар жердің көбінде ұйымдар ашылып жатыр. Бірақ ұйымдар істерін қай тәртіпте, қандай жолмен істеп жүр? Ол турасы мағлұм емес. Әзірге жиылып күш құрап, өндіре іс қылып кеткен һешбір ұйым көрінбейді. Ұйымдардың бұл көзге көрініп іс қыла алмағандығын бір жерге күш құрап, бір жолға пікір қоспағандығынан деп білу керек! Тәртіпсіз еңбек һәр уақытта істің бойын көркейтпейді. Қазақ жұртының бұл күндегі ең қымбатты мүшесі оқыған жастар. Өз дәрежесінде оқыған жас ұлт басына келген күннің ыстығына алдымен күйіп, суығына алдымен тоңамын деген иманды нық ұстауына керек. Бұл иман көкірегіне нық орнаған адам тәртіпке түсіп, күш біріктіру керектігіне шүбә етпес деп сенемін. Заман халін, оқыған адамның басын, білімін, күшін сарып етемін деген уақыты жетті. Енді мақсатқа асығу керек. Атаның сай-сайға бытырап, тоз-тоз болып күш, берекеден айырылған қатасын ұғып, жиренетін уақытқа келдік. Жас болып үлгілі жол салып, қазақтың досына да, қасына да санаулы күш болу жастардың ойланарлық ісі. Бір даңғыл жол салып, бір жалаудың астына кіріп алған соң, жақсылық іс келсе бір араның жасы болмай, бүкіл қазақ жасы болып, жұмылып, көмектесіп, жаманшылық, зиянды іс келсе бүкіл қазақ жасы болып қарсы тұрса, жас — адал басшының оң қолы арамның елеулі жауы, надан жұрттың тәрбиешісі болмай ма? Қазақтың бұл күнге шейін таба алмай сандалған қазақ қамын шын ұққан жас керексіз деп айтады деп білемін. Бұл болып өткен съездегі қаулы бар ұйымдарға уақытша салынған жол деп саналады; бірақ бұл қаулының жөн-терісін жалғастырып, қисығын түзеу жастардың жалпы съезінің ықтиярында. Қазіргі бұл съездің қымбатты ісі — жастардың пікірін біріктіруге жол салғандығы. Ендігі іс ұйымдардың талабы мен жігерінен күтіледі. Съезд 5 кісілік кіндік комитетін сайлап (......)[1]Бұл комитет Омбы қаласында тұрмақ. Комитетке сайланған адамдар: председатель Троицкідегі «Үміт» ұйымының өкілі Ғазиз Мурзин, жолдасы Г. Досымбекова, екі мүшесі Ғабдырахман Байдильдин, Мұратбек Сейітов, секретарь Смағұл Садуақасов. Хабарласушыларға адрес: г. Омск, Учебная, 86, «Жас азамат». Мұхтар Әуезов. Мұхтар Әуезов   [1](.....) − бұл жердегі сөз түпнұсқада өшіп қалған.  
05.12.2012 04:26 3664

Жастар ұйымдарына ашық хат

Омбыда болған жастар съезінің бірінші мәселесі — ұйымдасу. Бұл мәселе турасын айрықша ұйымдардың құлағына салуды съезд маған тапсырған соң, жазып отырмын. Ұйымдасу турасындағы съездің жасаған жобалары төмендегі:

1.  Қазақ-қырғыз жастарының бар ұйымдары біріксін.

2.  Бар ұйымдар ортасынан бір кіндік комитет сайлансын.

3.  Кіндік комитетке әрбір ұйым өзінің барлық қазынасынан 15 процент берсін.

4.  Бар ұйымдарда бір-ақ программа, бір-ақ ат болсын. Бұған съездің қойған аты — «Жас азамат».

5.  «Жас азамат» атынан газет шықсын.

6.  Мәтбуғат пайдасына кіндік комитетке ұйым басы 300 сомнан ақша берсін.

 

Саны мағлұм ұлт деп жанын отқа салып жүрген қазақтың қамқорын алсақ та, жұрт деп артына қарап игілік күтсе де, үлкен үміт қылып көз тіккені — оқыған жас. Қырдағы көкірегі қараңғы, ақылы мешеу надан елді алсақ та, күтетіні оқыған жас. Бұл іс — ұлттың ұлы болып, ұлттың қарызы оқығанның бәріне мәлім. Қазақ ерте ұйықтап, кеш оянған жұрт, қазіргі жүз құбылып толқып отырған саясат күйі қандай жұртты ұлы, қандай жұртты құлы қылады. О да ойланған адамға мағлұм. Қазіргі қазақтың қамын ұққан азамат қазақтың ел болуы берекемен күш біріктіріп, тәртіппен іс қылған уақытта болатынын ұмытпастай болды.

 

Енді қай жолмен іс қылу керек, жастар соны ойлансын.

Бұл уақытта тәртіппен бастай білсе, оқыған жастар ойлаған мақсаттарын ұйымдар арқылы жүргізуіне болады. Осы күнде талапты жастары бар жердің көбінде ұйымдар ашылып жатыр. Бірақ ұйымдар істерін қай тәртіпте, қандай жолмен істеп жүр? Ол турасы мағлұм емес.

Әзірге жиылып күш құрап, өндіре іс қылып кеткен һешбір ұйым көрінбейді. Ұйымдардың бұл көзге көрініп іс қыла алмағандығын бір жерге күш құрап, бір жолға пікір қоспағандығынан деп білу керек! Тәртіпсіз еңбек һәр уақытта істің бойын көркейтпейді. Қазақ жұртының бұл күндегі ең қымбатты мүшесі оқыған жастар. Өз дәрежесінде оқыған жас ұлт басына келген күннің ыстығына алдымен күйіп, суығына алдымен тоңамын деген иманды нық ұстауына керек. Бұл иман көкірегіне нық орнаған адам тәртіпке түсіп, күш біріктіру керектігіне шүбә етпес деп сенемін. Заман халін, оқыған адамның басын, білімін, күшін сарып етемін деген уақыты жетті. Енді мақсатқа асығу керек. Атаның сай-сайға бытырап, тоз-тоз болып күш, берекеден айырылған қатасын ұғып, жиренетін уақытқа келдік. Жас болып үлгілі жол салып, қазақтың досына да, қасына да санаулы күш болу жастардың ойланарлық ісі. Бір даңғыл жол салып, бір жалаудың астына кіріп алған соң, жақсылық іс келсе бір араның жасы болмай, бүкіл қазақ жасы болып, жұмылып, көмектесіп, жаманшылық, зиянды іс келсе бүкіл қазақ жасы болып қарсы тұрса, жас — адал басшының оң қолы арамның елеулі жауы, надан жұрттың тәрбиешісі болмай ма? Қазақтың бұл күнге шейін таба алмай сандалған қазақ қамын шын ұққан жас керексіз деп айтады деп білемін.

Бұл болып өткен съездегі қаулы бар ұйымдарға уақытша салынған жол деп саналады; бірақ бұл қаулының жөн-терісін жалғастырып, қисығын түзеу жастардың жалпы съезінің ықтиярында. Қазіргі бұл съездің қымбатты ісі — жастардың пікірін біріктіруге жол салғандығы. Ендігі іс ұйымдардың талабы мен жігерінен күтіледі.

Съезд 5 кісілік кіндік комитетін сайлап (......)[1]Бұл комитет Омбы қаласында тұрмақ. Комитетке сайланған адамдар: председатель Троицкідегі «Үміт» ұйымының өкілі Ғазиз Мурзин, жолдасы Г. Досымбекова, екі мүшесі Ғабдырахман Байдильдин, Мұратбек Сейітов, секретарь Смағұл Садуақасов.

Хабарласушыларға адрес: г. Омск, Учебная, 86, «Жас азамат».

Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Әуезов

 



[1](.....) − бұл жердегі сөз түпнұсқада өшіп қалған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға