Жаңалықтар

Күнгей Алатау

Күнгей Алатау Күнгей Алатау — Солтүстік Тянь-Шаньдағы жота. Қазақстан мен Қырғызстан аралығында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жатыр. Ені 30 – 35 км, абс. биіктігі 4760 м (Шоқтал шыңы, Қырғызстанда). Солтүстігіндегі Іле Алатауынан жотаны Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Оңтүстік Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеледі. Шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол Күнгей Алатауын екіге – батыс (ұзындығы 150 км шамасында) пен шығысқа (ұзындығы 130 км шамасында) бөледі. Қазақстанмен шектесіп жатқан шығыс бөлігінің сол-түстік. беткейлері (ең биік жері 4653 м) Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары жерімен өтеді. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м болатын Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Бастылары: Қуғантыр (3924 м), Бұрғансу (3775 м), Шоңөрікті (3705 м), Қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты (3281 м), Қорымды (3174 м), Тоқымбұлақ (3185 м). Жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді. Палеозойлық дәуір герцин қатпарлығымен аяқталды. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа дейін жалғасуда. Күнгей Алатауының климаты тым континентті. Биік тау сілемдері ауа райына тікелей әсер етеді. Таулардың жоғ. биік белдемдерінде жыл бойы дерлік темп-ра 0°С-тан төмен болады. Қаңтар айының орташа темп-расы таудың жоғары белдемінде – 40 – 45°С, төмен белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау бастарында 0 – 5°С-тан, төменгі етегі мен тау аңғарларында 15 – 20°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді. Жотадан (қазақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге Шілік өзені және оның оң салалары: Жаңғырық, Түлкісай, Қарасай, Қарақия, Үлкен Өрікті, Құтырған, Талды, Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, Қайыңды; Шарын өзенің сол салалары Шетмерке, Ортамерке, т.б. жатады. Өзендердің гидроэнергетика ресурстары мол. Кунгей Алатауында ірі мұздықтар (жалпы аум. 237 км²), тектоникалық және мореналық шағын көлдер бар. Жота сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі болып тұрады. Қазақстандық бөлігіне қарайтын сол-түстік жоғарын белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Шілік өзені аңғарының қара, таудың қызғылт қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. Күнгей Алатауының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы саналады. Биік таудың құз жартастарында арқар, таутеке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, елік, марал, сілеусін тіршілік етеді.
05.12.2012 04:24 8975

Күнгей Алатау

Күнгей Алатау — Солтүстік Тянь-Шаньдағы жота. Қазақстан мен Қырғызстан аралығында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жатыр. Ені 30 – 35 км, абс. биіктігі 4760 м (Шоқтал шыңы, Қырғызстанда). Солтүстігіндегі Іле Алатауынан жотаны Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Оңтүстік Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеледі. Шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол Күнгей Алатауын екіге – батыс (ұзындығы 150 км шамасында) пен шығысқа (ұзындығы 130 км шамасында) бөледі. Қазақстанмен шектесіп жатқан шығыс бөлігінің сол-түстік. беткейлері (ең биік жері 4653 м) Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары жерімен өтеді. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м болатын Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Бастылары: Қуғантыр (3924 м), Бұрғансу (3775 м), Шоңөрікті (3705 м), Қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты (3281 м), Қорымды (3174 м), Тоқымбұлақ (3185 м). Жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді. Палеозойлық дәуір герцин қатпарлығымен аяқталды. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа дейін жалғасуда. Күнгей Алатауының климаты тым континентті. Биік тау сілемдері ауа райына тікелей әсер етеді. Таулардың жоғ. биік белдемдерінде жыл бойы дерлік темп-ра 0°С-тан төмен болады. Қаңтар айының орташа темп-расы таудың жоғары белдемінде – 40 – 45°С, төмен белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау бастарында 0 – 5°С-тан, төменгі етегі мен тау аңғарларында 15 – 20°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді. Жотадан (қазақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге Шілік өзені және оның оң салалары: Жаңғырық, Түлкісай, Қарасай, Қарақия, Үлкен Өрікті, Құтырған, Талды, Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, Қайыңды; Шарын өзенің сол салалары Шетмерке, Ортамерке, т.б. жатады. Өзендердің гидроэнергетика ресурстары мол. Кунгей Алатауында ірі мұздықтар (жалпы аум. 237 км²), тектоникалық және мореналық шағын көлдер бар. Жота сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі болып тұрады. Қазақстандық бөлігіне қарайтын сол-түстік жоғарын белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Шілік өзені аңғарының қара, таудың қызғылт қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. Күнгей Алатауының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы саналады. Биік таудың құз жартастарында арқар, таутеке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, елік, марал, сілеусін тіршілік етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға